Тісжегі және оның асқынуы:
микробтар әсерінен дентиннің бұзылуы (тісжегі – кариес)
Дентин
Пульпа
Кіреуке
53
Тіс пен қызылиекке темекі шегу кезінде бөлінетін никотин көп зиян
келтіреді.
Тіс қаптамасы, тіс түбірі, пульпа, кіреуке, ит тістер, күрек
тістер,азутістер,сүттістер,ақылтіс.
Білу және түсіну:
1. Ағзаға тіс не үшін қажет екенін түсіндіріңдер.
2. Кіреуке дегеніміз не? Ол қандай рөл атқарады?
3. Тістің сыртқы және ішкі бөліктері мен қабаттарын атаң дар.
қолданылуы:
1. Тіс қаптамасы, мойны мен түбірінің қызметін сипат таң дар.
2. Тіс типтері (құрылысы бойынша) мен олардың рөлі арасын дағы бай-
ланысты анықтаңдар.
3. Кіреуке, дентин мен жұмсақ ұлпасының (пульпа) рөлі қандай?
Талдау:
1. Тістің зақымдану себептері туралы пікірлеріңді айтыңдар.
2. 33-суретті қарап, бейнеленген тіс бөліктерінің қызметін тү сін діріңдер.
3. Гигиена ережелерін сақтау тістерді сақтауға мүмкіндік бе ре тінін мы-
салдар келтіріп дәлелдеңдер.
Синтез:
1. Типтерге бөлінген тістер неліктен тек сүтқоректілерде пайда болғанын
талқылаңдар.
2. «Адам тістерінің жеке және тарихи даму барысында өз геруі» деген
тақырыпқа эссе жазыңдар.
Бағалау:
1. «Тісті сақтауға арналған жаднама» жасаңдар. Оны жарнама өнімі
ретінде түрлі түсті буклет және т.б. түрінде рәсімдеңдер.
2. М. Әлімбаевтің: «Асығыс жеген тамақ асқазанға түскен тас сияқты»
деген пікірі мен қазақ халқының «Ауру ауыз ар қылы кіреді» де-
ген мәтелін талқылаңдар және баға лаң дар. Кез келген тісте жүретін
жұқпалы ауру үдерісі (ин фек циялық) асқорыту мүшелеріне ғана емес,
бүкіл ағзаға әсер ететінін дәлелдеңдер.
|