27
-
қазіргі тарих ғылымындағы және гуманитарлық ғылымдардағы жаңа
көзқарастар мен тың ой-тұжырымдарды басшылыққа алу;
-
тарихи деректер мен пікірлердің обьективтілігі мен субьективтілігін
айқындау.
Студенттерге ұсынылып отырған Қазақстанның ежелгі және
ортағасырлар тарихы пәнінің өзектілігі мен маңызы мынада: тарихшы
мамандар мемлекет құрушы қазақ халқының этногенезін тарихи
сабақтастықта жүйелі түрде баяндайтын зертеулермен тәуелсіздік тұсында
ғана жүйелі түрде айналысуға мүмкіндіктер алды. Кеңестік кезеңде таптық-
формациялық методология тұрғысынан жазылған ғылыми еңбектерде ежелгі
дәуірдегі этникалық құрылымдардың (мысалы, ғұндардың, сарматтардың,
сақтардың, үйсіндердің және қаңлылардың) бүгінгі қазақ халқын
қалыптастырудағы алғышарттық тарихи орны мен рөлі нақты айқындалмады.
Осы себептен өткен ғасырлардағы үдерістерден тарихи сабақтастықты
іздестіру қолға алынбады.
Ежелгі жане ортағасырлық тарихымызда Қазақстан жерінде байырғы
дәуірлерде мекендеген халықтардың қазіргі қазақ халқын қалыптастырудағы
орны мен маңызы жүйелі түрде баяндалуы керек. Тарихымызда әртүрлі
тайпалық одақтар шын мәнінде қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың
тарихи бастаулары болып табылатыны айтылуы керек. Осындай тарихи
сабақтастық ескерілмегендіктен де кейбір шетелдік зерттеулер қазақ
халқының тарих сахнасына шығуын қазақ этнонимі пайда болған ХҮ
ғасырдың ортасынан бері қарай ғана қарастырады. Сондықтанда ендігі жерде
Ежелгі Қазақстан тарихы пәнін оқып-үйренуде осы кемшілікті жоюға
көмектесетін жаңа зерттеулер мен соны ой-пікір, тұжырымдар басшылыққа
алынып, қазақ халқының ежелгі этникалық тарихы кейінгі тарихи кезеңдермен
байланыстырыла баяндалуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: