Ахметжанов о. Н. Жануарлардың КӨз аурулары оқу құралы семей, 2012 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет69/147
Дата06.02.2022
өлшемі7,92 Mb.
#79188
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   147
Байланысты:
7e7b7439-84b7-11e3-9ea3-f6d299da70eeкоз-3
7e7b7439-84b7-11e3-9ea3-f6d299da70eeкоз-3
Қасаң қабықтың қабынуы(keratitis) кератит. Жануарлардың оның ішінде ауылшаруашылық малдарының жиі кездесетін көздің қасаң қабығының ауруы. Зерттеулерге қарағанда қасаң қабықтың қабынуы барлық қабынумен сипатталатын көз аурулары ішінде кездесу жиілігі бойынша 16,7% - ды құрап, конъюнктивиттен кейінгі екінші орынды алады. Көздің кератитке шалдығу себептері механикалық, физикалық, химиялық факторлардан болуы мүмкін. Сонымен бірге іргелес көз құрылымдарының қабынулары қасаң қабыққа ауысып, кератит туғызады. Кейде кератит инфекциялық және инвазиялық аурулардың салдарынан болады. Инфекциялық аурулардың (ит обасы т.б) қоздырушылары қанмен, лимфамен көзге жетіп, екінші реттік кератиттер туғызады. Инвазиялық аурулардан телязиозды (ноғала) атап айтуға болады. Телязиоз қоздырушысы ұсақ жұмыр құрттар екені белгілі. Олар конъюнктива қапшығында паразиттік тіршілік етіп, қасаң қабықты жарақаттайды, қабындырады. Сөйтіп екінші реттік кератит дамиды. Кератит жануарларды азықтандыру, бағып – күту кемістіктерінен де туындайды. Азықта А және С витаминдерінің жетіспеуі, қорада амиактың шамадан тыс жоғары болуы немесе қора ауасының аса ылғалды немесе аса құрғақ, шаң - тозаңды болуы да осы аурудың туындауына себеп болады.
Кератиттің түрлері:

  1. Беткейлі кератиттер,

  2. Терең кератиттер.

Беткейлі кератиттер жіктеледі: катаральды кератит, тамырлы кератит, іріңді кератит, фликтенулезді және пустулезді (іріңді күлдіреуікті) кератиттер.
Терең кератиттер жіктеледі: асептикалық кератит, іріңді кератит.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет