5В020300 «Тарих» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет68/536
Дата02.05.2022
өлшемі2,18 Mb.
#141676
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   536
Байланысты:
бакалавриат История

 
 
Ежелгі Месопотамия (Қосөзен) 
Географиялық орналасуы, халқы. Қосөзенде мемлекеттің қалыптасуы. 
Месопотамияның б.з.д. ІІІ мыңжылдықтағы тарихи дамуының негізгі үдерістері. 
Елдің географиялық орналасуы. Тигр және Евфрат ұлы өзендері. Қосөзенде 
ирригациялық егіншіліктің дамуына ықпал еткен жағдайлар. Месопотамияны 
адамдардың қоныстану үдерісі. Қолдан суғару жүйесінің пайда болуы және 
неолит дәуірінде егіншіліктің дамуы. Б.з.д. V-IV мыңжылдықтардағы маңызды 
археологиялық мәдениеттер, олардың сипаттамасы. Қоғамның жіктелуі.
Шумер – б.з.д. ІІІ мыңжылдықтың І-жартысындағы елдің экономикалық
саяси, және мәдени өмірінің орталығы. Шумер қала-мемлекеттерінің 
ертеәулеттік дәуірдегі саяси тарихы. Лагаш, оның көтерілуі мен құлауының 
тарихы. Уруинимгина реформалары.
Аккад билігіндегі Месопотамия. Кутилердің талқандалуы және орталығы 
Ур болған Шумер–Аккад патшалығының құрылуы. ІІІ Ур әулеті тұсындағы 
деспотия, бюрократия және әскер. Аморейлер мен эламдықтардың 
шапқыншылығы және Шумер-Аккад патшалығының құлауы. Б.з.д. ІІ 
мыңжылдықтағы Месопотамия. Вавилонның күшеюі. Касситтік әулет 
тұсындағы Вавилон. Ортаассирия дәуіріндегі Ассирияның күшеюі. Арамей 
тайпаларының басып кіруі және Ассирия мемлекетінің құлдырауы. Ассириялық 
және Жаңававилондық державалар. Вавилонға Ассирия билігінің орнауы. 
Жаңававилон державасының құрылуы. Оның ІІ Новуходоносор тұсында күшеюі. 
Вавилония Парсы саяси жүйесінің аясында. Ежелгі Месопотамия халықтарының 
мәдениеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   536




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет