IV, V,VI белгілер:
Жердің ойылып түсуі
Қияметтің үлкен белгілерінің үшеуі жердің ойылып түсуі: бірі
шығыста, екіншісі батыста, ал үшіншісі Араб түбегінде.
Қияметтің кіші белгілерінде жердің ойылып түсуі туралы
айтқанбыз. Бірақ бұл жерде жердің ойылуы үлкен көлемде
болады.
Умму Сәләмә (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.):
«Менен кейін шығыста жер ойылып түседі,
батыста жер ойылып түседі, Араб түбегінде жер ойылып
түседі»
, – деген. (Умму Сәләмә (Аллаһ оған разы болсын)):
«Мен: «Арамызда ізгі адамдар бола тұра, жер ойылып түсе
ме?» – деп едім, Аллаһ елшісі (с.а.с.):
«Егер
(жер)
тұрғындары
бұзақылықты көбейтсе»
, – деп айтты»
, – деген
1
.
Достарыңызбен бөлісу: |