47
«Кемпірқосақ»
Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді
желімдейді. Олар ең төмендегі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске
стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй)
деңгейін білдіреді.
«Кесте толтыру»
Танысу алдында әрбір оқушы мынадай кесте толтырады:
Менің өмірім
Маңызы мезеттері
Менің аты-жөнім
Қыстаубаев Бақытжан Құсайынұлы
Туған жерім, мекен-
жайым
-Туған жерім: Алматы облысы, Жамбыл
ауданы, Қарғалы ауылы.
-Мен қазір Алматы қаласы, Б.Момышұлы
көшесі, 129-үй,10-пәтерде тұрамын.
Менің жанұям
-Біздің жанұяда алты жан бар: әкем, анам, мен,
үлкен ағам мен әпкем, қарындасым 10- сыныпта
оқиды.
Менің ермегім (хобби)
-Қолым боста мен шым-шытырық оқиғаларды
оқығанды ұнатамын. Маған, әсіресе, детективтік
романдар ұнайды.
Менің достарым
-Ауылда менің Әбілғазы мен Сейітжан деген
достарым бар, ал Алматыдағы достарымның
есімдері - Мұрат, Жүніс және Сейілхан.
Өмірімнің
қызықты
мезеттері
-Бала кезде бірінші рет Ақтау қаласына Біржан
ағамыздың үйіне барып, сол жерде Каспий
теңізінде қайықпен жүзіп, балық аулағанымыз
есімде қалды.
-Бірінші
курста
Астана
қаласында
оқушылардың форумына қатысуым.
Бұл жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылар шағын топ ішінде өз
кестелерін бір-біріне оқып, оларды талқылайды. Әр топтан бір-екі оқушының
кестесі бүкіл сыныпқа жарияланады.
Достарыңызбен бөлісу: