Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет18/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Тұжырым:
1. Кез келген ғылым саласы секiлдi әлеуметтік педагогика 
ғылымының да өз дамуында қолданатын зерттеу әдiстерi бар 
және олар өзiндiк ерекшелiкке ие.
2. Әлеуметтік педагогика ғылымының зерттеу әдiстерi жалпы 
педагогика ғылымының зерттеу әдістерін пайдаланады: теориялық 
және эмпирикалық әдiстер. Теориялық әдiстерге барлық теория 
жүзiнде қарастырылатын әрекеттердi, ал эмпирикалық әдiске 
барлық практикалық-әрекеттiк негiзде жүргiзiлетiн әдiстердi 
жатқызамыз.
3. Әлеуметтік педагогиканың зерттеу әдiстерi ғылымның да-
муына және орын алып отырған проблемаларды шешудiң жолда-
рын анықтау мақсатына қызмет етуi тиiс. 
4. Әлеуметтік педагогикалық әдiстердi қолдануда басқа ғы-
лымдар байланысы назардан тыс қалмайды. Мысалы, тәрбие 
әдістері, тарихи шолу мен жүйелеу әдістері, психологиялық кеңес 
беру әдістері, статистикалық мәлiметтердi пайдалану, салыстыр-
малы талдаулар жасау, математикалық есептеулер мен жобала-
улар педагогика салалары арасындағы және ғылымаралық байла-
нысты қамтамасыз етедi.


53
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. Зерттеу әдiсi ұғымына, әлеуметтiк-педагогикалық зерттеудiң негiз-
гi әдiстерiне сипаттама берiңiз.
2. Әлеуметтендiрудiң қозғаушы күшiнiң негiзгi көзi тұлғаның өмiрлiк 
сұранысы мен әлеуметтiк мүмкiндiгiнiң арасындағы қарама-қайшылықтар 
деп айтуға бола ма?
3. Әлеуметтiк зерттеу әдiстерi iшiндегi эксперимент пен тәжiрибелiк 
жұмыстың айырмашылығы неде деп ойлайсыз?
4. Әлеуметтiк-педагогикалық зерттеу жұмысын ұйымдастырудың негiз-
гi кезеңдерiн атаңыз.
5. Әлеуметтiк педагогикадағы теориялық және эмпирикалық танымның 
рөлiн ашып көрсетiңiз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет