«Расында, сен Аллаһтан белгіленген мерзімдерді, есептелген күндерді және ажыратылған ризықтарды сұрадың. Ешбір нәрсе мерзімінен бұрын ілгерілетілмейді және Аллаһ ешбір нәрсені мерзімінен кейін кешеуілдетпейді. Одан да Аллаһтан өзіңе тозақ азабынан және қабір азабынан пана болуын сұрасаң, ол сен үшін қайырлы және жақсырақ болар еді» , – деген
4
.
Яғни пенде Аллаһтан өз өмірін ұзартуды қанша сұрағанымен,
ол өлшеулі ғұмыр болғандықтан, мұнан ештеңе өзгермейді. Ол
тек қана Жаратқанға аян. Аллаһ тағаланың Өзі ғана білетін бес
нәрсе бар. Пайғамбарымыз (с.а.с.):