6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті (шифр) (мамандықтың атауы) Алматы, 2020



бет23/44
Дата21.02.2023
өлшемі331,2 Kb.
#169692
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44
Байланысты:
УМКД Мәдениеттану

ВЕРБАЛЬДІ БЕЛГІЛЕР ЖҮЙЕСІ – табиғи тілдер. Адам туа біткен және генетикалық жолмен берілетін тілдік қабілетке ие. Бірақ тіл қабілеттерін іске асыру және дамыту адамдарда тек қарым-қатынас жағдайында болады.
Жазудың белгі жүйелері. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – жазу, табиғи тілдің белгілерін жазу жүйесі, ауызша сөйлеу. Белгі жүйелерінің бұл түріне музыкалық нота кіреді.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



  1. Мәдениет таңалар мен белгілер әлемі ретінде

  2. Мәдениет семиотикасы, шығу тарихы

  3. Мәдениеттегі белгі жүйесінің типологиясы

  4. Таңба түсінігі әне оның мәдениеттегі рөлі




№ 5
дәріс

Мәдениет анатомиясы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. «Шығыс – Батыс» мәдениеті өркениеттілік дихотомиясының үлгісі ретінде.
2. Мәдениеттер типологиясы және мәдениеттің тарихи өлшемдері.

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақыңдығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін үғым – өркениет. Өркениет (цивилизация) семантика-лық жағынан алғанда азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл үғымды «варварлықтар» деп өздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, «өркениет» олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.
Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұгымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:
•1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гердер, Э.Б. Тайлор).
•2. Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның көрілік шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер).
•3. Өркениет – мәдениетгің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл).
•4. Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л. Морган).
•5. Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н.Я. Данилевский және т.б.).
•6. Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның ма-териалдық жағы.
Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екен. Мәдениеттанушы Г. Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, қол-өнер мен сауданың өркеңдеуі, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.
Мәдениетті түлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіңдегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасыңда ең түбегейлісі – мәдени әрекет. Әрекеттену – жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді.
Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретіңде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы баскалары.
Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен құрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады.
Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дөстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. «Салт-дәстүр, – дейді белгілі философ Гердер, – тіл мен мәдениет бастауларының анасың (Гердер И.Г. Идеи к философии истории человечества. – М., 1977. – С. 252). Медениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет озегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді: «Олар – терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған тұжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі». (Қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1993, 36-бет).
Ғасырлар бойы күңделікті іс-тәжірибе негізіңде сұрыпталған жазу-сызу мен азаматтық қоғам әлі жоқ кезде қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғүрыптар мәдени мирасқорлықтың жалғыз мүмкіндігі болды. Ескі ырымдар мен әдет-ғұрыптардан надандык, анайылықты емес, қазіргі ұлттық мәдениеттердің архетипін аңғарған жөн.
Кез келген ұлттық мәдениеттің негізі мен ділін, ондағы адамгершілік қасиеттер мен дүниетанымды ұғыну үшін мәдениеттің тағы бір түп-тамыры дінге жүгіну қажет. Тоталитарлық жүйе ұлттық мәдениеттерді қүрту мақсатында, дінді «апиын» деген марксизм қағидасын басшылыққа алып, ешқандай қасиетті тірліктері жоқ, шолақ белсенді мәңгүрттерді тәрбие-леуге тырысты.
Ал шындығыңда діни Ренессанс («ренессанс» – француз сөзі – қайта жаңғыру) мәдени дамуда орасан зор роль атқарды. Дінге дейінгі дүниетаным ретіндегі мифте табиғат касиетті күштерге баланса, үлттық немесе дүниежүзілік діндерде адам мен қоғам-ның құдіреттілігіне басты назар аударылады. Осының нәтижесінде өркениет қалыптасады. Жалпы алғаңда, дінтанусыз мәдениеттану жоқ.
Мәдениеттің өзекті бөлігі – өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туыңдыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шынында да, өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі – оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы.
Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет – адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, оқыл-ой, ізгілік пен өдемілік заттаңдырылып, игіліктер дүниесі қүралған. Сонымен бірге мөдениет адамды түлға деңгейіне көтеретін негізгі қүрал.
Әл-Фараби айтқандай, адам – «хайуани мадани», яғни, мәдениетті жан.
Адам – табиғат туыңдысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігіне күмән. И. Гердердің тілімен айтқаңда, адам – табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі.
Ғасырлар – адамның мәдени дамуының куәсі. Бірақ алға қарай жылжу Жер-Анаға әр уақытта жайлы бола бермеді. Адам қоршаған ортаны өзіне ыңғайлы тұраққа айналдыруға тырысты, алайда осы белсенділік көп жағдайда табиғатты күйзелтіп, құлдыратып жіберді.
Мәдениет пен табиғатты қарама-қарсы қоюдын бір түрі адамның табиғи антимәдениеттілігі жөніндегі ілімдер еді (Ницше). Контрмәдениет атты XX ғасыр туындысы бұқаралық мәдениеттегі руханилықтың затқа, тауарға айналуына қоғамдық. қозғалыс сипатыңда болды. Мәдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын ілім – мәдени антропология. Оның негізін салушылардың бірі – Э. Уилсон.
Адам және мәдениет мәселесін тереңдете түсетін тағы бір жайт адамның қабілеттілігіне, жан-жақтылығына, шексіздігін байланысты. Американ ғалымы К. Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық (психологиялық) және идеалдыққа жатады. Сонда мәдениет осылардың қайсысымен көбірек анықталады деген занды сұрақ туады. Егер біз мәдениетті тек материалдық және рухани бөліктерге бөлудің қарадүрсін шеңберінен шыға алсақ, онда мәдениеттің өзінің ішкі мағына-сында идеалды екендігіне көзіміз жетеді. Себебі, адамды қор-шаған заттар, дүние – бүл мәдениеттің сыртқы көрінісі ғана, оның мәні – руханилықты адам әрекетінің нәтижесінде зат-тандыруда жатыр. Мәдениеттің ішкі мәні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіңдік санасында, парасаттылық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады.
Ж. П. Сартрлық көсемсөзді қайталасақ, адам өлемге еркін жіберілген, ол еріктілік жазасына кесілген. Осы сипатта мәдениеттің қүпиясы – адамдағы «Меңдік». Одан сыртқа ерекше бір нұр – азаттық, жауапкершілік, адамгершілік сәулесі нұр шашып түр. Мәдениетте адам ғажап биік деңгейге көтеріледі. Мәдениет дегеніміз менің өмірім, менен бөлінген, мен өлгеннен кейін де тірі болатын менің шығармашылығым.
К. Ясперс ертедегі ұлы мәдениеттердің пайда болуын адамның өзінің әлсіздігін сезініп, осы жағдайдан құтылу үшін рухани күреске шығуы арқылы түсіндіреді. Адамзаттың рухани бірлігі идеясын К. Ясперс мәдениеттер типологиясын талдауға негіз етіп алған. Оны нақтылы көрсету мақсатымен төмендегідей кестені «Тарихтың түп-тамырлары және оның мақсатың шығармасында ұсынады.
Шығыс Ренессансының талай елдерді камтыған және 500 жылдан артық өркендеген типі мұсылмандық мәдени өрлеу дәуірі екендігі белгілі. Оның әл-Киңди, әл-Фараби, ибн-Сина, Фирдауси, Ж. Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, Омар Хайям сияқты өкілдерінің рухани мұрасын меңгермей, қазір мәдениетті адам деп есептелу қиын. Бұл жерде осы ұлы құбылыстың мүсылмандықпен қатысы қанша деген сұрақ заңды туады. Оның негізі Арабтар Орта Азия жерін 712 жылдан бастап жаулап алды. Осының нәтижесінде бүкіл афро-еуразиялық даланы біріктірген ортақ мәдениет қалыптасуына мүмкіндік туды. Бұл жағынан алғанда ислам діні осы елдердегі мәдениеттерді араластырып қорытып жаңа үлгі шығаруға себепкер болды. Арабтар жаулап алған көптеген елдерде (әсіресе, Иран, Үндістан, Египет, Сирия) бұрынғы эллинистік өркениеттің рухы жоғалмап еді.
Бұрыннан Орта Азиямен тығыз байланысты Қазақстан жеріне де ислам өз әсерін тигізді. Еліміздегі көптеген түрік тайпаларының мемлекеттік бірлестіктері ислам дінін бірден қабылдамаған. Қарахандар мемлекетінде мұсылман дінін алғашқы қабылдаған қаған Сатук, ал оның баласы Мұса 955 жылы исламды Қарахандар мемлекетінің ресми діні деп жариялады. X ғасырда оғыздар мен кыпшақтардың да бірталай болігі мұсылмандыққа өтті. Жалпы алғанда, исламды қабылдау Қазақстан жеріндегі тайпалардың сол кездегі озық мәдениеттерге қосылуына мүмкіндік берді.
Осы кезден басталған мәдени өркендеуге мұсылманның рухани өміріндегі екі бағыттың бір-бірімен тайталасы Қазақстан жерінде де өзінің терең әсерін қалдырды. Бірінші бағыт Платон, Аристотель сияқты грек философтарына сүйенген Шығыс перипатетикасымен байланысты. Оның негізін салушы – дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші үстазы, ежелгі Отырар қаласында туған Әбунасыр Мұхаммед ибн Мүхаммед ибн Тархан ибн әл-Фараби ат-Түрки. Әл-Фарабидің рухани мұрасы қазақстандық және басқа ғалымдар тарапынан ойдағыдай зерттелген. Ал әл-Фарабидің өзі зерттеу жүргізбеген ғылым мен мәдениет саласы жоқ, Б. Ғафуровтың есебі бойынша, ол 200-ден астам трактат жазған. Әл-Фараби өзінің трактаттарын сол замаңдағы рухани-ғылыми кұрал саналған араб тілінде жазғанымен, өз отанының ғасырлар бойы қалыптасқан мөдениетінен әрқашан нәр алып отырған. Әл-Фарабидің ұлылығы оның өз отанының мәдени көңіл-қалпына ирандық, үнділік жөне антикалық мәдениеттерді үштастыра білуі.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



  1. Мәдениет және өркениет

  2. Шығыс Ренессансы

  3. Мәдени орта ұғымы




2

№6
дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет