А. К. Оралбекова «Жоғары мектеп педагогикасы» пәнінен


Кредиттік оқыту технологиясын анықтау және оның негізгі түсініктері



бет26/55
Дата10.12.2022
өлшемі309,21 Kb.
#162237
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55
Байланысты:
А. К. Оралбекова «Жо ары мектеп педагогикасы» п нінен

2. Кредиттік оқыту технологиясын анықтау және оның негізгі түсініктері.
Кредиттік технологиямен оқытумен байланысты негізгі ұғымдар
Кредиттік технология бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде келесі негізгі ұғымдармен анықтамалар пайдаланылады: кредиттер негізіндегі оқу материалын игеруді есептеу мен білім беру траекториясын таңдау, жекешелендіру негізінде білімдерін шығармашылық игеру мен өз білімін жетілдіру деңгейін жоғарылатуға бағытталған білім беру технологиясы.
Бакалавриат: білім берудің кәсіби оқу бағдарламасы4 жыл мерзіммен шектелетін таңдаған мамандығына байланысты «бакалавр» академиялық дәрежесі ұсынылатын мамандарды дайындау;орта-кәсіби білім беру базасында оқытудың қысқартылған түрі-3 жыл, жоғары білім беру базасында- 2 жыл.
Магистратура: жоғары білім алғаннан кейінгі кәсіби оқу бағдарламасы, «Мамандықтар бойынша ғылым магистрі» академиялық дәрежесін тағайындайтын 2-жылдан кем емес оқыту мерзімі бар тиісті мамандықтар бойынша және «Мамандықтар бойынша білім беру» академиялық дәрежесін тағайындау бойынша 1-1,5 оқу мерзіммен шектелетін таңдаған мамандығына байланысты «магистр» академиялық дәрежесі ұсынылатын мамандарды дайындау:
Докторантура: философия докторы (PhD) оқу дәрежесін тағайындаумен ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындауға бағытталған, жоғары білімнен кейінгі білім берудің оқу бағдарламасын кәсіптік білім беру, сала бойынша доктор; 3 жылдан кем емес мерзімі бар.
академиялық күнтізбе (Асаdemic Саlеndar) - оқу жылы бойына демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды өткізу күнтізбесі;
академиялық кезең (Теrm) - үш нысанның біреуін таңдайтын білім беру ұйымының теоретикалық кезеңі: семестр, триместр, тоқсан;
академиялық ұтқырлық - оқытушылар мен дәріс алушыларды белгілі бір зерттеу жүргізу мақсатында нақты академиялық кезеңге байланысты ауыстыру: өзі оқып жатқан ЖОО немесе басқа ЖОО жалғастыратын білім беру кредиттері негізінде (ESTC) дәріс алушыларды шығармашылық тұрғыдан дамыту мақсатында компонент бойынша пәндерді таңдау беріледі;
академиялық тәуелсіздік - компонентті дара түрде таңдау бойынша білім беру мәнін анықтау мақсатында ұсынылатын өз бетінше таңдау жасау арқылы тиісті пәндерді таңдау, білім беру үрдісіндегі субъектілер өкілеттілігінің жиынтығы, яғни дәріс алушылардың мен оқытушылардың шығармашылық тұрғыдан дамуы үшін жағдай жасау және инновациялық технологиялар мен оқыту әдістерін пайдалану;
білім алушылардың академиялық рейтингі (Rating) - қорытынды атгестаттаудың нәтижелері бойьшша құрылған білім алушылардың, бағдарламалық материалды игеру деңгейінің сандық көрсеткіші;
академиялық дәреже (Degree) - білім алушылардың қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша оларға білім беру ұйымдары беретін тиісті білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеру дәрежесі;
академиялық сағат - барлық сабақтар бойынша кестеге сәйкес дәріс алушының оқытушымен байланыста жұмыс істеуі;
белсенді үлестірмелі материалдар (КҮМ) (Hand-outs) - білім алушының тақырыпты шығармашылықпен табысты игеруі үшін сабақ үдерісінде таратылатын көрнекі безендірілген материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, мысалдар, глоссарийлер, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар);
академиялық адалдық – жазбаша жұмыстарды орындау кезінде (бақылау, курстық жұмыстар, эссе, диплом және диссертация жұмыстары), зерттеулер, тұсаукесерлер, сонымен қатар оқу жетістіктерін бағалау кезінде жеке адалдықты дамытуға бағытталған құндылықтар мен қағидаттардың жиынтығы;
оқу жетістіктерін балдық – рейтингтік әріптік жүйесі- әріптік жүйе арқылы халықаралық практика сәйкес болатын білім деңгейлерін бағалау жүйесі және дәріс алушылардың рейтингін бақылау;
оқу пәніне жазылу (Enrollment) - білім беру ұйымдары белгілеген тәртіппен білім алушылардың оқу пәндеріне алдын ала жазылу рәсімі;
білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Final Examination) - мемлекеттіік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған тиісті білім деңгейіндегі олардың оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;
білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының бір пәннің толық көлемін немесе бір бөлігінің мазмұнын аяқтап болғаннан кейін оның игеру сапасын бағалау мақсатында өткізілетін рәсім; аралық аттестаттауды өткізудің нысандары білім алушылардьщ білімін модульді-рейтингтік тексеру және емтихан болып табылады: жазбаша, тестілеу, ауызша, біріктірілген;
білім алушылардың оқудағы жетістіктері - оқыту үрдісінде қол жеткізген дәріс алушылардың дағдылары, білімдері және құзырлығы және жеке тұлғаның дамуының жеткізген деңгейі;
білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау - әртүрлі бақылау тапсырмалары негізінде (жазбаша жұмыстар, тестілер, практикалық жұмыстар, портфолио, ауызша сұрау және тағы басқалары) білім алушылардың нақты пән бойынша қол жеткізген білімін тексеру; ол білім алушылардың ағымдық бақылауы және аралық аттестаттауы болып бөлінеді;
екі дипломдық білім алып шығу - екі оқу жоспары бойынша (білім беру бағдарламаларын) оқып, екі толыққанды диплом алу немесе негізгі мен екінші қосымша диплом алу;
құзырлығы - білім алушының білім алу барысында пайда болған дағды, білімі мен құзыретін кәсіби қызметте пайдалануы;
офис-тіркеуші - білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық, түрлерін және оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қызмет;
білім алушылардың аралық аттестациясы – дәріс алушылардың оқуды игеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін процедура немесе оны зерделеу аяқталған соң оқу пәндерінің көлемін өткізу;
постреквизиттер (Postrequisites) - аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер тізбесі;
пререквизиттер (Рrerequisites) - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер тізбесі;
пәндер бағдарламасы (Syllabus) - оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, әрбір сабақтың тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, әдебиеттер тізімін, кеңес беру уақытын, коллоквиум кестесін, оқытушы талаптарын, бағалау өлшемдері мен ережелерін қамтитын оқу бағдарламасы;
білім алушылардың білімін модульді-рейтингтік тексеру - бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушылардың білімі тестілеу және басқа түрдегі нысандар негізінде өткізілетін білім алушылардың оқудағы жетістіктерін тексеру рәсімі;
модульдік оқыту- білім беру бағдарламаларын, оқу жоспары мен оқу пәндерін модульдік құру негізінде оқу үрдісін ұйымдастыру тәсілі;
білім алушылардың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - БӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде бақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ), магистранттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - МӨЖ) және докторанттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - ДӨЖ) болып бөлінеді;
оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОБӨЖ) - кестеде көрсетілген оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының жұмысы; білім алушының санатына қарай ол: оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОСӨЖ) және оқытушының басшылығымен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОМӨЖ) болып бөлінеді;
үлгерімнің орташа балы (Grade Point Average - GРА) - таңдап алған бағдарлама бойынша бір оқу жылы ішінде білім алушының қол жеткізген білім деңгейінің орташа өлшемді бағасы (ағымды оқу мерзім ішіндегі кредиттердің жалпы санына пәндер бойынша аралық аттестаттау бағалары балдарының сандық эквивалентіндегі кредиттер қосындысы сомасының қатынасы);
транскрипт (Тгаnscript) - кредиттер мен бағаларды әріппен және санмен көрсететін тиісті оқыту кезеңінде өтілген пәндердің тізбесі бар белгіленген нысандағы құжат;
тьютор (Tutor) – нақты пәнді игеру бойынша студенттің академиялық кеңес рөліндегі оқытушы;
білім алушылардың үлгірімін ағымдағы бақылау – академиялық мерзім ішінде кестеге сәйкес аудиторлық және аудиториядан сабақтарға оқытушымен жүргізілетін білім беру бағдарламаларына сәйкес студенттердің білімдерін жүйелі түрде тексеру;
аралық бақылау - бір оқу пәні (модуль) үлкен тарауын аяқтау кезінде дәріс алушылар оқу жетістіктерін бақылау. Оқу кезеңінде академиялық күнтізбелік кестесіне сәйкес жасалады;
эдвайзер (Аdvisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;
емтихан сессиясы – жоғары оқу орындарында студенттерді аралық аттестациялау мерзімі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет