«5В050200» – «Филология: қазақ тілі» мамандығы үшін



бет64/68
Дата07.02.2022
өлшемі241,76 Kb.
#84748
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
a6dcdf8c-8ca4-11e3-bf6e-f6d299da70eeэтно ГА
Схема 29.12
Он екі арыс арғын (арғын). Арғынның кіші әйелінің аты – Момынбике екен. Момын анамыздан Ақсопы, Қарасопы, Сарысопы, Тәнсопы, Нәдерсопы деген бес ұл туады. Ақсопыдан: Қанжығалы, Тобықты; Қарасопыдан: Бәсентиін, Қарауыл; Сарысопыдан: Атығай; Тәнсопыдан: Сарыжетім, Шақшақ тарайды. Сөйтіп, Арғынның бес мейрам, жеті момын – он екі арыс арғын аталуы осындай жайттардан келіп туған.
Мен шормын, шормын, құдайдан да зормын (арғын – қамбар). Қамбар руы Шор елінен Сәтбек деген батыр шығып, Тобықтының жылқысына дүркін-дүркін тиіп, әбден мазасын алады. Олар жылқыға тигенде «Мен шормын, шормын, құдайдан да зормын» деп ұрандап шабады екен. Шордың әлегі лаңға айналып, бұдан қалай құтылуды ойлаған Кеңгірбай айласын асырып, түнде қаперсіз жатқан ұрылардың атын айдатып тастап, өздерін қолға түсіреді. Тек атын жібермей қасында ұстаған Сәтбек қана құтылады. Осы Шорды қуған қоңыр адыр «Шор қашқан» аталады. Қолға түскен көп жаяу ұрыны түгелдей шешіндіріп, табандарын тілдіріп, Көксеңгірдегі «Ащы қақ» дейтін көлден өткізеді. Ұрылар жаяу жалдап өткен көл суына аяқтан аққан қан араласып қып-қызыл болады. Бұл көл бұдан былай «Қанды қақ» деп аталады. Ауыс: әр асқанға бір тосқан деген мағынада.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет