Ақырет өткелдері


«Мүміндер тозақтан құтылған соң



Pdf көрінісі
бет437/514
Дата23.12.2021
өлшемі1,47 Mb.
#128123
1   ...   433   434   435   436   437   438   439   440   ...   514
Байланысты:
Ақырет-өткелдері

«Мүміндер тозақтан құтылған соң, 
жаннат  пен  тозақ  арасындағы  Қантараға  тоқтатылады. 
Дүниеде  араларында  болған  зұлымдықтары  үшін  кек  алады. 
Есептесіп, тазарып болғаннан кейін жаннатқа кіруге рұқсат 
етіледі.  Мұхаммедтің  жаны  қолында  болған 
(Аллаһ)
пен  ант 
                                       
1
 Әл-Бұхари, Муслим. 
2
 Әбу Дауд. 


235
 
 
етейін!  Жаннаттағы  үйлеріңді  бұл  дүниедегі  үйлеріңнен  де 
оңай табасыңдар»
, – деген
1

 
д) Ағраф 
 
Барлық  амалдар  таразыға  тартылып,  сараланып,  жаннаттық 
немесе  тозақтық  адамдар  анықталған  соң,  олардың  арасында 
жақсы амалдары мен жаман амалдары тең болып қалатын жандар 
да кездеседі. Мұндай адамдар «ағрафтықтар» деп аталады. Ағраф 
–  жаннат  пен  тозақтың  арасындағы  бір  мекен.  Олар  Ағрафта 
тұрып,  жаннатқа  қараған  сайын  оған  құштарлықтары  артып 
кіруге  дәмеленеді,  ал  тозаққа  қараған  сайын  қорқыныштан 
дірілдеп, Аллаһтан пана сұрайды. Осылайша, ағрафтықтар Аллаһ 
рұқсат бергенге дейін біраз уақыт Ағрафта қала тұрады да, кейін 
Жаратушы  тарапынан  рақымшылық  жасалып  жаннатқа  кіреді. 
Яғни ағрафтықтардың ақырында барар жері жаннат болмақ. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   433   434   435   436   437   438   439   440   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет