Аксондар зақымдануы



бет18/23
Дата23.12.2022
өлшемі479,2 Kb.
#164128
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
жж билет

Баяу гиперкинезиялар.
Баяу гиперкинезиялар атетоз және спастикалық қисық мойынмен көрінеді.
Атетоз — агонист және антагонист бұлшықеттердің ұзақ уақыт бірмезгілде белсенділенуі нәтижесінде дамитын, еріксіз, стереотипті, баяу құрт тәрізді қозғалыстар. Жиі қол және аяқ саусақтары, аяқ-қолдың дистальді бөлігі зақымданады. Энцефалит, мый қанайналымы бұзылысы, бас-мый жарақаты, бас мыйының қыртыс асты қабатының өспелері кезінде стриарлы жүйенің (құйрықты ядро, скорлупа) зақымдануы кезінде дамиды.


ДЕРТТІК КҮШЕЙГЕН ҚОЗУ ОШАҒЫ (ДКҚО) – бұл бақыланбайтын, күшейген серпін ағымын өндіретін гиперактивті нейрондардың агрегаты.
Қалыптасу тетігі:

  • Нейрондардың тұрақты айқын деполяризациясы (қоздырылатын нейромедиаторлар, гипоксия ж.б.)

  • Нейрондар тежелуінің тапшылығы (ГАМҚ түзілуінің төмендеуі немесе қабылдағыштардың бөгелуі)

  • Нейрон деафферентациясы (шеткері ағзалардан тежегіш әсердің болмауы)

  • Нейрондар зақымдануы және олардың қоршауының өзгеруі.

тежелудің тапшылығы. ТЕЖЕЛУДЕН ШЫҒЫП КЕТУ синдромы
- ОЖЖ- нің төмен жатқан бөліктерінің жоғары жатқан бөліктердің бақылаушы әсерінен шығуы.

  • біріншілік - тежелу тетіктерінің тікелей зақымдануы әсерінен (тежелудің ГАМҚ ергиялық тетіктерін бұзатын сіреспе токсині, стрихнин, конвульсанттар)

  • салдарлық - нейрондардың шектен тыс белсенділігіне әкелетін, деполяризациялаушы агенттердің (қоздырғыш аминқышқылдарының) әсері.

¯

нейронның гиперактивтілігі және ДКҚО- ның түзілуі

Деафферентация синдромы - бұл


нейронға түсетін афферентті серпіндердің өшуі


¯
нейрон қозымдылығының жоғарылауы және тежелу тетіктерінің бұзылуы
¯
ДКҚО түзілуі
Қозу ошағы ОЖЖ- нің кез келген бөлігінде дамып, өзіне тән нейропатологиялық синдромдар шақыруы мүмкін. Ауыру сезімталдығының құрылымында (артқы мүйіз, таламус) қозу ошағының дамуы ауыру сезімін тудырады, ал құйрықты ядрода паркинсонизм көріністерін тудырады.
Қозу ошағы түзілуі және оның қызметі жүйке жүйесінде дерттік үрдістің дамуында әмбебап патогенездік эндогенді тетіктердің маңызы бар. Бұл тетік дерттік жүйе түзілу арқылы іске асады. Қозу ошағы ОЖЖ-нің басқа бөлімдеріне әсер ететін қасиетке ие болады, оларды организм үшін теріс әсері бар жаңа жүйенің қалыптасуына қатыстырады. ДКҚО осы дерттік жүйені және оның детерминантының басқарушысына айналады. Дерттік жүйенің мысалы ретінде, тәжірибе жүзінде жұлында қозу ошағын түзу жолымен алынатын дерттік қасу рефлексі болып табылады. Жануар алдыңғы аяғындағы рефлекстің таралу аймағын артқы аяғымен қасиды. Уақыт өте бұл қасулар күшті бола береді, кездейсоқ дамып, тін жыртылуына айналады. Дерттік жүйе нейропатологиялық синдромдардың – фантомды ауырулардың, әртүрлі фобиялар, қояншық ауруы, паркинсондық синдром ж.б. дамуына әкеледі.

ДКҚО ® дерттік детерминанта ® дерттік жүйе ® нейропатологиялық синдромдар (қояншық ауруы).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет