to be (
болу), to have (бар болу) етістіктерінен (олардың негізгі мәндерінде) және
модальды етістіктерден басқа, барлық ағылшын етістіктеріне қолдануға
болады. Біріншіден, Simple тобында бұл етістіктер сұрақтарда
to do көмекші етістігін қажет етпейді. Салыстырыңыз:
Does he
speak English?
Is he a good student?
Did they
go there yesterday?
Have they lectures today?
Does he
swim well?
Can he
swim ?
Do they
work hard?
Must they
work ?
Ескерту: Ауызекі тілде
to have етістігімен көмекші етістік қолданылуы
мүмкін:
Did they
have lectures yesterday?
Екіншіден,
can, may, must модальды етістіктері Continuous және
Perfect топтарында мүлдем қолданылмайды. Тіпті Simple тобында да
оларды өткен және келер шақта қолдануға келмейді, сондықтан мұндай
жағдайда олардың орнына оларды алмастырғыштар қолданылады (бұл
туралы «Модальдылық» бөлімінде сөз етіледі).
Арнайы сұрақтар Жалпы сұрақтардың жасалу схемасын білетін болсақ, арнайы сұрақ
қою қиынға соқпайды. Бар болғаны сөйлемнің басында сұрау сөзін (
не, қайда, қашан және т.б.) немесе сөздер тобын қою қажет, одан әрі
барлығы сол схема бойынша болады: Салыстырыңыз:
Жалпы сұрақ Арнайы сұрақ Does she
sing these songs?
How does she
sing these songs?
Is she
singing? Where is she