27
тәрізді қы рық жапырақтар қазіргі кезде
де өседі. Мүктәрізділер мен қырықжапы-
рақ тә різділер споралы өсім діктерге жа-
тады. Сондықтан олар ға көбею мү шесі –
спорасы бар спорангий тән (19-сурет).
Ашықтұқымдылар
– көбею мү шесі
ре тінде алғаш рет тұқымы, сондай-ақ
нағыз мықты тамыры қалыптасатын
өсімдік бөлімі. Ашықтұқымдылар дың
шығу тегі – жойылып кеткен
тұқым-
ды қырықжапырақтар
бол ды. Сонымен
қатар көптеген ежелгі ашық тұқымдылар да жойылып кетті. Қазіргі
ашықтұқымды өсімдіктер, негізі нен,
қылқанжапырақтылар класы-
нан
тұрады. Оларға шырша, қарағай, балқарағай, арша және т.б.
ағаштар жатады (20-сурет). Өсімдіктер дің осы бөлімінің маңызды
ерекше лігі – көбею мүшесі ретінде тұқымының пайда болуы.
Спорасы бар спорангий жойылып, оның орнына тұқымы бар бүр пай-
да болады. Қылқанжапырақтылар класының маңызды белгісі –
ерекше инетәрізді жапырақтары – қылқаны болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: