«Әлбетте, тозақты сен және саған ілескендермен, солардың барлығымен толтырамын» 2 , –
деген.
ә) Тозақ азабына душар ететін күнәлар
Пендені тозақ азабына ұшырататын күнәлар көп. Оның бірі –
нақақтан кісі өлтіру. Аллаһ тағала:
«Кімде-кім қасақана бір мүмінді өлтірсе, оның жазасы – тозақ. Ол онда мәңгі қалады. Аллаһ оған ашуланып, лағынет етеді және оған ауыр азап әзірлейді» 3 , – деген.
Тағы бірі жаны бар нәрселерді мүсіндеу мен бейнелеу.
Пайғамбар (с.а.с.):
«Қиямет күні тозақтан бір мойын шығады, оның көретін екі көзі, еститін екі құлағы және сөйлейтін тілі бар. Ол: «Маған үш (түрлі адам)
жүктелді: әрбір тоңмойын зорлықшы, әрбір Аллаһпен бірге басқа құдайға дұға қылушы