BUA 2207 –БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ Көлемі 2 кредит Автор: Оралбаева Ж.З. – экономика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Есеп және аудит» кафедрасының
доценті м.а.
Пікір жазғандар: Байдильдина А.М. – экономика ғылымдарының докторы, әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Есеп және аудит» кафедрасының
профессоры
Нуркашева Н.С.– экономика ғылымдарының кандидаты, НАРХОЗ
университетінің «Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау» кафедрасының
доценті м.а.
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ «Бухгалтерлік есеп және аудит» пәні –5В051100 - «Маркетинг»
мамандығы бойынша бакалавр дайындау бағдарламасының міндетті
компоненті.
«Бухгалтерлік есеп және аудит» пәні бойынша типтік бағдарлама
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес келеді және
жоғары оқу орындарында 5В051100 - «Маркетинг» мамандығы бойынша
оқитын студенттерге арналған.
Бухгалтерлік есеп пен аудиттің өзекті сұрақтарын түсіну мен зерттеу
бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда ерекше орын алады.