Жаһандану контекстіндегі әлемдік және қазақ мәдениеті
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Әлемдік өркениеттік үрдістер аясындағы қазақ мәдениеті
Егеменді Қазақстанның мәдени саясаты.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Ұлттық өзіндік бірегейлену жағдайларында жеткілікті өткір формалар қабылдайтын, дәстүр мен жаңашылдықтың арасындағы дағдарыстың нақтылығы мен мәжбүрсіздігін еске алмауға болмайды. Ұлттық мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюы жағдайында ұлттық мәдениет ұлттық мемлекеттіліктің, ұлттық азшылықтардың құндылықтары мен нормаларын, сонымен бірге этноәлеуметтік және жалпыадамдық мәдени бағдарларды өзінде жинақтайды. Бірақ, білімнің, коммуникацияның жаңа формаларының, озық технологиялық тәжірибенің басымдылығы, ұлттық мәдениет шектерінде жеңіл сіңірілетін, жалпыиндивидуалдық заңдылық өлшемдерін қабылдағаны анық. Модернизациялық үдерістердегі гумандану жағына қарай бұрылыс, мәдени әрекеттегі тұлғалық басымдылықпен себептелген, жаңа сапалар үшін негіздерді (мәдени, өркениеттік) ашады.
Қазіргі әлемде рухани өмірдің стереотиптенуінің жаһандық үдерістері жүзеге асуда, сондықтан этнос мәдениеті әлемдік мәдениет кеңмәтінінен тыс өмір сүре алмайды. Ұлттық мәдениеттің қайталанбайтындығы оның адамзаттың өркениеттін қозғалысынан бөлектенуін ұйғармайды. Техногендік әрекеттердегі жаһандандыру үдерістерін нысанаға алған, бүгін құрастырылып жатқан адамзат бірлігінің мұраты ретіндегі жаһандану бағдарлары оған қайшылықты қатынас туғызады. Жаһанданудың ықпалы дүниежүзілік қауымдастықтың дамуына, жеке мемлекеттердің дамуына да, этникалық көптүрліліктің сақталу болашағына да, тұтас мәдениеттің жай-күйіне де тиеді. Түбінде барлық өзгерістер, жаһанданумен ілесіп жүретін, әлеуметтік-мәдени трансформацияларға ең сезімтал болып келетін, әрбір адамның өміріне көшіріледі.
Алайда бұл мәселе бойынша зерттеулерде жаһанданушы әлем жағдайында күрделі эволюцияланушы жүйе ретіндегі мәдениеттің күйі мен жаһанданудаң антропологиялық мәселелері ғылыми талдауда алғашқы қатарда тұрған жоқ. Мәселенің экологиялық және геосаяси жақтары, әлемдік экономиканың интернационалдануы жеткілікті анық көрсетілген, мәдениет саласындағы үдерістердің шиеленісуі жеке жаңғырықтық көріністер сапасында қарастырылады.
Адамзаттың бүгін екі үлкен қосынға бөлінгені әбден анық. Бірақ бұл бәрінен бұрын көркем метафора, өйткені бұл бөлініс кеңістіктік-территориялық немесе идеялық-саяси ұстындар бойынша жүргізілген жоқ. Адамзат өркениеті тарихында алғашқы рет адамдарды құндылық және тіршілік мәні бағдарлары айқын ажыратып тұр. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы табиғи катаклизмдер туралы күнделікті хабарларға мән бермейтін, демографиялық қопарылыстар жөніндегі қайталанушы ескертулерге үйреніп кеткен, өз өміріне риза, әлеуметтік жанжалдар мен соғыстарды, эпидемияларды, аштық пен лаңкестікті елемейтін, жер шары тұрғындары бір бөлігінің дүниеқабылдау ерекшілігі, мүмкін, жердегі бүкіл тіршіліктің жойылып кету қауіпінің жоқ екендігіне әбден сенуден тұратын шығар.
Бұл үмітсіз жеңіл ойлы оптимистердің әрбірінің әлдебір тектік жадысында бекітілген және соған сай құндылықтар жүйесінде мәдениетпен қуатталған ақпарат, оларды адамзаттың игілікті болашағы туралы иландырады.
Алайда ядролық энергия ғасырындағы әлемге деген осындай жайбарақат қарым-қатынас планеталық қауымдастық үшін жойылу қауіпін туғызады. Адамдардың біршама бөлігі оны ұстанатын, өтіп жатқан үдерістерге деген көзқарастың, бұрын болмаған биіктік пен күрделікке жеткен адамзат өз дамуында түпсіз құз-шыңыраудың жағасында тұр деп түсінуі, таңқаларлық емес. «Біз ойластыра алатынымыздан, біздің жауаптылығымыз анағұрлым артық, – дейді Ж.П. Сартр, – себебі ол бүкіл адамзатқа таратылады».
Жаһандану замандық әлеуметтік, мәдени дамуға күшті толқу береді және адамзат сол мәселелермен танысқаны кеше емес. Еске түсіретін бір нәрсе, бұл мәдени және әлеуметтік үндестердің интеграциялық бастамасын дамыту сияқты жаһанданулық тенденция, ХХ ғасырдың соңғы төртінші ширегінде екпінмен ашылғанымен бірақ та адамзат олармен кемі екі жүз жыл бұрын істес болған. Сол немесе басқа формада адамзат байланысты қалыптастыруға және өзара байланыс үрдісін жалғастыруға ұмтылды. Жаһандану өзінің қалыптасу үрдісінде мәдени әлеуметтік мықты дамуға айтарлықтай тұрақсыз сілкініс берді. Жаһанданудың уақыттық және кеңейіп ашылып “жетілуі” мәдени әлеуметтік үрдіс ретінде бізге оны тек өткен және алдағы жағдайды салыстыру жолы арқылы ғана бағалауға мүмкіндік беріп қоймайды, сонымен қатар жаһанданудың жалпы даму үрдісінің қыр-сырын толыққанды зерттеуге мүмкіндік береді. Ойлаудың сабақтас принциптері біздің алдымызға баламалы негізді шешуші жағдайдағы жолмен шешпей, шын жағдайдың жолын салыстыруға мүмкіндік береді. Қаншалықты синергетика дамудың қайталанбас терең мәнін түсінуге, оның тарихи ретроспективтік және перспективтік шарттарын көрсеткенімен, ол көп нұсқалық пен алтернативтілікке алып келеді.
Күш арқылы мәдени әлеуметтік үндестіру бағыты өзгеруінің ықпалымен мәдени дамуыдың кездейсоқ сипаттамасы жүйе ретінде өршіте түседі. Олар ауыспалылық флуктуацияның өзіне тән жолымен стимулятор ретінде болған кездегі жағдайда пайда болды, яғни әртүрлі ұқсастықты күшейтеді, сезімталдықтың бастамасын өзгертеді жүйелердің эволюциясының толық дискретті көмегін тудыртады. Тұрақсыздыққа байланысты, флуктуация күшейе түседі. Бұрыңғы жүйенің құрылымын ол қозғалысқа келтіретін және оны өтпелі кезеңнен шығаратын болады. Дәл сол уақытта мәдениеттің алдында басқа аумаққа өту үшін жолды таңдаудың ауқымды бейнесі ашылады. Аңғаратын бір нәрсе дамудың жобасында бір-бірінен мүдделі өзгеше болуы мүмкін және жаһандану үстінде көрсетілген немесе басқа мәдениеттің мақсатының мүмкіншілігі, тек қана кеңейіп коймай, сонымен қатар тарылуы да ықтимал.
Көрсетілген амал бойынша, тұрақсыз жүйенің фундаменталды әрекетінің принципі эволюция және инвалюция кезеңінің оқтын-оқтын ауысуына негізделген, оны өрістету және бәсеңдету, бәсеңділіктің тоқырауына алып келетіндігін көрсетеді, үдемелі үрдістің орнына басылу, әлсіреу, интеграцияның және тоқыраудың, дезинтеграцияның, сонымен бірге бөлшектік құлдыраудың орталыққа үйлесу кезеңі дәл келуі мүмкін. Сондықтан жаһандану үрдісінің интеграциялық доминанты – ақпараттық-коммуникативті технологиясынның үдемелі дамуы ел арасы және өркениеттілік өзара әрекеттестіктің кеңеюі, экономикалық қаржы аумағын халықаралықтандыру – диференциация және диверсификация тенденциясының пайда болуын ығыстырып қана қоймай, сонымен қатар оларды шиеленістіре түседі. Сәйкесінше әлемдегі мәдениеттің өзара әрекеттестік үрдістері, оларда дәл айтылмайтын адамдармен мүлдем анықтала алмайтын, зерттеудегі әртүрлі аттракторлармен өткізіледі.
Жаһандану жағдайында ұлттық дәстүрлерді стандартизациялаудан және ұқсастықа апаратын жолдан шығу, этникалық мәдени жабықтықты, олардың туыстық белгісі ретінде сақтау мүмкіндігі аз, қанша дегенімен, әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму деңгейінің жақындас болғанымен мәдени тәжірибенің ортақтығына байланысты типологиялық біртектіліктен шығуға қол сілтейді. Әрбір мәдениет қайталанбас және ерекшелігі әркелкі бейнені береді, сондықтан ұқсас мәдениет және қоғам болмайды. Дегенмен, эмпирикалық әр түрлі жолдар арқылы көрсетілген, тығыз стилдік қосылған жаһанданумен оңайлықпен олар үйлесе қоймайды.
Өзіндік ерекшелікті сақтау мәдениеттің әмбебап қасиетті дәстүрін концервациялауды, мәдени формальды қарапайымдауды, қысқартуды білдірмейді, сонымен бірге айналасында инновация өрістейтін, әрқашан да күрделенетін, мәдениет өзегінің тұрақтануына және дамуына алып келеді.
Өзіндік ерекшелікті сақтау тұрақтылықтың негізі және осыған қарсы болып табылатын тұрақсыздық және әр алуандық дәстүрлі мәдениеттерде де өз көрінісін табады. Жалпы айтқанда, әр түрлі контекстердің жағдайындағы өзіндік ерекшеліктердің көрінісі әр қилы типтерде болуы мүмкін: ''көрінісі'' әр қилы типтердің қалыптасуы, мүмкін “ашықтық жағдайындағы өзіндік ерекшеліктерді сақтау” мақсаты, өзінің табиғи және әлеуметтік мәдени кеңістігін қорғау, өз құндылығын өзгелерге қарсы қою және өзінділік болашаққа ұмтылыс мақсаты, өзара келісім жасаудың логикасын үйлестіру, бірге өмір сүру үшін жағдай жасау, сұхбатқа дайындалу, өзіндік ерекшелікті сақтау, құрал формасы ретінде «project idetity» жаңа азаматтық қоғамға тән нәрсені жасап шығару. Этникалық фактор қысым көрсетуші компонент ретінде, сонымен бірге тек қана басқа өзіндік ерекшеліктерін сақтаушылардан ғана қолдау табады. Діни-территориялық, бірақ та болашақтың дамуына апаратын, ұмтылыстың бастаушы факторы ретінде ол карастырылмайды. Дәстүрлі мәдениеттердің қатаң қазықтарының бірі ретінде есептелетін діннің негізінде қалыптасатын өркениеттердің өзі де ортақ келісімге барулары керек.
Сондықтан жаһандану жағадайында тек қана әр түрлі мәдениеттің дәстүрлерінің, сәйкестігінің мәселесі ғана маңызды болып табылмайды, сонымен қатар құндылықтар да келешегі бар болып есептеледі. Батыстың жолы, протестанттық құндылықтың негізінде ортақ бір этиканың қалыптасуына, бұкаралық сананың ұқсастығына алып келетін мәдениет әр алуандықта, өз мақсатында әмбебап болып есептелмейді, сондықтан әртүрлі көзқарастардың типтеріне ол үндес келеді. Қаншалықты мәдениеттің бейімделу мүмкіндігі күрт төмендейтіндіктен, мұндай жаһандану идеясы тығырыққа алып келуі мүмкін.
Жаңа форманы қабылдау – бұл мәдениеттің өзін дамыту кезеңі, сондықтан заманауи этникалық мәдениеттердің өзі алмасушылықтан тәуелсіз емес, себебі озық мәдениеттерді дамытатын жаһандану үрдісінде көбінесе жаңа форма қалыптасады. Құрылымның тұрақтылығы әр келкіліктің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Қолайлы жол, шектіліктен бас тартып, шегіну болып ол көрсетіледі.
Партикулярлы және әмбебап, шектелген және жаһанданған, жергілікті және жалпы дағдарыстар оның негізгі категорияларына жатады. Бірақ та экономиканың өзгеріс мысалы, оны халықаралықтандыру процесі, және экономикалық өзгерістер әр деңгейлі құбылыстар болып табылады.
Әйтсе де мәдениеттің әртүрлілік бағытында дамиды, дегенімен онда жүріп жатқан процестер, замнауи әлемнің талабына сай біркелкі еместігі және қарама қайшылығымен, аса күрделігімен ерекшелігімен ерекшеленеді. Жаһандық процестер, сыртқы мәдени кеңістікті интеграциялай отырып, ішкі диференциацияны күшейтеді және де заманауи адам үлкен шиеленістердің ортасында калады. Сұрыпталған нақты сызылған ұяшықтардың орнына, яғни әлеуметтік кеңістіктегі анықталған шекаралармен анықталған кеңістікте өмір сүру үшін, яғни әлеуметтік кеңістіктегі жылжымалы шекаралар байқалмайды және қиын анықталады. Мұндай әрқилы және келелі әлеуметтік-мәдени және рухани-құндылықты мәселердің туындауы тек адамның әлемдегі орнының анықсыздығын күшейтеді. Көпшілік адамдардың тығыз жүріп жатқан ұлы әрқилылықтың ерекшелігінің орталығы қайда орналасқандығын анықтауға мүлдем мұршасы жоқ. Сыртқары аймақ орталықпен араласып кеткендіктен, шеткі аймақтың орталықты қоршап тұрғандығын айту өте қиын. Дегенмен басқа мәдениетке қатынаста кез келген шектілік көрініс заманауи адам үшін тән емес. Мағынасыз космополитизм мен бейкүнәлі тұйықтықтың арасында таңдауды жасаудың қажеті жоқ. Шұбыраңқылықтағы өмір үшін аталғандардың ешқайсысы жарамсыз, адам шұбыраңқылықтың шеңберінде өзінің ұқсастығын түсінуге кедергі жасайтын басқа мәдениеттерден кажетті элементтерін таңдап, үйренуі кажет.
Өзіндік ерекшеліктің негізі ретінде шығатын оның этномәдени (жергілікті) бірегейлігін сезініп, түсінуіне кедергі жасалмайтын басқа мәдениеттен қажетті элементтерді оған алып үйренуі керек. Бірақ та иновациялық қоғамды қалыптастырушы үлгі, тек жаңа нәтежелердің жетістіктеріне және шығармашылыққа талпынған әлеуметтік-мәдени тәжірибе мен иновацияларды сақтаудың амалы болып табылатын дәстүрлердің өзара толықтырушылық принциптерінің бұзылуы, мәдениеттегі құндылықты бағдардың күрт өзгеруіне, даму ырғағының жылдамдауына алып келеді. Мәдениеттің инновациялық қабаттында басымдылыққа ие дәстүрдің негізі болып табылатын, жаһандану тенденциясының ықпалы заманауи әлеуметтік-мәдени жағдайға ықпалды алуандылыққа түсіреді. Дәстүрлер және инновациялар арасындағы ұқсастықтын бұзылуы мәдениет «ырғағының шиеленісуінің» еңуі жайында айғақтай түседі – шеңберлік динамикасының заңдылығына оның сай келуі, сонымен бірге сол фазаның тоқырауын көрсетеді. Жүйе өзінің мәңді белгісін жоғалтпайтын жағдайдағы, мәдениеттің айқындалуы қозғалыстың ерекше логикасына ие болады, дегенмен оның даму процесіндегі қалыптасқан байланысты жоғалтады.
Көптеген мәдениетті және ұлттарды сақтай отырып, адамзаттың өркениет синтезінің жетістігіне ұмтылысын, жаһандануға сай позитивті бағытынан түсіну, құндылықтың жүйелерің құнды етіп қайта құруынсыз және мәдениет әдіскерлерінсіз, адамзат дамуының жалпы пардигмасының өзгеруінсіз іске асыру мүмкін емес.
Интеграциялық тенденция жағдайына сай, тұтастықтан көрі оны құрушы бөлшектері жылдамырақ дамуын мойындауға негізделген. Сондықтан жаһандану үрдісі мәдени алуандылықты жоюшы және біріктіруші процес ретінде ғана қарастырылуы мүмкін емес. Сонымен қатар даму барысында, бірге дамудың өзі тиімдірек екені айқын, себебі материалдық және рухани шығындар үнемделе түседі. Құрылымның үлгілік дұрыс бірігуіндегі әрбір жаңа амалдар сәтінде барлық келесі пайда болған иерархиялық ұйымдар қабатын тұтас және құрушы бөлшектердің даму ырғағын жылдамдата түседі. Дегенмен біріктіруші және дамытушы құрлымдағы ең дұрыс құрылған ұйымдардың құрылысының өзі барынша дамуға және қайшылықтандыру сәтінің жақындауына алып келуінің нәтежесінде, жаһандану алып тұтастық қасиетіне ие бола алмайды: заманауи әлемдегі болып жатқан нақтылы өркениеттік және әлеуметтік мәдени үдерістер айтарлықтай күрделі және оның аумағына сыймайды. Бұл жайында әлеуметтік мәдени мегажүйенің қайта құрылуына алып келетін, әлеуметтік мәдени процестерінің дамуының айтарлықтай тұрақсыздығы және жаһандану процестерін алып жүруші, қайшылықты факторлар айқындай түседі.
Бір жағынан осы бағытқа сай қажеттіліктің теңестірілуі еңбектің халықаралық бөлінісі және мамандандырудың үдерісі ретіндегі жағынан, әлемдік нарық дами түседі; коммуникацияның жаңа формалары бектіліп, ақпаратқа ауқымды жол ашылады; әлемнің көптеген аймақтарында әлеуметтік көрсеткіш жақсара түседі (адамның өмір сүру ұзақтығы арта түсіп, үйлесімдіктің деңгейі өседі); әртүрлі мәдениеттер арсындағы өзара түсінік арта түседі; өмірлік бағытты таңдаудың көлемді мүмкіндіктері ашылып, адамның нақтыланған ортадан еркіндігі өседі.
Егерде осыған басқа қырынан келетін болсақ, әлемдік экономика тұрақсыз, өзара байланысты және әлсіз болып қалыптасады; Шығыс және Батыс арасында экономикалық және әлеуметтік дамуындағы алшақтық артады; орталықтан шеткі жақпен жаңа технология мен білім алмасу қиындықтары туындап, миграциялық қозғалыстар артады.
Халықтың кедей топтары мен қуатты байлардың өмірінің деңгейінің арасындағы ерекшелік көбейеді; ұлтаралық тасымалдаушы коорпарация лар әртүрлі мемлекеттерге тек қана өзінің экономикалық ықпалын күшейтіп қана қоймайды, сонымен бірге саяси да ықпалын жасайды; азаматтық қоғам институтарының және мемлекеттердің өзара әрекеттестігінің мәселері тереңдей түседі; әр алуандылыққа қатер төндіретін көпшіл мәдениеттің ықпалы арта түседі. Бұлардың бәрі, күннен-күнге асқындап жатқан экологиялық тоқыраулардың әсері сонда байқалады. Олардың кейбіреулеріңе тоқталатын болсақ, барлығынан бұрын атап өтетіні, әлеуметтік мәдени динамиканың басым жоғары технологиялық ғылымдандырылған өндіріс бөлімі өрлейді немесе білім мен ақпарат негізгі өңдірістік қорға айналады.
Болашақтағы білім мен ақпаратты өндіру үшін адамның шығармашылық табиғатын қалыптастырушы және күшті ішкі мотивациясымен жаңа тұлғаның үлгісін қалыптастырушы ретінде мәдениет пен білім берудің рөлі маңызды және жоғары деңгейде қызмет атқарады. Құндылықтың жаңа өлшемі қалыптасып, экономикалық емес мотивтердің мәні өседі. Жоғарыда көрсетілгендей, бір қырынан технологиялық прогреске ұмтылыс анық, басқа жағынан алып қарастырғанда – адамзат қорының маңыздылығын арттыру көпшіліксіздендіру мен материализацияландыру өндірісі процесінің жылдамдауына бағдарланған.
Одан басқа жаһанданған әлемнің тұрақсыздығы жайында әлемнің өркениеттік, әлеуметтік мәдени айрмашылықтарын сақтауы бойынша ерекшеліктерінің күшейуін айғақтай түседі. Әлеуметтік мәдени айырмашылықтары арқылы, екі шекті полюстың жағдайындағы даму жолы, танып білуге болмайтын және ашылмайтын оқиғаларға алып келуі мүмкін, кеңкөлемді интеграциялық үдерістің қайшылықтары анықталады.
Әрине, алмаспайтын ұлттық тасымалдау өзгерісі адамның экзистенцияналды әлемін және мәдени мәнді кеңістіктің ерекшелігінің бағытын екінші орынға жылжытады. Адам өміршендігін түрлі ұқсастандыра және ортақтандыра отырып, әлеуметтік-экономикалық және даму жолындағы өзара жақын бағдарының, тұтасқан аймақтар және елдер тарихын ұқсас бағыттарды құра бастайды. Ескеріп өткендей, жаһандану үрдісі, өзінің ең қауіпті жаулаушылық формасында, дәстүрлі әлемге еңуде. Ары қарай бұл көріністен, адамзаттық үйлесімділеу бірігудің жолын, мәдениет және халықтардың өз бірегейлігін және өзіндік болмысына ұмтылысын анық байқауға болады.
Қазіргі әлем өз дамуының жаңа кезеңіне енді. Осындай тұжырымның негіздері көз алдымызда: біз әлемдік қауымдастықтың геосаяси құрылымдарындағы терең өзгерістердің куәгері болып отырмыз. Экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени жүйелердің ақпараттық-коммуникациялық революциялардың ықпалы мен трансформациялануы барған сайын үдеп барады. Халықаралық байланыстар мен қатынастардың кеңеюі және тереңдеуі, жер шарының нақтылы бір нүктесінде немесе бір аймағында болып жатқан оқиғалардың, барлық басқа халықтар мен елдердің тіршілігіне әсер ететіндігіне әкеледі, яғни бұл оқиғалар жалпы әлемдік, жаһандық сипатқа ие бола алады. Бүкіл адамзаттың ортақ мәселелері бола бастап, қоғамның мәселелері жеке мемелекет шектерінен шығады. Ақпараттық қоғамды құру, жаһанданудың әсерлерін басқару мәселелері оларды сезіну, түсіндіру және тиімді түрде шешу мүмкіндіктері үшін дәстүрлі емес ұстындарды белсенді іздеуді талап етеді. Басты мәселелердің қатарында мойындалғандары: Жердегі ауа-райының өзгеруі, дәстүрлі этикалық бастаулардың жоғалуы, халықаралық жүйенің тиімсіздігі. Жаһанданудың теріс жақтарына қоғамның ашықтығы мен коммуникацияларын озық технологиялары Жер шарының тұрғындарын терроризм, нашақорлық, қылмыс, індеттер, этникалық және нәсілшілдік жанжалдардың таралуы алдында қорғаусыз қалдыруы да жатады.
Өзінің материалдық қорларын барынша пайдалу жолына түскен, өркениеттің дамуымен байланысты мәселеге – дағдарыстар мәселесі жатады:
– тұлға мен қоғамның табиғаттан жаттануы, онымен барған сайын сирек қатынаста болуы;
– экологиялық дағдарыстар: өндіріс қалдықтарымен ластану, пайдалы қазбалардың таусылуы, тұщы су қорларының азаюы, атмосфераның ластануы, топырақ эрозиясы. Экологиялық дағдарыс өркениет өмірінің түпнегізді қайнарларына қиратушы әсерін тигізеді. Шым-шытырақ жағдай қалыптасып келеді;
– тіршілікті қамтамасыз ету мәдениеті тіршілік қорларын жегідей жейді;
– ақпараттың шамадан тыс өндірілуі. Ақпараттық өріс әсіреленген және жиі ретте рационалды түрде қолданыла алмайды;
– қирату құралы – әскери потенциалдың шамадан тыс артуы және жетілуі.
Өркениеттіліктің басқа қыры – ол алып келетін жағымды құндылықтар. Бұлар:
- қоғамның ашықтығы тіршілік қалыптарының жоғарылуына, экологиялық бүлдірулердің баяулауына, жалпы гүлденуге себепші бола алады;
- ашық нарық жаңа жұмыс орындарын ашады, табысты молайтады, жаңа технологияларды таратады;
- әлемдік экономикамен бірігу өзімен бірге жаңа технологиялар мен идеяларды ала жүреді, халықаралық сауданы дамытады, инфляцияны жұмсартады, инновацияларды жеделдетеді;
- ашықтық адамдық факторға инвестицияларды ұйғарады: білім беруге, денсаулықты сақтауға, инфрақұрылымға;
- өзгерістер билікті саяси және экономикалық реформаларды жүргізуге мәжбүрлейді;
- электрондық сауда, ақпаратқа сүйенетін «жаңа экономика» адамдардың басты қор бола бастайтынын көрсетеді. Теңдік идеясы әрбір адамның өзіндік құндылығымен ауыстырылды, әрбір адамның мүмкіндігін дамыту міндеті қойылды;
- сепаратизм мен діни экстремизмге қарсы әрекеттену мүмкіндігі.
Қазіргі әлемде әрбір елдегі ішкі үдерістер мен дүниежүзілік сахнадағы жаңа құбылыстардың өзара әсері барған сайын күшейіп келеді. Соңғы уақытта жалпықамтушы жаһандану ішкі және сыртқа саясаттың арасындағы қырды өшіріп келеді, бұл ең алдымен дүниежүзілік жаһандық ағымдармен және үдерістермен қаржылық, әлеуметтік, экономикалық және басқа да салаларда анықталады. Бұл шұғыл және кенеттен келген қаржы дағдарыстарының әлемнің тұтас аймақтарында жақсы тұрмыс халы мен тіпті әлеуметтік және саяси тұрақтылықтың тамырына балта шаба алатынын білдіреді. Осындай жағдайларда мемлекет әлсірей бастайды, билік пен үкіметтік емес ұйымдардың қызу араласуы іске асады. Бір мезгілде қоғамдық пікірдің рөлі артады. Осының нәтижесінде әлеуметтік-саяси үдерістер барған сайын қоғамдық қысымға ұшырайды.
Модернизация деп индустриялық және әлеуметтік өрістегі артта қалуды жеңіп шығуға деген талпыныста көрініс табатын қоғамдағы жаңғырту процесі түсініледі. Модернизацияға деген қажеттілікке тек дамушы елдер ғана емес, сонымен бірге дамудың жетілген деңгейінен шыға отырып, өзінің мақсатты мен міндеттеріне сай, батыс елдері де тап болады. Модернизацияның классикалық үлгісі әлеуметтік батыстық өркениеттің бейнесі және баламасы түрінде, бірбағытты даму ретінде ұғынылып келді. Бүгін бұл түсінік өзгерді және модернизация тек дайын үлгілерді қарапайым қабылдауға келіп тірелмейтін, ал дәстүр мен қазіргінің элементтерін синтездеуді іздестіретін, күрделі және көпқырлы процесс ретінде түсініледі. Халықтың дәстүрлері мен салттарын елемеу мәдени-әлеуметтік дағдарысты туындатады.
Бүгін бір өлшемді батыстық әмбебаптылықтың орнына, түрлі өркениеттердің өзара әрекетімен құралатын, әмбебаптылықтардың күрделі қиылысуы пайда болды. Жаһандық өркениеттік қатынастардың жаңа парадигмасы құрылып келеді, осында шаруашылық жүргізу мен әлеуметтілік типтерінің түрлі бағытталғандығы қоғамның интеграциялануы мен қоғамның өзіндік бірегейленуі функцияларының мәдениетке жатқызылатындығына әкеледі. Шығыстық және еуразиялық мәдениеттер үлгілерін модельдей отырып, мәдениеттің болмыстық нақтылығы ретіндегі өркениет әлдебір өлшемдер сәйкестігін бекітетіндігін және түрлі этникалық, әлеуметтік, саяси жақтарды біртұтас қоса отырып, сол арқылы интеграциялық функцияны да атқаратын айғақтылығын елемеген дұрыс емес. Посткеңестік мемлекеттердегі дағдарыстық жағдай барлық сословиелердің, топтардың, индивидтердің әрекетін белсенділеу етпей, КСРО-дағы басым құндылықтар мен бағдарларды өзгертпей, ешқандай қозғалыстың мүмкін еместігін көрсетті. Бірақ ұлттық өзіндік санада сақталып қалған дәстүршілдік те, әсіресе модерндеу процестері шарттарында, жағдайды бір
Тек халықтың мәдени өзіндік бірегейленуі оның әлемдегі орнын көрсетеді. Тек ұлттық мәдениет жоғары эстетикалық, этикалық, әлеуметтік талаптарға жауап береді. Бұл тұрғыдан өзгермей берілген ретіндегі жалпыадамдық мәдениетке ұмтылыс негізсіз. Ұлттық мінездердің әр түсті көптүрлілігінде осындай жалпыадамдық мәдениет немесе руханилықты толық ескермеумен қатар жүретін таза материалды мұқтаждықтарды өтеуге, немесе қайсыбір жалғыз «этнографиялық дербестің» ұлттық мінезінен шығарылған тіршілік формаларын басқа барлық халықтарға күшпен тануға келіп тірелер еді. Ұлттық мәдениет өзін сақтауға жоспарланған, оның кеңістіктік қуаты «шекара» ұғымымен шектеледі. Осындай шекараны жарыққа шығару оның ерекшілігі мен қайталанбайтындығын айқындау процесі бола бастайды. Еуразиялық концепцияға сай мәдениетке үйренуге болмайды, ол қабылдана да алмайды. Мәдени дәстүрді жалғастырушы – бұл оны өзінің рухани болмысының бөлігіне айналдырушы, яғни оны ол қайтадан құрады. Әрбір адамда мәдениет өткен шақтан қазіргіге секіріс жасайды. Мәдени-тарихи даму бірбағытта емес, ол айналмалы. Мәдениет эволюциясы тұйық мәдени шеңбер шектерінде жүріп жатады.
Посткеңестік кеңістіктегі ұлттық мәдениеттерге қатысты әмбебаптандырушы руханилықтың бірнеше парадигмалары бар. Бұл батыстық, шығыстық (исламдық), орыстықтың тек бірін ағарту, гуманизм, зерделіліктің жалғыз иегері ретінде сипаттау, ұлттық мәдениетті тек бір руханилықтың әмбебапты үлгісінде саналы түрде қайтадан жасап шығару талабына жатады. әрине, тек бір мәдениетті таңдап алудың жүзеге асуы неғайбыл, оның үстіне қазіргі жағдайларда мәдени экспанция жиі саяси экспанциямен теңестірілді, оның алғышарты ретінде қарастырылды. Идеологиялық текетірестің соңы болып табылатын және қарама-қарсы тұру мәдени шекаралар, өркениеттік арқылы өттетін, әлемдік саясаттың жаңа кезеңіне ене отырып, Қазақстан үшін айрықша, өркениеттік деңгейіндегі бірегейлік барған сайын маңызды бола бастайды.
Қазіргі жағдаятта «Шығыс – дәстүрлі қоғам, Батыс – қазіргі әлем» антитезасы мәдени модернизацияның барлық түрлі мәселелерін шеше бермейтіндігі анық. Бұл анықтамалар болмыстың әлдебір антропологиялық, әлеуметтік және өркениеттік өлшемі болып табылады. Әлеуметтік, этникалық және мәдени мәселелердің пайда болуы шамасында, олар бүгін модернизациялық процестердің динамикасын анықтайтын, сол импульстерде айқындалады. Бір жағынан, Еуразияда жүріп жатқан барлық процестерде, олар батыстық негізде қалыптасып келе жатқан, сол жаһандық өркениеттің ықпалы арта түседі. Басқа жағынан, дүниежүзілік өркениеттердің плюрализмі еуразиялық аймақтарға да тарайды. Сонымен, модернизация Қазақстанның әлеуметтік-мәдени жүйесінде терең өзгерістерге әкеледі, бірақ бір нәрсе анық: мәдени қуаттан айырылған, саяси өзіндік анықталуға тірелген, ұлттық қайта жаңғыру мәдениет болмысының бұрынғы кеңесік жақтарын қайта жаңғыртуға, оның аффирмативтік функцияларын қайта жаңғыртуға әкеледі. Ұлттық мәдениеттер олардың кеңістікте алдыңғы өзара әсері мен интеграциялануы процесінде шекаралық мәдениеттер ретінде, түрлі өркениеттердің кеңістіктің, уақыттың өлшемдеріндегі өзара әрекеттері нәтижесі ретінде қалыптасты және бұл олардың басқа мәдениеттердің түрлі элементтерін, оларды жеңіл сіңіре отырып, өзіне қабылдау қабілеттілігін ұштады. Оның үстіне, қазақ мәдениеті ең басынан өзінде түрлі этностардың бірге өмір сүру қабілеттілігін, мәдени синтезге қабілеттілігін, өзінде аяқтап отырды. Ол, тарихи тәжірибені (соның ішінде бөтен халықтардың да) жалпылауға бағытталған климаттық, геосаяси жағдайларға бейімделу тетіктерін жетілдіруге бағытталған, мәдени кодтарды шығарды, бұл оның мәдени адаптация мен интегративтік әрекетке қабілеттілігінің куәсі болып табылады. Мәселе руханилықтың белгілі бір элементінің тұтастық түріндегі мәдени-өркениеттік жүйені белсенділендіру қабілеті туралы болып отыр.
Халықтың рухани дүниесі қаншама бай болғанымен, ол ұлттық дүние болып қала береді, белгілі бір кеңістіктік-уақыттық шекараларда өсіп жетеді, этностың, халықтың, ұлттың дүниетүйсінуі мен дүниетүсінуінің ерекшелігін әйгілейді. Ол өзінің дүниені аңғаруының қайталанбайтындығын бекіте отырып, дүниежүзілік мәдениет пен тарих тәжірибесіне ашық, басқа мәдениеттерді түсінуге қабілетті, бұл мәдениеттермен өзара әрекет етуге дайын, тек сондай мәдениет үшін ғана болашақ ашық болады. Бүгінгі ұлттық рухани мәдениет ашық, өзін өзі ұйымдастырушы динамикалық жүйе ретінде дамуға міндетті. Бұл үшін жағдайды жасау – өзіне өркениеттік шұғыл өзгерістердегі қазақстандық қоғамды модернизациялаудың қиын міндетін алған, жаңа ақпараттық қоғамның жаһандану кезеңіндегі құндылықтар әлеміне еніп бара жатқан, мемлекеттің ісі.
Жаңа демократиялық Қазақстан шетелдермен мәдени байланыстарды дамытуға белсенді түрде ат салысып келеді. Мемлекеттің мүмкіндігі шектелген, ал демеушілік көмек әлсіз және тұрақты емес. Қазіргі жағдайларда әлемдік қауымдастық бәрі-бір қазақстандық мұражайлардың, музыка мен театрдың қазыналарымен танысып келеді. Таңдаулы ұжымдар мен орындаушылар гастрольдерге барып жүр, халықаралық көрмелер мен вернисаждар өткізілуде. Гастрольдік қойылымдар мен көрмелер шетелдерде тұрақты орасан зор қызығушылық танытып келеді.
Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа интеграциялануы және ол қамтамасыз ете алатын үлес туралы айта келе, оның гуманитарлық барлық салаларда дүниежүзілік ынтымақтастыққа ашық екендігін атап өткіміз келеді. Демократиялық даму, адамгершілік шыңдалу әйтсе де жинақталған мәдени мұраны сақтаусыз және арттырусыз мүмкін емес. Барлық экономикалық және әлеуметтік соңғы жылдарды қиындықтарға қарамай, көпұлтты қазақстандық мәдениет өзінің өміршеңдігін көрсетті. Қазақстан отандық ғылымның, білімнің, денсаулықты сақтау ісінің, ұлттық мәдениеттің тәжірибесі және жетістіктерімен бөлісуге дайын.
Қазақстан Ата заңы халықтарға ұлттық дәстүрлерді сақтау және дамыту құқына, ал әрбір азаматқа – шығармашылық еркіндікке, мәдени өмірге қатысуға кепілдеме берді. Бұл конституциялық қағидалар парламент қабылданған «Мәдениет туралы Заңда», «Авторлық құқық туралы», «Мұрағаттық қорлар және мұрағаттар туралы», «Мәдени құндылықтарды алып шығару және әкелу туралы», «Кітапханалық жұмыс туралы», «Мұражайлық жұмыс туралы» заңдарда ары қарай дамытылды.
Соңғы жылдардағы экономикалық қиындықтар, өкінішке орай, мәдениеттің бұқаралық ұжырымдары торабының қысқаруына әкелді. Бұл жағдайда саясаттың басты бағыттарына Қазақстанның бай мәдени және тарихи мұрасын (соның ішінде ЮНЕСКО қамқорлығында тұрған объектілерді де), ұлттық мәдениеттің озық үлгілерін сақтау, қалпына келтіру және пайдалану, мәдени инновацияларды дамыту, мәдени құндылықтарды қорғау жүйесін орнықтыру, қазіргі өнер мен дарынды жастар өкілдерін қолдау, барлық азаматтарға мәдениет және оның ұйымдарының нәтижелерін пайдалануға мүмкіндік туғызу жатады.
Жуық арада негізгі инвестициялық құюларды мәдени мұраның ерекше құнды объектілерінің материалды-техникалық негіздерін нығайтуға, оларды қалпына келтіру мен қайта құруға бағыттау жоспарланып отыр. Қазақстанда шетелдердің мәдениеті мен оларды бағалаудың критерийлерін қалыптастыру қажеттілігі пісіп жетілді. Халықаралық келісімдер нәтижесінде біздің елдің қабылдаған, мәдени ынтымақтастық пен айырбас саласындағы барлық міндеттіліктерді бұлжытпай орындау керек. Олардың әрекеті мәдениетпен байланысты, үкіметтік емес барлық халықаралық ұжымдардағы Қазақстанның рөлін белсенді ету барған сайын маңызды болып келеді.
Қазақстан мәдениетінің әлемдік қауымдастыққа интеграциялануында, оған Қазақстан 1992 жылы кірген, ЮНЕСКО халықаралық ұйымының рөлі маңызды. ЮНЕСКО қолдауымен өткізілген ауқымды шаралардың арасында Абайдың 1995 жылғы 150 жылдық мерейтойын және 1997 жылғы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығын халықаралық аталып өткенін ескерген жөн. Париждегі коллоквиумға және Алматыдағы конференцияға қатысқан, француз философтары Ж.Перар мен М.Перро Абай шығармашылығын зерттеу мен талдауға ерекше үлес қосты және оған жаңа тұрғыдан келіп, Абай мен Серен Кыркегордың көзқарастарына салыстырмалы талдау берді.
Мәдениеттің қалыпты дамуы шығармашыл кадрларды тұрақты түрде жасап шығару жағдайларында ғана мүмкін. Бұл мақсатта мәдениет пен өнер саласында көпдеңгейлі кәсіби білім беруді дамыту ойластырылған және мәдениет қызметкерлерін дайындау, қайта дайындау және кадрларды ротациялауда тұтас жүйені құру, менеджерлер мен әлеуметтік қызметкерлер сияқты, жаңа мамандықтар бойынша мамандар дайындау ісіне басымдылық ұйғарылған.
Кәсіби өнерді қолдаумен қатар, олар бүгін жан-жақты өрістеген және біздің Отанымыздан тыс елдерде де үлкен табыстарға жеткен, халықтық, фольклорлық туындылар зор маңыздылыққа ие.
Қазақ халқы рухани мәдениетінің даму динамикасы, қалыптасқан әлеуметтік-мәдени жағдайларға байланысты, қайшылықты және күрделі процесс болып көрініс табады. Қазақстан тұрғындарының көпэтникалық табиғаты, оның дамуының анық суреттемесін айқындауға мүмкіндік беретін, шектер мен өлшемдерді белгілеуде жүзеге асады. Қазақтардың рухани өмірі, қаншама ұлттық құндылықтар бүкіләлемдік, жалпыөркениеттік дерек, құбылыс маңыздылығына ие болғанда немесе бола алатындығында, соншама оқиғалығында және қоғамдық көркейтілуінде өзін көрсетеді. Оларды қайтадан жаңғырту тек қазақтар үшін ғана өзіндік құндылық емес, ол Қазақстанда өмір сүретін барлық ұлттар мен этникалық топтардың рухани өзін білдіруінің алғышарты мен жағдайы, қазақстандық ұлт институционализациясының жүйеқұрастырушы факторы болып табылады.
Халықтың әлеуметтік өмірі, ұлттық сананың әрекет етуі, ұлттық мәдениеттің болмысы тек күнделікті тіршілікпен шектелмейді. Қазіргі ұлттық мемлекеттің модернизациялық және өркениеттік тәжірибесінде ұлттық сана мәдениет универсалийлеріне (әмбебаптарына) қатысты ерекше бір сарапшы рөлін атқарады: мәселе жалпыадамдық құндылықтардың этностың дүниетүйсінуіндегі жаңғырығы туралы болып отыр. Бұл әмбебаптарды сынақтан өткізу де ұжымдық сипатқа ие. Модернизациялық процестер барған сайын ашық, өзіндік дамушы жүйеге айналады, мәдени ұйымдасу мен халық типтері мен ұстындары пайда болады. Егер сөз өркениеттік даму кеңмәтініндегі мәдениет туралы болып отырса, онда мәдениеттің адамдарды тек қана біріктірмей, оларды ажырататынын да ескеру керек. Экономиканың ашықтығына ұқсас, көптүрлі мәдени формаларды ассмиляциялауға қабілетті, «қуатты» ұлттық мәдениеттердің ашықтығы жөнінде де айтуға болады. Полиэтникалық мемлекет сияқты, әлемдік қауымдастық адамзаттың бірегей мұрасы ретінде ұлттық мәдениеттердің бүкіл көптүстілігін сақтауға мүдделі.
XX ғасырдың соңы – бұл көркемдік әмбебаптылық дәуірі. Дегенмен, әмбебаптылық дегеніміз – бір түрлілік емес. Қазіргі заман мәдениеті – бірлікте, біртекті, сұхбатқа дайын, сонымен қатар әр түрлі, немесе мәдениеттердің біріге іс-әрекет етуіне, осы саладағы барлық жетістіктерді өз бойына сіңіру қабілетіне негізделеді. Мұнда міндетті түрдегі сипатталуға ие емес дәстүрге сүйену жаңа қағидаттарды өңдеудің негізі болып табылады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Мәдени әмбебаптылық пен жеке дарашылдықты қалай түсінесіз?
«Жаһандану» ұғымын қалай түсінесіз?
Қазіргі қазақстандық мәдениеттегі инновациялық үдерістерді қалай түсінесіз?
|