Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет36/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Исламдағы тазалық
абзал. жалпы діни тұрғыдан, денедегі шаштың, түктің, 
тырнақтың таза кезде алынғаны дұрыс. 
Дене  күтімінде  қолданылатын  күнделікті  бұйым-
дарды арнайы микроб түспейтіндей етіп сақтаған жөн. 
Өйткені,  тазарту  кезінде  денені  жарақаттап  алу  жиі 
кездеседі.  Таза  емес  құрал  қолданғаннан  жарақатқа 
микроб түсіп қабынуы, сөйтіп болмашы енжарлықтан 
үлкен машақат тууы әбден мүмкін.  
истинжа және истибра деген не? 
Зәр төккенде және ішті босатқаннан кейін тазала-
нуды  истинжа,  тазалану  барысында  тас,  кесек  пай-
далануды  истижмар,  дәрет  сындырған  соң  бір  ауық 
күтіп  несеп  жолында  зәр  қалмауын  қадағалауды  ис-
тибра дейді. Әсіресе ер адамдардың зәр сындырғанда 
мұқият болғаны абзал. Өйткені, бір тамшы зәр шықса 
дәрет  бұзылады.  Кейбір  ғұламалар  біле  тұра  истибра 
жасауға  көңіл  бөлмей  намаз  оқыған  адамды  дәретсіз 
намаз  оқығанмен  тең  тұтқан.  Хадисте:  «Зәрден  сақ-
таныңдар. Қабір азабының көбі содан болады»
26
, – деп 
мұсылмандарға истибра жасауға кеңес берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет