лингвистикалық құзыретті қалыптастыру – тақырыпқа қатысты
лексикалық бірлікті дамыту дағдысы; негізгі терминдер мен ұғымдардан
тұратын пәрменді сөздіктердің дамуы; грамматикалық дағдыларды
жетілдіру;
прагматикалық құзыретті қалыптастыру – кәсіби мазмұндағы
мәтіндер
негізіндегі
сұқпаттық
және
монологтік
айтылымдарды
қалыптастыру шеберлігі, жазылым дағдыларын жетілдіру, коммуникативтік
стратегияны өңдеу шеберлігі (белгілі бір сөйлесім жағдайына бейімделу);
когнитивтік құзыретті қалыптастыру – мәселелік тапсырмалар,
ойын тапсырмалары, мәтіндер бойынша: мәтінді біріздендіру дағдысы
(мазмұнның мәнін анықтау, сыни қабылдау, негізгі және қосымша
ақпараттарды айыра білу); мәтіннің мазмұнын ұғыну (сәйкестендіру,
түсіндіру, жинақтау) дағдысы; мәтіннің мазмұнын өзгерту (толықтыру, қайта
құру, қажетті мазмұнды таңдау);