Барокко дегеніміз не?
Музыкадағы барокко (итальян тілінен аударғанда: barokko
– астарлы, əдеттен тыс) 1600–1750 жылдардың арасында кең тараған Еуропа өнер стилі. Ол əсіресе
Италияда, Испа-нияда,
Германияда, Францияда кең таралған. Барокконың əлеуметтік негізі – шіркеудің жəне сол уақыттағы ақсүйектік қоғамның құдіретін дəріптеу.
Барокко кезеңінің композиторлары жəне орындаушылары музыкалық классиканың ажырамас бөлігі болып табылады. Сол уақыттағы шығармалар қазіргі заманда кеңінен орын-далады. Олар – Иоганн
Себастьян Бахтың фугалары, Георг Фридрих Гендельдің «Мессия» ораториясынан «Аллилуйя» хоры, Антонио Вивальдидің «Жыл мезгілдері» концерттері.
Музыкалық
жанрлардың ауқымы кеңейіп, музыкалық шығармалардың күрделілігі арта түсті.
Достарыңызбен бөлісу: