А. Соловьева, Б. Ибраимова


§47. Споралы өсімдіктердің тіршілік циклі



Pdf көрінісі
бет231/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf
1-тапсырма (1) (2)
§47. Споралы өсімдіктердің тіршілік циклі 
Мүктер мен қырықжапырақтардың мысалында жынысты және 
жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін түсіндіру
Гаплоидты және диплоидты, митоз және мейоз, гаметалар және зигота 
дегеніміз не? Олардың арасында қандай байланыс бар? 6-параграфтағы мате-
риалдарды еске түсіріп, мүктер мен қырықжапырақтардың ерекшеліктерін 
айтыңдар.
гаметофит және спорофит
. Споралы өсімдіктер – мүктер мен қырық-
жапырақтардың тіршілік циклі екі фазадан тұрады: спорофит және га-
метофит. 
Спорофит
– өсімдіктердің тіршілік цикліндегі жыныссыз ұрпақ. Бұл –
өсімдіктердің спора түзу сатысы. Спорофит – әрқашан диплоидты, ал 
споралар әрқашан гаплоидты болады. Сондықтан споралар мейоз жо-
лымен түзіледі. Спорофит – аталық пен аналықтың (сперматозоид және 
жұмыртқа жасушасы) қосылуынан пайда болған зиготадан түзіледі. 
Сондықтан спорофит жасушаларында хромосоманың жиынтығы екі есе-
ленген болады. 
Гаметофит
– өсімдіктердің тіршілік циклін дегі жынысты ұрпақ. 
Бұл сатыда гаметалар түзіледі. Гаметофиттердің жасушалары гаплоидты, 
гаметалары жасушалардан митоз жолымен түзіледі. Гаметофиттердің өзі 
гаплоидты споралардан пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет