А. Соловьева, Б. Ибраимова


құрылысы. Сүйектің химиялық құрамы



Pdf көрінісі
бет102/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

құрылысы. Сүйектің химиялық құрамы 
Сүйектердің химиялық құрамын, макро-және микроскопиялық
құрылысын зерттеу
Сүйек ұлпасының құрамына қандай қо сылыстар және не үшін кіретінін 
айтыңдар. Оссеин дегеніміз не? 
Сүйектердің макроскопиялық құрылысы. 
Сүйек дәнекер ұлпасының 
бір түрі болып табылатын 
сүйек­ ұлпасынан
түзілген. Сүйектердің 
көпшілігі сыртқы тығыз және ішкі кемікті заттан тұрады. Ол денеде 
жалпақ және түтік тәрізді сүйектің басында болады (70-сурет). Кемікті 
зат сүйек механикалық жүктемеге ұшырайтын бағытқа сәйкес доға 
тәрізді орналасқан
­табақшалардан­
тұрады. 


134
Сүйек сыртынан онымен тұтасып өскен, созылғыш ұлпа 
сүйекқаппен
жабылған (буын беті нен басқа). Сүйекқапта қан тамырлар мен жүйке 
ұштары – рецепторлар орналасқан. Олар сүйектің тірі жасушаларын 
қоректенді ру, оттек жеткізу және зиянды заттарды шығарып тастау 
үшін керек. Сүйек сүйекқап жасушаларының ішкі қабатының бөлінуі 
есе бінен өседі. Түтік тәрізді сүйектерде бұл жуандап өсуін, ал жалпақ 
сүйектерде барлық бағытта өсуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сүйек 
зақымданған кезде (сынғанда, жарылғанда) қалпына келу үшін сүйекқап-
тың маңызы зор. 
Сүйектің ұзынына өсуіне түтік тәрізді сүйек басының бетінде бола-
тын 
шеміршек­ұлпасы
әсер етеді. 
Сүйектердің микроскопия лық құрылысы. 
Сүйек тер бір неше жасуша 
типінен тұрады. Олардың негізгісі – 
остеоциттер
. Бұлар – өсінділері бар 
домалақ немесе сопақша жасушалар. Сонымен қатар сүйек ұлпасында 
жас, қалыптаспаған жасушалар – 
остеобластар­
болады. Олар сүйектің 
өсуінде және зақымданған соң қалпына келуінде маңыз ды рөл атқарады. 
Сүйек жасу шаларының үшінші типі – 
остео­­кластар
. Бұл сүйектер осы 
жерде сүйек түзілмей тұрып, шеміршек ұлпасын жояды. Адам ұрығында 
алдымен ше міршекті қаңқа қа лыптасады. Жүк тіліктің екін ші жартысын-
да нағыз сүйек қаң қасы қалыптаса бастайды. Ағзаның толық сүйектенуі 
дене өсуі тоқтаған кезде 20–25 жаста жүзеге асады. Кейінірек сүйек 
заттарының баяу жаңаруы жүреді. 
Сүйек ұлпасының жасуша аралық заттары қатты болады. Осыған 
байланысты сүйек жасушаларын қоректік заттармен және оттекпен 
қамтамасыз ету үшін арнайы жүйе – 
остеон­
қалыптасады (71-сурет). Ол 
1
2
3
4
5
7
8
6
70-сурет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет