Оқыту әдістері мен түрлері: Оқыту әдістері – білім беру мақсатына жетуге бағытталған, мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеттерінің тәсілдері. Оқушылардың өз бетінше және ойлау белсенділіктерінің көрсеткіштері бойынша оқыту әдісінің екі: репродуктивтік және продуктивтік топтарын көрсетуге болады.
Репродуктивтік әдіс – оқушы мұғалімнің үлгісі бойынша жұмыс істейді; Оған әңгіме, түсіндіру, дәріс, демонстрация, оқулықпен, компьютермен жұмыс және т.б. жатады.
Продуктивтік әдістердің ерекшеліктері іздеу есебі сияқты бар оқу проблемасы болып табылады. Продуктивтік оқыту әдістерінің тобына: проблемалық мазмұндау, жартылай-іздену (эвристикалық), зерттеушілік, қателер әдісі, жобалар әдісі т.б. жатады.