ІХ ғасырдың басында қарлұқтар жеңіліс тауып, осы елге тәуелді болды:Ұйғыр қағанаты.
840 жылы қарлұқтар Ұйғыр қағанатын талқандады қырғыздармен бірге.
Қарлұқтардың Ұйғыр қағанатына қарсы жиырма жылға жуық уақытқа созылған күресі: жеңіспен аяқталды.
Ұйғыр қағанатын жеңгеннен кейін өзін «қаған» жария еткен Испиджаб қаласының билеушісі: Білге Күл Қадыр-хан.
ІХ ғасырдың ортасында қарлұқтарға қарсы «ғазауат соғыс» жариялаған: Самани әулеті (820-1005 жж.).
«Ғазауат соғыс» жариялаған, саманилердің басып алған Қарлұқ қағанатының қалалары: Испиджаб, Тараз.
v Саманилер Таразда мешіт салдырды, ал қала билеушісі Оғұлшақ қаған уақытша Қашқар қаласына кетуге мәжбүр болды.
Саманилерге қарсы күресті жүргізген Білге Құл-Қадырханның ұлдары: Базар Арслан мен Оғұлшақ.
Қарлұқтардың арабтарға қарсы күресі созылды: екі ғасырға жуық мерзімге.
v Бұл мезгілді екі үлкен кезеңге бөлуге болады:
1) 712-713 – 756 жж. Соғды, Шаш, ферғаналықтармен бірігіп жүргізген күрес кезеңі.
2) VIII ғ. екінші жартысы – IX ғ. аяғы қарлұқтардың арабтардан жиі жеңіліс тапқан кезеңі. Оның себебі, арабтар ислам дінін идеялық қару ретінде қолданады.
Қарлұқтардың қиын жағдайын пайдаланып, Баласағұн қаласын басып алып, Қарлұқ қағанатын талқандаған: 940 жылы Қашғардың түрік билеушілері.
Қарлұқ қағанаты Жетісуда үстемдік етті: екі жүз жыл.
Ø Шаруашылығы
Қағанаттың шаруашылығының дамуы негізінен екі бағытта болды:
v Жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығы.
v Отырықшы мал шаруашылығы.
Қосалқы шаруашылық – аң аулау. Кедейлер өзен-көлдерден балық аулаған.
Қарлұқтардың (түріктердің) балық аулаумен айналысқандықтарын дәлелдейтін балық аулауға қажетті құрал-саймандардың атаулары кездеседі: «Диуани лұғат ат-түрік» және «Араб-қыпшақ» сөздіктерінде.
«Қарлұқтар елінде 25 қала мен қонысбар. Олардың ішінде: Құлан, Мирки, Атлах, Балық, Барсхан, Талғар сияқты атақтылары бар» деп хабарлаған қолжазба: «Худуд әл-алам».
Қарлұқтар тұсында Шу және Талас өзендері маңында пайда болған қалалар: Құлан, Мерке, Қойлық.
? «Қаған қаласының халқы көп, бекінісі мықты, әскері және қару-жарағы мол» деп жазған:Әл-Идриси.
Ø Мәдениеті
Қарлұқтар ата-баба әруағына табынып, оларға құрмет көрсеткен.
Аталар зиратының басына қойылған тастан жасалған мүсіндер: балбал.
Зират басына құлпытас орнату, оған жазу жазып қою әдеті дами бастады:VII-VIII ғғ.
Көне түрік жазуының алғашқы даму кезеңі: Б.з.б. V ғасыр.
v Дәлел: Жетісуда табылған, мәйіттің жанына қойылған күміс зереннің түбіндегі жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |