А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты ӘОЖ



бет26/35
Дата06.02.2022
өлшемі2,2 Mb.
#32412
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
Етибичи-иета немесе жеті сан есімі мен оба сөзінің жіңішке фонетикалық варианты, еби және чи суффиксімен құралған үш компонентті этноним. Сонда токсоба, төртоба, етибичи дегеніміз - тоғыз, төрт және жеті рудан құралған бірлестіктер болып шығады.
Олай болса, жоғарыдағы түркітанушылардың, этнологтардың, шығыстанушылардың көне түркі "оба" сөзі мен оның фонетикалық варианты, «ру-тайпа» мағынасын білдіретіндігін анықтадық. Егер де оба сөзі мен оның фонетикалық вариантары «ру-тайпа» мағынасын білдірсе, онда қалай Алтунопа есімі: қымбат металл мағынасын білдіретін алтун және әке жағынан «аға», «әке» мағыналарын білдіретін аба немесе апа сөздерінен құрала алады. Егер де половецтерде Алтунопа атауымен аталған ру болған болса, онда олардағы Алтунопа есімінің екінші компоненті опа - «ру» мағынасын білдірген. Олай болса, жоғарыдағы тұжырымымызға сәйкес Алтунопа есімінің де екінші компоненті оба мен оның фонетикалық варианттары – «ру» мағынасын білдірген деп тұжырымдауға болады.
Оған негіз болатын дәйекті мысалы, қазақ этнонимдерінің атауларымен сабақтастыра дәлелдеуге болатын сияқты. Қазақтың Кіші жүзі, Алшын және Жетіру дейтін екі бөлікке бөлінетіндігі белгілі. X. Арғынбаев, М.С. Мұқанов, А. Востров секілді тарихшы-этнолог ғалымдардың пікірінше, Алшын бөлігінің Байұлы тармағы 13 рудан құралған, осылардың бірі –Алты. Осы зерттеушілер Байұлы тармағына жататын Байбақты руында тоқсоба дейтін атаның барлығын атап көрсетіп, бұл ру ортағасырда Дешті Қыпшақты жайлаған қыпшақтардың құрамында болған, деген пікір білдіреді [102, 372 б.].
Қыпшақтану мәселесімен айналысып жүрген зерттеушілердің басым көпшілігі орта ғасыр деректемелерінде кездесетін қыппшақтардың бір тайпасы Бурджоголыны Алшынның Байұлы тармағына кіретін Беріш руымен шендестіріп, екеуін бір этнос деп есептейді [110, 312б.]. Ш-ч, дж тарихи дыбыс сәйкестігіне сай Бурджоголы этнонимінің бірінші компоненті-бурдж сөзін, Беріш этнонимімен шендестіріп, беріш қабылдап, жоғарыда көрсетілген қыпшақтанушы зерттеушілердің Бурджоголы мен Беріш этнонимдерін бір этнос деп есептейтін пікірімен келісуге болады.
Себебі Алшынның Байұлы тармағының бірнеше руы, ортағасырлардағы қыпшақ конфедерациясына кірген. Осындай тарихи-этнологиялық фактілерге және компонентті половец есімдері - этностардың, кісі атаулары ретінде берілген бейнесі, формасы екендігіне сүйене отырып, біз Байұлы бірлестігінің Алтын руы мен орыс жылнамаларындағы Алтунопа есімін шендестіріп, бұл екеуін бір этнос дей аламыз.
Егер де половецтерде Алтын руының этнонимі негізінде және осы рудың көсемінің аты ретінде пайда болған Алтунопа есімі бар болса, онда оларда Байұлы бірлестігінің Алтын руымен генезисі бір Алтын опа руы да болған деп ойлауға болады. Егер де половецтерде Алтунопа атауымен аталған ру болған болса, онда олардағы Алтунопа есімінің екінші компоненті опа – «ру» мағынасын білдірген. [103, 30б.]. Олай болса, бұл жайлар біздің жоғарыдағы екі, үш компонентті половец есімдерінің екінші компоненті оба мен оның фонетикалық варианттары – «ру» мағынасын білдірген дейтін пікіріміздің дұрыстығын дәлелдейді.
Этнонимдердің кісі есіміне негіз болу заңдылығы - түркі тілдерінде кездесетін кұбылыс. Мысалы Арғынбай, Адай, Найманбай (Әсет Найманбаев т.б.), Қоңыратбай (Ә.Қоңыратбаев т.б.), Алшынбай, Жаппас т.б. Бұл бөлігінің этномәдени сипат ретінде қазақ тілінде ұлттық киімдердің соның ішінде бас киімнің атауларында қалыптасқанын проф. Е.Жанпейісов М.Әуезов шығармашылығы тілі негізінде нақты көрсеткен: жекей тымақ, керей тымақ, қаракесек тымақ, найман тымақ, сегіз сай уақ тымағы, төрт сай аласа төбелі тобықты тымағы [37, 25 б.].
Осы тектес половец есімдерін этимологиясына жасалған талдау көрсетіп бергеніндей, бұл антропонимдердің басым көпшілігі этнонимдер мен отбасылық, рулық лақап атаулар немесе рулық отбасына біріктіретің топтық атаулар және тотем атаулары негізінде пайда болған.
Осы мәселеге қатысты Н.А.Баскаков, С.А.Плетнева, Аджи т.б. зерттеушілердің еңбектеріндегі деректерге сүйеніп, половец есімдерінің төркінін анықтау барысында олардың бізге белгісіз болып келген этноәлеуметтік құрылымын мынадай рулар құрағаны анықталды: Алтын, Арыстан, Ашина, Кул, Тарголовке, Ит, Токсаба, Кайоба, Беріш-барыс, Кайдар-Айдар, Кимек-Имек, Лақ, Жағалбайлы, Қыпшақ, Басымал, Құлан т.б. Половец есімдерінің басым көпшілігі осы рулар және олардың тотем атаулары мен рулық отбасына біріктіретің топтық атаулар негізнде пайда болған. Ашина руына қатысы бар есімдерге: Кулоба, Самогур, Чинегрепа, Колтан, Тарх-Тарг, Асен-Осен, антропонимдері немесе топтық лақап атаулар, ал оның бөрі және тотеміне қатысы бар есімдерге: Бердібек, Кобяк-Көбек, Боняк-Боріг, Итоглы, Итлар, Куртык-Құрлық, Сарчан-Сырттан, Альпар-Ольбер, Борил антропонимдері жатады. Мифтік дерекке сай қыпшақ есімді бала мен оның Құрсақ атты анасының топтық лақап атауына қатысты бар есімдер: Кончак-Қаншық, Кюнячук-Күнічүк, Балкатги-Балқатқын, Белдюз-Балдыз, Сантуз-Сандыз.



Каталог: userdata -> uploads -> u21
u21 -> Абайтанушы Қайым Мұхаметханұлы
u21 -> Әлия Молдағұлова
u21 -> Ән жанрлары мен мектептері
u21 -> Әуенімен әйгілі әбілқайыр әулеті
u21 -> КӨкбай жанатайұлы (1861-1925)
u21 -> Өтен айгүл жақсылықҚызы кенен Әзірбаевтың әдеби шығармашылығы
u21 -> Балалардың сүйікті жыршысы (М.Әлімбаевтың шығармашылығына арналған әдістемелік құрал)
u21 -> Ахмет Жұбанов Ахмет Қуанұлы Жұбанов
u21 -> 1. Eр Төстік жер бетіне шыққан соң күресетін жауыздың иесін белгілеңіз
u21 -> Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы (1845-1904) Абай Құнанбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет