А. Соловьева, Б. Ибраимова


Ағзалардың тіршілік әрекетінде митоз бен мейоздың маңызы әртүрлі



Pdf көрінісі
бет221/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf
1-тапсырма (1) (2)
Ағзалардың тіршілік әрекетінде митоз бен мейоздың маңызы әртүрлі 
болады. 
Митоз­
жыныссыз көбеюдің негізі болып табылады. Митоз жо-
лымен барлық біржасушалы эукариоттар, өсімдіктер мен жануарлардың 
ұрық жасушалары бөлінеді. Митоз ағзаның дене жасушаларының пайда 
болу жолы болып табылады. Митоздың әсерінен дененің пішіні ұлғаяды, 
сонымен бірге зақымдалған жасу ша лар дың қалпына келуі – регенера-
ция құбылысы жүреді. Адамның денесіндегі тері жасушаларында, шаш-
та және тырнақта митоз үздіксіз жүреді. Сүйек жасушаларында бұл 
құбылыс 25 жасқа дейін немесе сүйек сынғанда белсенді түрде жүреді. Ал 
мида митоз құбылысы туғанға дейін ғана жүреді, себебі туғаннан кейін 


182
жүйке жасушалары көбеймейді, тек қана ұзарып өседі. Өсімдіктерде ми-
тоз жолымен түзуші ұлпалар жаңа жасушалар түзеді. Бұларға сабақ тың, 
тамырдың ұштары, бүршіктің ішкі құрылысы, жас жа пырақтар, камбий 
жасушалары және т.б. жатады.
Жынысты бөлінудің негізі – 
мейоз.­
Көптеген ағзаларда жыныс жа-
сушалары – гаметалар мейоздық бө лінудің нәтижесінде түзіледі. 
Көпжасушалы жануарларда, бір жасушалылардың көпшілігінде гаплоид-
ты хромосомалы жыныс жасушалары – гаметалар мейоздық бөлінудің 
нәтижесінде түзіледі. Мысалы, адамның дене жасушаларында 46 хро-
мосома, ал жыныс жасушаларында 23 хромосома болады. Жыныс жа-
сушалары мейоздық бөліну жолымен пайда болады, жыныс бездерінің 
бір жасушасынан гаплоидты хромосомалы 4 гамета пайда болады. Бұлай 
болу себебі, жыныс жасушалары қосылу арқылы ұрықтанады. Аналық 
жұмыртқа жасушасымен аталық сперматозоидтың қосылуы нәтижесінде 
диплоидты жиынтықты 46 хромосома түзіледі. Гаплоидты хромосомалы 
гаметалардың қосылуының нәтижесінде адамның зиготасында 46 хро-
мосома болады. Зигота – ұрықтанған жұмыртқа жасушасы немесе кез 
келген көпжасушалылардың ұрығы екенін есте сақтау керек. Жыныс 
жасушалары көбінесе көбеюге қабілетті емес (партеногенезден басқасы). 
Олар не ұрықтанады, не тіршілігін жояды. 
Көптеген өсімдіктерде және саңырауқұлақтарда мейоз жолымен га-
металар емес, споралар түзіледі. Бұл дене (сома) жасушалары біркелкі 
гаплоидты хромосомалы ағзаларда болады. Егер де олардың жасуша-
лары гаплоидты хромосомалы болса, онда олар мейоз жолымен бөліне 
алмайды, себебі хромосома санын одан әрі азайта алмайды (хромосома 
саны бірден кем болмайды). Ол туралы келесі тақырыптарда айтамыз. 
Бірақ көптеген ағзалардың дене жасушаларының хромосомасы диплоид-
ты жиынтықты болады. Олардың жыныс жасушаларындағы хромосома 
саны дене жасушаларына қарағанда екі есе аз болады. 
Митоз және мейоздан басқа жасушалардың тағы бір бөліну жолы 
амми-
тоз
бар. Ол митозға ұқсас болады, бірақ аналық жасушадағы хромосома 
бірдей бөлінбейді. Егер адам ағзасындағы дене жасушалары амитоз жолы-
мен бөлінді деп қарастыратын болсақ, пайда болған жас жасушалардың 
біреуінде – 48, екіншісінде – 44 хромосома болуы мүмкін. Мұндай жасу-
шалар тіршілік қабілеті дұрыс ұрпақ бере алмайды. Олардың тіршілігі 
ұзаққа созылмайды, басқа да ұлпалары немесе мүшелері бар ағза түзе 
алмайды. Осы жолмен эндосперм (өсімдіктің тұқымындағы қоректік 
заттар қоры) түзіледі. Онымен ұрық жасушалары қоректенеді. Екінші 
бір мысал, сүтқоректілердің ұрығының қабығы – қағанақты (
плацента

алуға болады. Туғаннан кейін бұл қабық ағзадан шығарылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет