170
§42. Эндокринді безінің қызметі және
оларға байланысты аурулар
Эндокринді бездер қызметінің бұзылуынан туындаған
ауруларды атау
Эндокринді бездер ағзаның басқа да мүшелері сияқты ауруға
шалдығуы мүмкін. Олардың қызметінің бұзылуын үлкен екі топ қа
бөлуге болады:
Ағзада гормондар мөлшерінен көп бөлінсе
гиперфункция
, мөл-
шерінен аз бөлінсе
гипофункция
деп атайды. Гормондардың мөлшерден
тыс көп бөлінуі де, аз бөлінуі де қауіпті. Кез келген бездің
ги-
пер
және
гипофункциясы
қауіпті ауру тудыруы мүмкін. ішкі сек-
реция бездеріне гипофиз, қалқанша без, қалқаншамаңы бездері,
айырша без, бүйрекүсті бездері және т.б. бездер жатады.
гипофиз
– негізгі ішкі секреция безі (95-суретті қараңдар). Ол
аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні
үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдарда салмағы 0,5–0,65 г-ға жетеді.
Бұл без 25 түрлі гормон бөледі. Оның гормондары ұйқы безінен басқа
бүкіл ішкі секреция бездерінің қызметін басқарады. Гипофиздің
сома-
тотропин
(өсу) гормоны барлық ұлпа мен ағзаға әсер етеді.
Өсугормо-
ны
қаңқа мен бұлшық еттің өсуіне әсер ете отырып, ағзаны дамытады.
Егер өсу гормоны жеткіліксіз мөлшерде түзілетін болса, адамның бойы
өспей,
ергежейлілік
пайда болады. Ал артық түзілген жағдайда (гипер-
функция)
алыптықауруына
шалдығады. Адамның сүйектері 25 жасқа
дейін ұзарып өседі.
Акромегалия
– ересек адамдарда өсу гормонының көп
бөлінуінен пайда болатын ауру. Бұл жағдайда адамның саусақтары, аяқ
және бет сүйектері ұзарып өседі.
Достарыңызбен бөлісу: