Алғы сөз «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» Абай Кұнанбаев



бет2/26
Дата09.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#176322
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Балалар өмірінде ойын маңызы

Балабақшадағы ойынның маңызы
Зерттеу объектісі: балабақшада ойынды пайдалану арқылы баланың сабаққа ынтасын арттырып,қарым-қатынасты дұрыс жасай білуге бағыттау. 
Мақсаты: 
ойын арқылы балалардың тілге деген қызығушылығын дамытып қалыптастыру.
- ойын элементтерін қолдану арқылы салт-дәстүрді үйренуге,елін жерін сүюге тәрбиелеу.
Міндеті: ойынның тәрбиелік, дамытушылық мақсатын анықтау. 
ойын кезінде оқушының дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Болжамы: сабақ барысында ойын технологиясын ұтымды пайдалансақ, оқушының пәнге деген қызығушылығының артатынына, сөздік қорының молайғанына көз жеткізе аламыз. 
Теориялық негізі: Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озган, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.
Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады. Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады.Ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады. Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз. Баланың бірінші әрекеті ойын,сондықтан оның мәнісі ерекше.Ойын адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Қазақ халқының ұлы ойшылы А.Құнанбаев «Ойын ойнап ән салмай,өсер бала болар ма»,-деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын - баланың жан серiгi. Қай бала болмасын ойнап өседi. Әрбiр елдiң ойыны бол елдiн қоғамдық идеологиясына, тұрмыс - тiршiлiгiне, айналысатын кәсiп - шаруашылық ерекшелiктерiне байланысты. Ойын сырттай қарағанда анау айтқандай қиындықы жоқ, оп - оңай тәрiздi көрiнуi мүмкiн. Ал iс жүзiнде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тiл табысып, өзiнiң ойлаған ойын iске асыру оңай емес. Сондықтан тәрбиешiнiң мiндетi - балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Сонда ғана ойын өз мақсатына жетiп, тәрбиелiк мәнi арта түседi. Айталық, тәрбиешiнiң ұжымдық ойынды тартымды ұйымдастырып өткiзуi балалардың бiр - бiрiмен достық . Қатынастарының дұрыс қалыптасуының нышаны екенi сөзсiз. Ойын кезiнде жолдасының айтқанымен келiсiп, оны құрмет тұтудың өзi адамгершiлiкке бастайтын жол. Тәрбиешi ойын арғылы әр баланың игi бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттердi әрбiте, өзiндiк мiнез - құлқын қалыптастырады. Мәселен, Әлiм құмнан неше түрлi құрылыстарды өзi ойлап сала алады. Жанына келген Әсетке ол құмнан ғұрылыс салудың жолдарын барынтасымен айтып түсiндiредi. Болашақта осы Әлiмнен талантты ғұрылысшы шағуы әбден ықтимал. Әр баланың бойында өмiрге деген белгiлi бiр бейiмдiлiгi, сүйiктi iстерi болады. Әне соны дер кезiнде байғап, жан - жақты дамыта тәрбиелеу қажет.
Баланың әдептi, көргендi, қайырымды болып өсуi қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екенi мәлiм. Бала өмiрде көрген - бiлгендерiн, ойға түйгендерiн ойын арқылы қалай бейнелесе, бiздердiң, яғни үлкендердiң, көрсеткен үлгi өнегемiз қандай дәрежеде болса, балалардың да төлiмдiлiгi соны айқын бейнелейдi. Балалардың мейiрбандық қасиетi отбасындағы үлкен адамдардың өнегесiне, балабақшадағы тәрбиешi - апайының олармен күнделiктi қарым - қатынасы мен тәрбие жұмысын ұтымды жүргiзуiне байланысты қалыптасады. Үлкендердiң мейiрiмдiлiгi баланың сәби жүрегiн куаныш сезiмiне бөлейдi. Бала жаңа елiктегiш, ол үлкендердiң әсрекетiн үлгi ретiнде қабылдайда да, оны ойын кезеңдi айқын бейнелеуге тырысады. Балалардың бiр - бiрiмен достық қарым - қатынасының дұрыс қалыптасуында мақсатты жүргiзiлген жүйелi ойын процесiнiң тәрбиелiк мәнi мол. Балалардың достық сезiмi ойын кезiнде шыңдала түседi. Кiшкентайлар тобындағы сәбилердiң екi - үшеуден бiрiгiп ойнауы келе - келе ұжымдық бағыт алады.Бала табиғатының өзi тек ойынмен байланысты. Сәби шағындағы алғашғы қуыршақпен ойнауы баланың қамқорлық, ізгiлiк сезiмiн оятады да, әрi қарай өрбiте түседi. Мұндай iзгiлiк сезiм құрбылар арасындағы достық қатынастың қалыптасуына жағдай туғызады. Қай бала болмасын жеке - дара ойнағаннан көрi, бiрiгiп ойнаудың әлде қайда қызықты, мазмұнды болатынын айқын сезiне бастайды. Соның нәтижесiнде олардың ойынға деген қызығушылықтары артып, достықтары беки, нығая түседi. Ересектер тобының балалары алған бiлiмдерiне, өмiрден жинағтаған азды - көптi тәжiрибелерiне сқйене отырып, тәртiптерiн, мiнез - ғұлықтарын жағдайға ғарай бейiмдей алады. Балалардың өзара қарым - қатынастары тұрағты қажеттiлiкке айнала бастайды. Ойын кезінде баланы мәжбүрлеуге, ойынды бұзған балаларды бұл жерде жазалауға болмайды. Ойын соңында талдау жасап кім өзін қалай ұстағанын айтады. Баланың тілін дамытуда ойын мен ертегінің бала жүрегінің сабақта өте қуанышты жағдайын көрсетеді. Айтқым келіп отырғаны негізгі мақсат танымдық іс - әрекет қана емес, жеке қасиеттерін қалыптастырып ауызша жауап беру арқылы тілін дамыту. Ойын терапияны алғаш қолданған ағылшын психологы Анна Фрейд екінші дүние жүзілік соғыста Лондондағы бомбылауда зардап шеккен балалармен жұмысында көрсетті. Егер бала ойын кезінде өзінің уайымын көрсете, сөзбен жеткізе білсе ол қорқыныштан, уайымнан арылады. Ойын - балалар үшін тек сөз емес, ол тіл, сондықтан балаға дер кезінде көңіл бөле білу керек. Ойнап отырған жалғыз бала және ойнап жүрген балалар тобы педагогикалық тұрғыдан қарағанда екі түрлі жайт. Ойын балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі. Ойынның негізгі ерекшелігі. Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым –қатынасы үлкен роль атқарады.Сөйлесе жүріп,балалар пікірлесіп,әсер алысып,ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар:ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет