Керсен
– үлкен шұңғыл табақ.
Кесене –
діни құрылыс, белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған.
Кескіш
– кейінгі палеолитте сүйек, мүйіз және ағашты ойып өңдеу үшін шақпақтастан жасалған үшкір құрал.
Кетпен
– неолитте пайда болып, жер өңдеуге қолданылған алғашқы егіншілік құралы. Кетпен – сап және оның
ұшына бекітілген өткір жүзді шапқы тәрізді бөліктен тұрады.
Кешіктен
– ханның жеке басын қорғайтын жасауыл.
Кластер
– бір салада жұмыс істейтін, олардың үйлесуіне жол салатын, бір-бірімен байланысты және жақын
орналасқан кәсіпорындар.
Клерикализм
– католик шіркеуінің саяси және мәдени әсерін бекітуге тырысатын идеологиялық және саяси
ағым.
Достарыңызбен бөлісу: |