60
Дұрыс тамақтану
– денсаулық кепілі. Тек дұрыс тамақ танған кез-
де қоректік заттар толық сіңіріледі (39-сурет). Адам алуан түрлі және
теңдестірілген тамақты жеуі керек. Тамақ құрамында міндетті түрде
өсімдіктекті және жануартекті заттар болуы тиіс. Дұрыс тамақтану
туралы ғылым
диетология
деп аталады. Ас жақсы қорытылуы үшін
көгөністер мен жидектер жеп, шырындар, сұйық тамақ ішу керек.
Тамақ ішу ережесі.
Адам белгілі бір уақытта тамақ ішуі керек.
Осындай жағдайда асқорыту сөлі өз уақытында бөлінеді де, тамақ тез
қорытылады әрі сіңіріледі. Балалар мен жасөспірімдер күніне 4 рет
тамақтануы тиіс. Ересек адам күніне 3 рет тамақ ішуі керек.
Диетолог-ғалымдар мынадай ережелер ұсынады: бір тәулікте ішетін
тамақтың 20%-ын таңғы аста, 20%-ын кешкі аста, екінші таңғы ас пен
түскі аста 30%-дан ішу керек.
уақытылы тамақ ішпеу асқазан ауруы на – асқазан қабынуы мен
жарасына себеп болуы мүмкін. Артық тамақ ішу де зиян. Кешке
ұйықтаудан кем дегенде 1,5 сағат бұрын тамақ ішу керек. Тамақ жеген
кезде сөйлеуге, теледидар көруге болмайды. Тамақ өте ыстық не суық
болмауы тиіс. Майлы және ащы тамақ жеу де зиян. Тамақ жеп болған
соң ауызды шайып, тісті тазалау керек.
Дизентерия,ішсүзегі,тырысқақ,ботулизм,диетология.
39-сурет.
Дұрыс тамақтану – денсаулықтың кепілі
61
Білу және түсіну:
1. Гигиена ережелерін сақтау не үшін керек екенін түсіндіріңдер.
2. Асқорыту мүшелерінде пайда болатын проблема түрлерін сипаттаңдар.
3. Денің сау болу үшін қашан тамақ ішу керек екенін түсіндіріңдер.
қолданылуы:
1. Асқорыту жолдары ауруларының себептерін анықтаңдар.
2. Тамақтан улану себептерін атаңдар және оның алдын алу ережелерін
айтыңдар.
Әртүрлі улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмекті сипаттаңдар.
Талдау:
1. «ішекқұрттарды және жұқпалы ауруларды жұқтыру жолдары» деген
сызба сызыңдар.
2. Тамақтан улану кезіндегі алғашқы көмек көрсету үдерісін талдаңдар.
Синтез:
1. Тамақтану гигиенасы ережелеріне жалпы сипаттама бе ріңдер.
2. Тамақтан улануды тудыратын ағзалардың ағзаға түсу жолдарына мы-
салдар келтіріңдер.
Дұрыс тамақтану ережесін атаңдар. Оның қандай артықшылықтары
бар? Ұсынған әрбір ережені қолдануды негіздеңдер.
Бағалау:
1. Адам ағзасына ішекқұрттардың, асқазан-ішек жолдары аурула-
ры қоздырғыштарының түсуіне және тамақтану гигиенасын бұзуға
адамның өзі жауапты деп есептейсіңдер ме? Асқорытуға байланысты
проблеманың алдын алуға бола ма? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.
2. «Тамақты ұзақ шайнаған адам, ұзақ өмір сүреді» деген пі кірді тал-
қылаңдар және өз пікірлеріңді айтыңдар.
3. «Асқорытуға байланысты проблеманың алдын алуға адам ның өзі жа-
уапты» деген тақырыпқа дебат ұйым дас ты рыңдар
.
|