А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет7/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Бөліп шығарушы ұлпалар
алуан түрлі. Жасуша қабық шасы тірі және 
жұқа күйінде ұзақ сақталады. Оларда түрлі заттар түзіледі. Бөлінген 
иісті және тәтті заттар тозаңдандыратын жәндіктерді өзіне еліктіреді, ал 
эфир майлары малға жем болудан сақтайды.
Жануарларда
ұлпалардың 4 типі: эпителий, дәнекер, бұлшық ет, 
жүйке ұлпалары болады. 
Эпителий ұлпасының
жасушааралық заттары аз және бір-бірімен 
тығыз орналасқан. Олардың қалпына келу 
(регенерация)
қабілеті жақсы 
жетілген. Бұл ұлпа атқаратын қызметіне байланысты төмендегі типтерге 
бөлінеді (6-сурет).
Жабынды­ эпителий
– терінің үстіңгі қабатын, көз, мұрын, ауыз, 
асқазан қуысы, тікішек және т.б. шырышты қабығын түзеді. Ол 
көпқабатты (тері, ауыз қуысының шырышты қабығы) немесе бірқабатты 
(бүйрек өзекшелері) болады. Оның негізгі қызметі – қорғаныш және 
бүйрек пен ішекте заттарды сіңіру.


11
а
а
ә
ә
б
б
6-сурет. 
Эпителий ұлпалары:
а) безді эпителий; ә) кірпікшелі эпителий;
б) жабынды эпителий
7-сурет.
Дәнекер ұлпаларының түрлері:
а) тығызталшықты; ә) шеміршекті
б) сүйекті дәнекер ұлпалар
Ағзадағы барлық бездер (тер, май, сілекей, бауыр) 
безді­ эпителий-
ден
түзілген. Оның қызметі биосинтез және түрлі бөлінділерді (сілекей, 
жас, тер, сөл және т.б.) бөліп шығару. 
Кірпікшелі
немесе 
тербелмелі­эпи-
телий
кірпікше тәрізді өсінділерге ие. Тыныс жолдарында орналасқан. 
Олар шаң-тозаң бөлшектерін ұстап қалады.
Дәнекер ұлпалары
бір-біріне мүлдем ұқсамайтын бірнеше типтен 
тұрады. Бірақ олар жалпы шығу тегі бойынша және 
жасушааралық­
заттарының
көп болуымен бір топқа біріктірілген (7-сурет). 
Жасушааралық заттар қасиетіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Мы-
салы, қанда ол сұйық, сүйекте – қатты, шеміршекте серпімді, созылмалы 
болады. 
Борпылдақ­дәнекер­ұлпасынан
теріасты май жасұнығы түзілген. 
Тығыз­ дәнекер­ ұлпасы
– байлам, сіңір, қан тамырлары қабырғасының 
негізін құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет