бір салып алып: «Ей, Адам баласы! Сен (дүниеде)
бір қайыр көрдің бе?» – деп (сұралғанда)
, ол: «Жоқ, уа, Раббым!» – деп айтады екен» , – дейді
1
.
Басқа бір хадисте Пайғамбар (с.а.с.) тозақтықтарды сипаттап:
«Тозақтағы кәпірдің екі иығының арасы – жылдам жүрген аттылыға үш күндік жол» , – деген
2
.
Бұл хадистен біздің ұғарымыз, тозақтықтардың азабы арта
түсу үшін Аллаһ тағаланың құдіретімен олардың денесі үлкейіп
кетеді. Жаһаннамда кәпірлердің басына адам ойына сыйғысыз
ауыр азаптар түседі. Рас, Аллаһтың мейірімі өте кең, сонымен
қатар Оның жазасы да қатты.
Келесі бір хадисте азабы ең жеңіл болатын тозақтағы пенденің
жағдайы туралы Аллаһ елшісі (с.а.с.):