203 12-бөлім. ТҰқыМқуАлАуШылық ЖӘНе өзгеРгіШТіК зАңДылықТАРы §50. Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің
эволюциядағы рөлін дәйектеу
Тұқымқуалаушылыққа қандай жасушалар мен құрылымдар жауап береді? Му- тация мен модификация нәтижесінде пайда болған тұқымқуалаушылық белгілері мен тұқымқуалаушылықтың айыр машылығы неде? Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік – тірі ағзаларға тән ортақ қа- сиет. Тұқымқуалаушылық – тірі ағзалардың ата-аналарына ұқсау қабілеті
(105-сурет). Яғни ататектеріне тән қасиеттерді сақтап, ол белгілерді
ұрпақтарына береді. Көбею кезінде тірі ағзалардың бұл қасиеттері
ДНҚ-ның бөлінуі (репликациясы) арқылы генетикалық ақпараттардың
ұрпақтарына берілуін қамтамасыз етеді.
Өзгергіштік – тірі ағзалардың өз ата-аналарынан ерекшелену
қасиеті. Түр даралары жынысты жолмен көбейген кезде ата-аналарының
белгілерін толығымен көшіріп ала алмайды. Олар ата-аналарының
екеуінің де қасиеттерін өз ағзасында біріктіреді.
Шынында, жыныссыз көбею кезінде
де
даралар
ата-аналарының
толық
көшірмесі бола алмайды. Өзгергіштікті
өлшеп, талдау жасауға болады. Ол
қоршаған ортаның әртүрлі әсерінен пай-
да болады. Вегетативті жолмен көбейген
өсімдіктер бір жерде тіршілік еткеніне
қарамастан
бір-бірінен
ерекшеленеді,
олардың біреуі вируспен зақымданған,
екіншісі зақымданбаған болуы мүмкін,
үшінші біреуі көбірек қоректік заттармен
қамтамасыз етіледі, төртіншісі көлеңкеде
қалып қоюы мүмкін.
өзгергіштіктің түрлері. Өзгергіштіктің
екі түрі болады:
тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын. Сонымен
бірге
тұқым қуалаушылық
үйлесімдік (комбинативтік) және
мутациялық деп
бөлінеді
. 105-сурет.