А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка



бет62/92
Дата31.12.2019
өлшемі8,57 Mb.
#54151
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   92

КИНО ЖƏНЕ МУЗЫКА
Сабақта:


  1. Қазақстанның киномузыкасының жетістіктерімен та-нысамыз;




  1. Осы бағытта жұмыс істеген композиторлардың шығармашылығы туралы білеміз;

  2. Киномузыка терминдерімен танысамыз ;




  1. Киноға арнап жазылған шығармалардан үзінді тыңдаймыз.




    • Өзіңнің жақсы көретін киноңды еске түсір.




Алғашқы кезде музыка кинематографияда жалаң, қосалқы міндет атқарды. Пианист (тапёр) жүріп жатқан фильмді сүйемелдеумен ғана шектелді. Дегенмен, сол



97


кездің өзінде əр фильм үшін жеке музыка жазуға əрекет жа-салды. Дыбыс жазушы аппараттың шығуына байланысты (1920 жылдың соңы – 1930 жылдың басы) əр фильм жеке фонограммаға ие болды. Осы кезеңдегі киномузыканың таңдаулы үлгілері Ч.Чаплин фильмдерінен көрініс тап-ты. Фильм музыкасы дыбысты киноның тууынан бастап, кадр ішіндегі киномузыка (кадрда көрсетілген музыкалық аспаптың, əншінің, радионың, т.б. музыка орындауы) жəне кадр сыртындағы киномузыка (фильм идеясын тереңдете түсетін, оқиғаны сипаттайтын, сюжет астарын жеткізетін киномузыка) болып бөлінді. ХХ ғасырдың 30-жылдары-нан бастап фильмдегі кейіпкерлерге музыкалық сипат-тама беру, көбінесе, қарапайым да тұжырымды, көкейге қонымды əндер арқылы жүзеге асты. Киномузыканың бұл саладағы классик үлгілерін композиторлар Дж. Гершвин, И.О.Дунаевский («Көңілді балалар», 1934; «Цирк», 1936, т.б.) жасады.
Ал еліміздегі композиторлардан Қуат Шілдебаев көбіне тарихи тақырыптағы фильмдерге қалам тартады. Олардың арасында «Отырардың күйреуі», «Əбілхайырхан», «Мұстафа Шоқай», «Шал», «Жат» жəне басқалары бар. Композитордың қаламынан қазіргі таңда 20-дан аса филь-мге музыка жазылды.
Ақан Сатаевпен тығыз шығармашылық байланыста жұмыс істеп жүрген Əлім Заиров джаз, электронды музыка мен классика бағыттарын үйлестіреді. Қазіргі таңда оның музыкасы «Аудандар», «Анаға жол», «Ол» жəне Жасұлан Пошановтың «Шлагбаум», Нұртас Адамбайдың «Сабина келін» фильмдерінде орындалады.

Төлеген Мұхамеджановтың 9-ға жуық киносаз туын-дыларында алғашқы жазған 1984 жылғы «Шөп ішіндегі тəтті нəр» фильмнен бастап, соңғы жұмыстарының бірі «Құнанбай» фильмінде Отанына деген сүйіспеншілік пен нəзік лирикалық сезімдер айқын сезіледі. Ал Ренат




Ғайсиннің киномузыкалық туындыларынан ерекше атауға тұрарлық туынды «Жаужүрек мың бала» фильмнің музыкасы.



«Жаужүрек мың бала» кинофильмнен саунд-трек тыңдаңыздар.




  1. Бұл шығармалардың бейнесіне қандай мінездеме беруге болады?




  1. Ол туралы өз пікіріңізді қысқа эссе түрінде жазыңыз.

  2. Бұл шығарманың киномузыкаға қосқан үлесі неде деп ойлайсың?


Мұхамеджанов Төлеген Мұхамеджанұлы – симфония, опера, камералық шығармалары бар. Сан алуан киноларға, театр
қойылымдарына шығармалар жазған. Көптеген əндері, роман-стары, танымал аспаптық музы-калары бар. Ақын, бірнеше жыр жинақтарының авторы.


Қуат Абдоллаұлы Шілдебаев
– 50-ге жуық əн (олардың ішінде «Отан Ана», «Сағым дүние», «Жан Ана», «Осенний мотив»), камералық симфо-ния, оркестр мен фортепианоға арналған концерт, қыл қобыз жəне үрмелі аспаптар оркестріне, орган мен оркестрге арналған шығармалардың авторы.

98 99





  1. Т. Мұхамеджановтың əндерін тақырып бойынша қандай топтарға бөлуге болады?




  1. Т.Мұхамеджановтың киномузыкасы Қазақстан-ның саз өнеріне нендей үлес қосты деп ойлайсың?

  2. Қазақстан заманауи музыка өнерінің қалыптасуы мен дамуына сазгер Қуат Шілдебаев нендей үлес қосты?

  3. Қазақстан сазгерлерінің ішінде киномузыкаға үлес қосып жүрген композиторлар жайлы ақпарат ізде.



    1. Қазақстан киномузыкасындағы көрнекті шығармаларды ата.




    1. Қазақстан киномузыкасының композиторларындағы белең алған стильдік бағыттары жайлы не білесің?




    1. Өзің білетін заманауи музыка шығаратын саз-герлер жайлы əңгімеле.

    2. Компьютерлік бағдарламаны пайдаланып, музыкамен əрленген «Мектепте» атты ролик дайындаңыздар (топпен, келесі сабаққа)




    1. Кинолар мен əндерді сəйкестендір:


«Саржайлау» «Қыз Жібек»


«Шегенің термесі» «Менің атым-Қожа»
«Балапан қаз» «Тақиялы періште»
«Мама» «Көшпенділер»
Осы тапсырмаға ұқсас өз тапсырмаларыңызды құрастырыңыздар






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет