6B08674- су ресурстары және суды пайдалану білім беру бағдарламасы бойынша


дәріс ЕКІ ҚОСЫНДЫ СҰЙЫҚТАР ҚОЗҒАЛЫСЫ



бет22/47
Дата15.03.2023
өлшемі6,17 Mb.
#172494
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47
Байланысты:
gidrodinamika umk vrv 21-1

14 дәріс ЕКІ ҚОСЫНДЫ СҰЙЫҚТАР ҚОЗҒАЛЫСЫ


14.1. Екі қосынды сұйықтар қозғалысы туралы түсінік

Екі қосынды сұйық ағын деп сұйықпен қатты түйіршік денелерден немесе басқа сұйық тамшылардан, әйтпесе газды, ауалы, булы көпіршіктерден тұратын ағынды айтады.


Екі қосынды сұйықтарды кейде екіфазалы сұйықтар деп шатастырады1).
Гидротехникалық практикада екі қосынды сұйық ағындарды жиі кездестіруге болады. Мысалы, ағындағы (каналдағы, өзендегі) су мен жүзінді тасындылар, құм, мұз, кристалды, тезағарлардағы аэрацияланған ағындар (су мен ауа), құмұстағыш құрылымдар мен аппараттардағы ағындар (су мен құм), гидромеханизация әдістерімен тасындыны айдау процесстері (су мен қатты зат) т.б.
Жалпы сұйықтар бірнеше топқа бөлінеді (14.1-кесте)


Сұйық топтарын жанама жүктену арқылы тармақтау
14.1-кесте

Сұйық топтары

Сұйық аттары

Жанама жүктену өрнегі

Жанама жүктену графигі

Модель авторы

1

2

3

4

5

Ньютондық:

Су, бензин, керосин, глицерин, т.б.









Ньютон


Ньютондық емес:



а) суспензиялар (сазды, майда, құмды) ерітінділер;





Ревальдо
де Виля






б) мұнай, қойыртпалар, құрылыс растворлары, сырлар, тіс пастасы;





Бингам




в) сұйық полимерлер, каучук ерітіндісі, цементті растворлар, сұйық битум.





Шведев
(Балкли-Гершель)

________________________________
1)Екі фазалы сұйық деп материалдың (заттың) агрегатты екі күйде бола алатынын айтады. Мысалы, су және мұз; су және бу; сұйық және қатты күйде бола алатын заттар.
1. Ньютондық сұйықтар тобы.Жоғарыда келтірілгендей, сұйық қозғалысының ламинарлық режімінде, жанама жүктену жылдамдық градиентінің бірінші дәрежесіне тәуелді, ал тұрбуленттік режім үшін (Ньютонның жалпыланған заңы). Сұйық тұтқырлығы көбейген сайын α бұрышы азаяды (13.1-кестедегі 1-ші сурет).
2. Ньютондық сұйықтардың ағу қасиетін сақтамайтын сұйықтар тобын аномальдық сұйықтар деп атайды. Бұл сұйықтардың тыныштық күйіндегі жанама жүктену . Ал Ньютондық сұйықтар үшін .
Бингам - Шведов сұйықтарының тұтқырлығын сипаттайтын – құрылымдық тұтқырлық (η) – айнымалы шама, ол қоспалар қозғалысының жылдамдығына байланысты өзгереді. Ал Ньютондық нақты сұйық үшін μ=const, ол тек температураға байланысты өзгереді.
Аномальдық сұйықтар қасиеттері реология деген ғылым саласында жан-жақты қарастырылады, гидравлика ондай сұйықтардың қозғалысын қамтымайды.
Төменде біз тек қана құм түйіршіктері бар ағын суды қарастырамыз.
Су мен жерасты түйіршіктерінің механикалық қосындысын гидроқосынды (суқосынды) деп атайды, ал осындай қосынды ағынды жүзінді тасымалдайтын ағын дейді.
Егер қосындыда жерасты түйіршіктерінің үлесі көп, қоюлау болса, оны қоймалжың деп те атайды.
Жүзінді тасындылар туралы талдау жасалғанда ағын арналарын екіге бөледі: шайылатын және шайылмайтын (бетонмен қапталған) арналар деп. Шайылатын арналардың кей жерлері жылдамдық көбейгенде қазылып, ағынды жерасты түйіршіктерімен қанықтырады, ал шайылмайтын арналарда жүзінді тасындылар ағын түбіне отырып қалыңдайды.
Арна құрайтын жерастытар негізінен екіге бөлінеді:
а) байланысқан жерастытар, яғни жерасты түйіршіктерінің жабысқақтық қасиеті бар (мысалы саз балшық);
б) байланыспаған (сусымалы) жерастытар немесе жерасты бөлшектерінің жабысқақтық қасиеті жоқ (мысалы құм, шағал, т.б.)
Төменде тек байланыспаған (құмды) жерастытарды қарастырамыз. Құмды жерасты әртүрлі диаметрлі түйіршіктерден тұрады, оның құрамын гранулометрлік қисық (35-сурет) бойынша сипаттайды. Зертханада пайдаланатын құмның әуелі құрамын біліп алған жөн.

35-сурет

Құмның суда қозғалысын зерттеуді оның гидравликалық ірілігінен бастайды. Гидравликалық ірілік (u) дегеніміз ауыр, қатты түйіршіктің үлкен көлемді судағы бірқалыпты шөгу жылдамдығы.
Бұл жылдамдықты табу үшін бірқалыпты қозғалыстағы түйіршіктің ауырлық күші (G) мен оның қарсы алдынан әсер етуші кедергі күшінің (F) тең болған жағдайын қарастырады (G= F)
.
Одан
(13.1)
u – түйіршіктің судағы салыстырмалы жылдамдығы;
сх– кедергі күшінің коэффициенті.

Егер Рейнольдс саны болса, онда


(13.2)
Бұл жағдай үшін кедергі күші Стокс заңы бойынша табылады
(13.3)
Қатты түйіршікті тасындының формасы өлшемсіз коэффициентпен1) сипатталады.
(13.4)
d – көлемі W шардың диаметрі,
a, b, c – түйіршіктің орташа ұзындығы, ені және биіктігі.
Шар үшін ; жазық түйіршіктер үшін ; шар емес түйіршіктің келтірілген диаметрі 2)
(13.5)
Көбінесе тасындылар түйіршіктердің орташа диаметрімен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет