Ол екеуі: «Иә. Сен көрген езуі жыртылып жатқан – жалған
сөйлеп,
(өтірігі)
жан-жаққа тарайтын өтірікші, енді өзің
көргеніңдей Қиямет күніне дейін оған солай істеледі. Ал сен
көрген басы мылжаланып жатқан – Аллаһ Құран
үйреткенмен, түнді ұйқымен өткізіп, күндіз оған амал
қылмаған кісі, енді Қиямет күніне дейін оған солай істеледі.
Сен шұңқыр ішінен көргендер – зинақорлар, өзендегі көргенің –
өсімқорлар. Ағаш түбіндегі қария – Ибраһим
(аләйһис-сәләм)
,
оның айналасындағы балалар – адамдардың
(жастай шетінеген)
балалары, от жағып отырған – тозақтың сақшысы Мәлік.
Сен кірген бірінші үй – жалпы мүміндердің үйі, ал мына үй –
шәһидтердің үйі. Мен – Жәбірейілмін, мынау – Микаил. Енді
|