Дәстүр (лат. tradition – беру)
– ұзақ уақыт бойы белгілі бір қоғамдар мен әлеуметтік топтарда сақталып,
ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік және мәдени мұралардың элементтері.
Декабристер
– 1825 жылы Петербургтағы Сенат алаңында болған көтеріліске қатысушылар.
Декларация (лат. жариялау)
– мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының бағыты, партиялармен халықаралық
ұйымдардың бағдарламалық ережелері жөніндегі ресми мәлімдеме.
Декрет (лат. қаулы)
– мемлекеттік жоғарғы органдардың заңдық күші бар құжаты (мысалы, Бітім туралы
декрет, Жер туралы декрет – 1917 жылы 27 қазанға (9 қарашаға) қараған түні Кеңестердің ІІ съезінде
қабылданды).
Демобилизация'>Делегация
– мемлекеттің өкілетті-құқықты өкілдігі.
Демобилизация
– әскери қызметкерлерді міндетті қызметтен босату не отставкаға, резервке шығару.
Демобилизация
– соғыс үшін, сонымен бірге халық шаруашылығының барлық саласын бейбіт қалпына көшіру.
Демография
– халықтың құрамын, санын және өсуін зерттейтін статистика саласы.
Достарыңызбен бөлісу: |