Ортағасырлық Шығыс философиясы Ортағасырлық Шығыс араб-мұсылман философиясының қалыптасуына
әсер еткен факторлар, оның даму кезеңдері. Мұсылмандық діни ілімнің
қалыптасуы. Мутакаллимдер мен мутазилиттердің Құранды түсіндіруі. «Таза
ағайындардың» неоплатонизмі.
Классикалық суфизмнің философиялық қырлары. Өмір сүріп
отырғанның бәрі Құдай және Құдай бәрінде өмір сүреді. Мухиддин ибн
Араби: әмбебап адам концепциясы. Әл-Ғазалидің құдайы алғашқысебепті
рационалды түсінуді сынауы. Суфизмнің түркілік тармағы. Қожа Ахмет
Ясауи: әлемдегі және өзіндегі Құдайды «басынан кешіру» және жету
тәжірибесі.
Араб-мұсылман философиясындағы универсализм, энциклопедизм,
пантеизм және перипатетизм. Әл-Кинди: ақыл-ой – дүниені танып-білудің
жалғыз бастауы және өлшемі. «Екінші Ұстаз» Әл-Фараби білімінің
энциклопедизмі. Әл-Фарабидің онтологиясы, гносеологиясы, логикасы,
натурфилософиясы, этикасы, өнер философиясы. Әл-Фарабидің қайырымды
қала ілімі және қазіргі заман. Ибн Синаның ғылымдар классификациясы. Ибн
Рушд: философияны ортодоксалды мұсылмандықтан қорғау. Жүсіп
Баласағұнның адам мен қоғам туралы гуманистік философиясы. Махмұд
Қашғаридің
түркі
энциклопедиясы.
Ортағасырлық
араб-мұсылман
философиясының Европаның ғылыми ойынаайқындаушы әсері.