А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)



бет55/86
Дата04.10.2020
өлшемі0,82 Mb.
#63894
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   86
- интелект. Ол данышпан болмағанымен , интеллект деңгейі ортадан жоғары болуы тиіс, бұл қабілет жетекшінің ауқымды мәселелерді шешуге көмектеседі.

- инициатива және іскерлік белсенділік,іс-әрекетке деген мотивтің, өзбеттіліктің болуы.

-өзіне -өзі сенімділік. Бұл өзін-өзі бағалау мен тартысқа түсе білу деңгейімен байланысты.

Жетекші жеке тұлға ретінде де өзіндік сапаларды игере алуы қажет.Р.Л.Кричевскийдің тұжырымдауынша қазіргі заманға сай жетекшілердің мынадай сапалары болуы тиіс:



-жоғары кәсібилілік - ұйымдастырушылық қабілеті жоғары болса да ең бастысы жоғары кәсібилік болып табылады.

-жауапкершілік және сенімділік. Жетекші іс-әрекетінде бұл екі сапаның ролі ерекше болып саналады.

- өзіне -өзі сенімділік, өзінің қол астындағыларға әсер ете білу.

- өзбеттілік. Қандай мәселе болмасын ең бастысы жетекшінің жеке пікірі, көзқарасы болуы тиіс.

- міндетті шығармашылықпен шешуге қабілеттілік- бұл жетістікке ұмтылыс.Белгілі психолг Б.М. Тепловтың айтуынша адамның интелектісінің екі түрі болады: теориялық және тәжірибелік. Жетекші үшін тәіжірибелік интеллект маңызды.

-Эмоциялық тепе-теңдік және стреске қарсы тұру қабілеті. Жетекші өзінің көңіл-күйінің қандай жағдайда болғанына қарамастан айналадағы адамдарды қалыпты жағдайда басқара білуі тиіс.

-Қарым-қатынасшылдық және қоластындағыларға жақын болу. Зерттеулерде көрсеткендей жетекші өзінің жұмыс күнінің 3\4 қарым-қатынас жасаумен өткізеді.Ол өзінің жұмыстастарымен тіл табысып, үнемі бұйрық беріп отырмай, бір уақыт олармен ақылдасқаны да жөн.

2. Денсаулық дегеніміз не? Оған көптеген психолгтар әр түрлі анықтама берген.С.И.Ожеговтың сөздігінде «денсаулық дегеніміз- ағзаның дұрыс, қалыпты жұмыс жасауы, оның психикалық және денелік жағынан толық жақсы күйде болуы»

Жаңа ғасырда денсаулық мәселелері жан-жақты көбейді. Ол мәселелердің пайда болуына мына жағдайлар әсер етеді;

-уақыттың аздығы

-ақпараттардың көп көлемді болуы

-жұмыс күнінің қалыптан ұзақ болуы

-бағыныштылар мен жоғарыдағы басшылардың тарапынан үнемі қысымшылық жағдайдың болуы

-тәуекелге баруға мәжбүр ететін жағдайладың болуы

- әр түрлі деңгейдегі бірнеше тапсырмаларды бір уақытта шешу.

Денсаулықтың негізгі үш түрі бар:

- денелік

-психикалық

- рухани

Денелік денсаулық дегеніміз- адамның белсенді іс-әрекет жасауына мүмкіндік беретін ағзаның тұрақты қызмет жағдайы.

Психикалық денсаулық негізгі үш критерий бойынша бағаланады;бейімделу,әлеуметтену, индивидуализация.

Бейімделу дегеніміз-адамның өз ағзасының қызметіне саналы түрде қарауы, өзінің психикалық процестерін реттеуге қабілеттілігі.

Әлеуметтену-адамның өзге адамға тең дәрежеде қарым-қатынас жасауы, жалғыздықтың өлшемі болатындығын және басқа адамдарға деген тәуелділіктің болатындығын мойындайды.

Индивидуализация-адамның өзінің дара және қайталанбас тұлға екендігін саналы түрде сезіну және оны басқа адамдардың бұзуына жол бермеуге деген қабілеттілік.

Адамның рухани денсаулығының негізгі белгілеріне- адамның ішкі жан дүниесінің әсемдігі , байлығы және қоршаған ортаның сұлулығын сезініп соған сай әрекет етуі.

3. Тұрмыста «стресс» сөзі кеңінен қолданылады.Стресс ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерден қозғаушы реакция болып табылады, ол-әртүрлі экстремальды әсерлерге жауап ретінде пайда болатын эмоциялық күйлердің жиынтығы.

Г.Селье бұл реакциялар жиынтығын жалпы бейімделген синдром дей келе оның үш кезеңнен тұратындығын айтқан.

Бірінші кезең- дабыл реакциясы, ол ішкі тітіркендіргіштерге жауап ретінде пайда болады. Оның нәтежиесінде ағзаның өмірлік маңызды процестерінің тепе-теңдігі жойылады. Бұдан кейін қарсыласу кезеңі өтеді, бұл кезеңде ағзаның стреске қарсы тұру қабілеті сынға түседі. Осы екі кезеңде де ағза жағымсыз факторларды жеңе алмаса , үшінші кезең- жүдеу кезеңі басталады.

Мұнда ағзаның қабілеті төмендейді және жағымсыз әсерлерге қарсы тұруы төмендейді.Соның салдарынан мынадай психофизиологиялық блеглері көрінеді;

-алақанның терлеуі

-жүрек соғысының жиілеуі

- көп мөлшерде тер бөлінуі

-тынысалудың қиындауы

-беттің қызаруы немесе солғын тартуы

-қан қысымының жоғарылауы.

4. Стресс-бұл өмірдің қарапайым және ажырамас ерекшелігі.Г.Сельенің айтуынша адам өмірінде стрестің болмауы өліммен тең.Біздің денеміз стрестің қалай әсер етіп жатқандығын сезбейді.Мұнда адамның жағдайды ақыл-ой және эмоциялық тұрғыдан қалай бағалайтындығы шешуші болып табылады. Бұл жағдайда адам өзінің мінез-құлқын саналы түрде басқарады және өзінің мақсаттарын жүзеге асырады. Осы кездегі қысым адамға жағымды әсер етеді, күшін арттырады. Мұндай жағымды стресс түрін эустресс немесе эвстресс деп атайды.

Жағымсыз стрестік жағдайлар көбіне сіз өзіңізді өзгелерге тәуелді, шетте қалғандай сезінгенде болады.Бұл жағдайда адамның оқиға барысына әсер ету

мүмкіндігі шектеулі болады және өзін жағдайдың құрбаны сезінеді.Нашар стресті дистресс деп атайды. Бұл жағдайда адам қанағатсыздықты, қатердің жақын екендігін сезінеді. Неміс психологтары Ф.Т.Готвальд пен В.Ховальдтің айтуынша, тітіркендіргіштер қаншалықты ұзақ және қарқынды болса дистресстің салдары соғұрлым күшті болады.Стреске қарсы белсенді әрекеттер қатарына өзін-өзі психикалық реттеу, релаксация, аутогенді жаттығулар және аутотренингтер, медтитация жатады.

Өзін-өзі реттеу-адамның өз жағдайын реттеу үшін арнайы ұйымдастырылған психикалық белсенділіктің көмегімен өз-өзіне әсер етуі.

Релаксация-саналы түрде денені жүкелік - бұлшықеттік босаңсыту.

Аутотренинг дегеніміз- дененің әр түрлі бөліктері мен мүшелерінің ауыртпалықтарын жоюға саналы түрде психикалық әсер ету.

Медитация- адам психикасын тұрақты жағдайға әкелуге бағытталған ой әрекетінің көмегемен өз-өзі психикалық реттеу әдісі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет