Қалмахан Ержан Сейтұлы


«Қҧран  оқылғанда  қҧлақ  қойып  тыңдаңдар,  ҥндемеңдер»



Pdf көрінісі
бет9/36
Дата16.06.2020
өлшемі407,48 Kb.
#73645
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36
Байланысты:
imammaturidi

«Қҧран  оқылғанда  қҧлақ  қойып  тыңдаңдар,  ҥндемеңдер».  Бұл  аятты 

тҽпсірлеу  барысында  намаз  оқып  тұрған  жамағаттың  Құран  аяттарын  оқып 

оқымау 

керектігі 

мҽселесіне 

тоқталады. 

Матуриди 

бұл 


жайында 

Пайғамбарымыздан  жеткен  кҿптеген  риуаяттарды  жинап,  арнайы  зерттейді. 

Соңында  «Намазда  имамға  ұйыған  жамағат,  Құран  аяттарын  оқымай  үндемей 

тұрады»  деген  қорытындыға  келеді.  Осылайша, пікір білдіргеннен  кейін  оның 

Құран, сүннет жҽне сахабалардың ижмасына



 да қайшы келмейтіндігін айтады. 



Ал  «Құран  аятын  оқуға  болады»  деген  риуаяттарды  теріске  шығармайды, 

керісінше ол риуаяттар намаздың жеке оқылуына қатысты айтылған деп түйеді.  

Яғни,  имам  Матуриди  тҽпсірінде  тақырыптарға  қатысты  Құранның  басқа 

да  аяттарын  дҽлел  ретінде  келтіреді.  Құран  аяттарымен  қатар  хадистерге  де 

орын берген. Бірақ, хадистерді толық зерттеп алмай тұрып қолданбаған.  

Имам Матуридидің фиқһ  ҽдістемесіне қатысты бірқатар еңбектері  де бар. 

Олар: «Китабу Мәһази-ш Шарай фи Усули-д-дин», «Китабу Мәһази-ш Шарай 

фи  Усули-л  фиқһ»,  «Китабу-л  Жәдал  фи  усули-л  фиқһ»,  «Китабу-л  Усул» 

немесе «Усулу-л фиқһ» және «әт-Тәһзиб фи Шәрхи-л Жамии-с Сағир». 

Кҽлам  ғылымына  қатысты  еңбектері:  «Китабу-т  Таухид»  (таухид  – 

Аллаһты  бір  деп  тану  кітабы),  «Китабу-л  –  мақалат»  (мақалалар  кітабы), 

«Китабу-р әр-Рәдду әла-л Қарамита» (Қарамиттерге қарсы жауап), «Китабу-р 

Рәдд  әла-л  Усули-л  Карамита»  (Қарамиттердің  ҽдістемесіне  қарсы  жауап), 

«Рәдду-л  усули-л  хамса  ли  Әби  Мухаммад  әл-Баһили»  (Ҽбу  Мухаммад  ҽл-

Баһилидің «Бес негіз (принцип)» атты кітабына қарсы жауап), «Китабу-л рәдди 

                                                 

 Исрайлият: Ҽһли кітап деректері. 





  Ижманың  фиқһ  ҽдіснамасындағы  мағынасы  –  Пайғамбарымыз  Мұхаммед  (саллаллаһу  алҽйһи  уҽ  сҽллҽм) 

үмбетінің мужтахид ғалымдарының Пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейінгі қандай да бір кезеңде белгілі бір 

діни үкімге бір ауыздан келісуі. 




 

 

18 



әуаилил-Әдилла  ли-л  Каъби»  (Кағбидің  «Дҽлелдердің  ҽуелгісі»  атты  еңбегіне 

қарсы  жауап  кітабы),  «Китабу рәдди  тахзиби-л жәдал  ли-л  Каъби»  (Кағбидің 

«Тартысты  түзету»  атты  еңбегіне  қарсы  жауап  кітабы),  «Рәдду  китаб  уаиди-л 

фуссақ ли-л Каъби» (Кағбидің «Пасықтардың барар орны» атты кітабына қарсы 

жауап),  «Рәдду  Китаби-л  Имәма  ли  Бадир  Рауафид»  (Бадир  Рауафидтің 

имамдық  кітабына  қарсы  жауап),  «Китабу  бәяни  уәһми-л  –  муътазилә» 

(Мұғтазилердің қиялын баяндау кітабы).  

Матуридидің  ақидаға  байланысты  сақталып  қалған  кітабы  –  «Китабу-т 

Таухид».  Бұл  еңбектің  негізгі  нұсқасы  қазір  Англияда  қолжазба  қорында 

сақталған. «Китаб-ут Таухид» кітабын алғаш рет 1970 жылы Бейрутта басылып 

шыққан. 


Аталмыш  еңбек  кҽлам  ілімінің  қайнар  кҿзі  болғандықтан  зерттеушілер 

оған ерекше мҽн берген. Еңбекті тіпті ҽл-Матуриди ілімінің негізгі жиынтығы 

деп  атауға  болады.  Автор  кҿптеген  еңбектерге  сүйенген  жҽне  оларды  жүйелі 

түрде меңгерген. 

Сондай-ақ,  онда  сол  кездегі  пікірталастар  мен  талқыланған  күрделі 

мҽселелер қамтылған.  

Имам Матуридидің күнімізге дейін жеткен осы еңбегінен-ақ, оның кҽлам, 

тҽпсір,  мҽзһабтар  тарихы,  құқық  жҽне  құқық  ҽдістемесі  ғылымдары  бойынша 

терең білім игергендігін байқауға болады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет