Ахметжанов о. Н. Жануарлардың КӨз аурулары оқу құралы семей, 2012 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет102/147
Дата06.02.2022
өлшемі7,92 Mb.
#79188
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   147
Байланысты:
7e7b7439-84b7-11e3-9ea3-f6d299da70eeкоз-3
7e7b7439-84b7-11e3-9ea3-f6d299da70eeкоз-3
Шыны тәрізді денеге қан құйылу. Көзге тиген соққыдан және тағы басқа механикалық жарақаттардан торлы қабықтың, тамырлы қабықтың және кірпікті (цилиар) дененің қан тамырларының үзілуі салдарынан шыны тәрізді денеге шектеулі немесе тұтас қан құйылады. Бұл шыны тәрізді денеге «іштен қан құйылу» деп аталады. Көздің қасаң қабығының тесілген жарақатында шыны тәрізді денеге сырттан да қан құйылуы мүмкін. Бұл жағдайда көздің ішкі қысымы күрт азайып, торлы қабық пен тамырлы қабықтың қан тамырларын қан кернеп, олардың қабырғаларының бүтіндігі бұзылмаса да қысымның әртүрлілігі салдарынан қан тамырлары қабырғасынан қан шығып (диффузия) шыны тәрізді денеге сіңеді.
Белгілері. Шыны тәрізді денеде жолақты немесе тұтас қызыл, қызыл қоңыр, кейде сарғыш түсті бұлдырлану байқалады. Қан құйылулардан пайда болған қан түйірлері шыны тәрізді денеде жүзіп жүрген қоңырқай немесе қара дақтар түрінде көрінеді. Құйылған қан мөлшері көп болса шыны тәрізді дене тұтас бұлдырланып, мөлдірлігін жоғалтады. Егер қан торлы қабық жақтан құйылса, көлемі шағын және шыны тәрізді дененің артқы жағында орналасады. Ал кірпікті дене мен тамырлы қабық жақтан құйылған қан шыны тәрізді дененің алдынғы тұсында орналасады. Көзінің шыны тәрізді денесіне қан құйылған жануарлар жарықтан қорғанады, қабағын ашпайды. Көз аумағы ісініп, ауырсынады.
Емі. Ауру мал тыныш, қаракөлеңке қораға қойылып, көзінің жарақаттары емделеді. Көзге соққы тиген болса алғашқы күні суық компресс, ал екінші күннен бастап жылулық емдер жасалады. Көзге антибиотиктер қосып ретробульбарлық новокаин блокадасын жасаған тиімді. Уақытында емдесе көлемі кіші, шектеулі қан құйылулар 1- 2 аптада, ал тұтасқан қан құйылу 3 - 4 апта шамасында тарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет