Жауабы:
№
|
Көркемдегіш құралдар (троптар)
|
Айшықтау түрлері
(фигура)
|
1.
|
эпитет
|
риторикалық сұрақ
|
2.
|
метафора
|
егіздеу (параллелизм)
|
3.
|
теңеу
|
инверсия
|
4.
|
литота, гипербола
|
арнау
|
5.
|
синекдоха
|
қайталау
|
6.
|
метонимия
|
шендестіру
|
7.
|
кейіптеу т.б.
|
эллипсис т.б
|
Тапсырма
Шығармадағы көркемдегіш құралдары мен айшықтау амалдарын табыңыз.
Қазақтың осы бір алтыбақан, ала ауыздығын қалай жоюға болар екен? Осы қалпында ру-руға бөлініп, тарыдай шашылып, басы бірікпей өтер ме екен дүниеден?
Атың — Дохалдай, атағың дардай. Алпамсадай бойың бар, ішің неге сонша тар жаратылды екен осы сенің?
Кешегі жаңбырдан кейін Абдыра өзенінің түсі бұзылып, тасыңқырап жатқан-ды. Әлгілер ат құйрығын бұратын мол судың жайылмалау тұсына аттарын қамшылап қойып-қойып кетті де, бергі жағаға кешіп өте шықты.
Айналаны бір сұсты тыныштық билеп алған. … Арадағы қызыл тіл адам пендесін айнытпай, аздырмай қоя ма?!
Тапсырма
Шығармадан бір үзіндіге мысал келтіре отырып, көркемдегіш құралдары мен айшықтау амалдарын анықтаңыз.
үзінді
үзінді
үзінді
үзінді
Тапсырма
Үзінділердегі табанға тапталған жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтап, сәйкестендіріңіз.
Адамзатты сүю, ынтымақ
Ар-ождан,
қиянат жасамау
Адамның өмірі
А
В
С
1.
2.
3.
Еліріп алған есер жұрт мұнымен де тынған жоқ. Кешеуілдеп келіп, малдан үлес тимей қалғандары енді ақ үйлерді талауға кірісті. Жайлауға көшер алдында буып-түйіп қойған тендерді талқандап, қолға іліккен асыл бұйым, киім-кешекке дейін бөлісіп әкетіп жатыр.
Ит те, құс та тырбанып тірлік етіп жатқан осынау қым-қуыт дүниеге бір басының сыймағанын ойлағанда, өзін қатты аяп кетіп еді. Жат жерде жүрсе бір сәрі, өз еліне, өзінің туған топырағына сыйдырмады ғой... .
Қырық құрау қара тобырдың сырт жағында
атқа мінген бір шоғыр адамдар көрінеді. Демежан оларды жазбай таныды: Төртуылдың қазіргі үкірдайы Көксеген бастатқан осы елдің зәңгі-елубасылары. Сол топта Байсерке, Ысқақ, Тыныбайлардан басқа, Мамырбек, Тұрысбек, Таңғыт үкірдайлар да тұр екен
Достарыңызбен бөлісу: |