1 Практикалық тапсырма
1.1 «My biography» тілдік тақырып
1.1.1 Фонетикалық-орфоэпиялық жұмыс:
- кестенің бірінші қатардағы берілген сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңыз;
- оқытушыдан кейін дауыстап айтыңыз (жанды дауыс және аудиожазба).
1.1.2 Лексикалық немесе орфографиялық жұмыс:
- дәптерге өзіңіздің туған күніңізді, өз мұғаліміңізді, мектеп атауын жазыңыз (жұмыс оқытушының жетекшілігімен орындалады);
- өз жазуларыңызды дауыстап оқыңыз;
1.1.3 Аудару және сөйлеу бойынша жұмыс:
-Бірінші қатардағы сөздерді қолданып, оқытушының сұрақтарына жауап беріңіз (Қашан тудың? Қайда тудың? Мектепке дейін немен айналыстың? Мектепте қай кезеңде оқыдың? Бірінші мұғалімнің аты кім? Сенің дамуыңа әсер еткен кім?)
1.1.4 ФСК сүйенбей өзіңіздің өмірбаяныңызды жазбаша түрде құрастырып көріңіз;
1.1.5 Жазуға сүйенбей өз өмірбаяныңызды құрастырып көріңіз.
1.2 «Family relationships» тілдік тақырып
1.2.1 Фонетикалық-орфоэпиялық жұмыс:
- Екінші қатардағы берілген сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңыз;
- оқытушыдан кейін дауыстап оқыңыз (жанды дауыс немесе аудиожазба);
1.2.2 Лексикалық және орфографиялық жұмыс:
-дәптерге әкеңнің, анаңның, ағаңның, әпкеңнің, туыстарыңыздың мамандықтарының атауын жазыңыз («Субъект және оның біліктілік мінездемесі» мағыналық типтегі сөйлемді белсенді түрде қолдануға үйрету: My father/mother is a doctor/teacher (оқытушының жетекшілігімен орындалады);
- өз жазуларыңызды дауыстап айтыңыз.
1.2.3 Аудару және сөйлеу бойынша жұмыс:
- екінші қатардағы сөздерді қолданып, оқытушының тапсырмаларын орындаңыз (Өзіңнің әкең туралы айтып бер. Өзіңнің анаң туралы айтып бер. Өзіңнің ағаларың мен әпкелерің туралы айтып бер) («Субъект және оның сандық мінездемесі» сөйлеуде белсенділік жұмысы : I have two brothers and one sister.)
1.2.4 ФСК сүйенбей өзіңіздің туыстарыңыз туралы жазбаша түрде монолог құрастырып көріңіз;
1.2.5 Жазуға сүйенбей өзіңіздің отбасыңыз туралы монолог құрастырып көріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |