«Перғауындықтарды сұрқай азап баурап алды. Олар ертелі- кеш отқа ұсынылады 1 . Қиямет-қайым болған күні: «Перғауындықтарды азаптың ең ауырына кіргізіңдер!» – делінеді» 2 ;
«Аллаһ иман келтіргендерді дүние тіршілігінде де, Ақыретте де мықты сөзбен бекітеді» 3 .
Мүмін пенде өмірде қандай қиындық көрсе де, «Аллаһтан
басқа ешбір құдай жоқ. Мұхаммед – Аллаһтың елшісі» деген
сенімнен айнымайды. Әрі қабірдегі сұрақтарға да дұрыс жауап
береді. Ал залымдарды Аллаһ сөзден жаңылдырады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) жоғарыдағы аятты: