Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Әйелдердің хайыз, нифас және үзір халі



Pdf көрінісі
бет5/34
Дата15.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#53609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
ИСЛАМ ҒЫЛЫМХАЛЫ


Әйелдердің хайыз, нифас және үзір халі 

(истихада)

Аллаһ Тағала әйел затын рухы мен тәні жағынан 

ерлерге қарағанда бөлек жаратқан. Мысалы, әйел аса 

мейірімді, рақымды, тез қамығып, тез қуанатын сезімтал 

етіп жаратылған. Осы әйел затында хайыз, нифас, үзір 

халдері бар. Әйелдің балиғат жасына жетуі де хайыздың 

алғашқы көрінуімен басталады.

Хайыз

Хайыз  (етеккір)  –  әр  айдың  белгілі  күндерінде 

әйел адамдарда кездесіп, кей ғибадаттарына кедергі 

келтіретін қан. Әйел хайызы, Имам Ағзам мәзһабы бой-

ынша, шамамен тоғыз жасынан елу бес жасына дейін 

жалғасады. Хайыз пайда болған әйел намазы мен ораз-

асын дереу доғарады. Бірақ оразасының кейін қазасын 

ұстайды. Хайыз күндеріндегі намаздарының қазаларын 



«жеңілдік қағидасына» байланысты өтеуінің қажеті 

жоқ. Хайыздың ең аз мерзімі – үш күн. Ең көбі – он 

күн. Бұдан азды-көпті болса «үзір қаны» деп саналады. 

Хайыз қаны – Аллаһтың әйелдерге жазғаны. Хазіреті 

Хауа анамыздан бастап әрбір әйел хайыз көре келген. 


69

Тазалық

Пайғамбарымыз: «Бұл хайыз Аллаһ Тағаланың Адамның 



қыз ұрпақтарына  жазған нәрсесі», – дейді

58

.



Нифас

Нифас – әйел адам босанғаннан кейін пайда бола-

тын қан. Мұның белгілі бір мерзімі жоқ. Ханафилер 

бойынша, нифастың ең ұзақ уақыты – қырық күн. Умми 

Сәлама былай дейді: «Нифасты әйел Аллаһ Елшісі (с.а.у.) 

заманында қырық күн, қырық түн күтетін»

59

. Нифас 


мерзімінде нифас қаны кейбір күндері тыйылып, сосын 

қайта жалғасса тыйылған бұл күндер де нифас күндері 

болып саналады.

Хайыз бен нифас қандары тоқтаған кезде, ғұсыл 

алу қажет. Аллаһ Тағала былай дейді: «(Мұхаммед) 

олар сенен етеккір жайында сұрайды. Оларға: Ол 

жиіркенішті нәрсе, етеккір кезінде әйелдеріңнен алыс 

тұрыңдар. Оларға тазарғанға дейін жақындаспаңдар. 

Қашан олар толық тазарса, оларға Аллаһтың өздеріңе 

бұйырған жерінен жақындасыңдар де»

60

Әйелдер мұндай кездерде намаз оқи алмайды. Ораза 



да ұстай алмайды. Бірақ оразаның қазасын кейін өтейді. 

Қажылық кезінде Қағбаны тауап ете алмайды

61

. Құран 


оқи алмайды. Пайғамбарымыз: «Хайыз, жүніп болған 

әйел Құран оқи алмайды», – дейді

62

. Ханафилер бойын-



ша, мұндай кезде әйелдер Құранды жатқа дұға ниетінде 

58

  Бухари, Хайыз. 1,7.



59

  Әбу Дәәуд, Таһарат, 119.

60

  Бақара, 2/222.



61

  Бухари, Хайыз.20.

62

  Тирмизи, Таһарат,98



70

Ислам ғылымхалы

оқуына болады

63

. Сол секілді мешітке де кірулеріне бол-



майды. Бір хадисте былай айтылған: «Ешқандай хайыз 

әйел, жүніп кісі мешітке кіре алмайды»

64

. Етеккір кезінде 

жыныстық қатынас та жасай алмайды. Аятта былай ай-

тылады: «(Мұхаммед) олар сенен етеккір жайында 



сұрайды. Оларға тазарғанға дейін жақындаспаңдар...

де»

65

.

Әйелдің үзір қаны (итихада)

Үзір қаны – құрсақтан емес, дененің бір тамырынан 

ағатын қан. Балиғат жасына жеткен әйелдің үш күннен 

аз, он күннен артық аққан қаны хайыз қаны емес, үзір 

қаны болып табылады. Нифас болған әйелдің қырық 

күннен кейінгі және жүкті кезіндегі қаны да үзір қаны.

Әйелдің мұндай үзірі ғибадатқа кедергі келтірмейді. 

Тек дәреті болған кезде ақса, жарадан аққан қан секілді 

дәретті  бұзады.  Тоқтаусыз  жалғасса,  әйел  «үзірлі» 

қатарына  жатып,  әр  уақыт  намазға  арнайы  дәрет 

алады.


Дәрет

Дәрет – Исламда кейбір ғибадаттарды іске асыру 

үшін әрі жеке басына өзінше ғибадат саналатын арнайы 

тазалану түрі. Бұл – белгілі бір мүшелерді жуу және 

мәсіх етуден тұрады. Дәрет – негізінде дененің ең көп 

кірленетін мүшелерін тазалауды көздеген Исламдағы 

маңызды ғибадат. Сондықтан да дәретсіз намаз оқып, 

63

  ЗуҺайли, 1,470-471.



64

  Ибн Мажә, Таһарат, 92,

65

  Бақара, 2/222.



71

Тазалық

Қағбаға тауап ете алмайды. Құранды да дәретсіз қолмен 

ұстай алмайды. Бірақ ашық тұрған Құранның бетіне 

қарап оқи алады. Дәреттің осы дүниелік әрі ақыреттік 

пайдалары көп. Пайғамбарымыз бұл тұрғыда: «Кімде-

кім әмір етілгендей дәрет алып, әмір етілгендей намаз 

оқыса өткен күнәлары кешіріледі»

66

.

«Кімде-кім  дәрет  алып,  жүзін  жуғанда,  бет 

мүшелері жасаған күнәлары, аяқ-қолдарын жуғанда, 

сол мүшелермен жасаған күнәлары су тамшыларымен 

бірге ағып, тап-таза болады»

67

, – дейді.

Хазіреті Осман әңгімелейді:

«Пайғамбарызбен бірге едік. Дәрет алып жатқан 

бір кісіні көзі шалып, Аллаһ Елшісі сәл езу тартты. Мен 

мұның мәнісін білгім келіп:

– Не үшін күлдіңіз, құрметтім? – дедім. Ол кісі 

маған қарап:

–  Жаратушы  Иемнің  дәрет  алатын  құлына 

көрсететін ілтипатын ойлап езу тарттым. Дәрет 

алған кезде адам денесінің әр мүшесін жуған сайын, 

сол  мүшелерден  сумен  бірге  адамның  күнәлары  да 

сыздықтап ағып кетеді, – деп жауап берді.

Дәреттің парыздары

Құранда дәретке байланысты: «Ей, иман еткен-



дер! Намазға тұрарда жүздеріңді және қолдарыңды 

шынтаққа дейін жуыңдар. Бастарыңа мәсіх тартып, 

аяқтарыңды  екі  тобығына  дейін  жуыңдар»

68

  – 


делінген. Аятта төмендегідей төрт парыз айтылған:

66

  Бухари, Уду’,28.



67

  Муслим, Таһарат, 32.

68

  Маида, 5/6.



72

Ислам ғылымхалы

1.  Жүзді жуу: бұл жерде беттің бір рет жуылуы 

парыз. Мұның өлшемі–шаштың шетінен басталып, иек 

асты мен құлақтың түбіне дейінгі жерлерге, сақал, мұрт 

және қастардың түбіне су бару керек.

2.  Екі қолын жуу: екі қолын, білегін шынтағымен 

қоса бір рет жуу – парыз. Саусақтарының арасын, жүзігі 

болса, оның астына су баруын қадағалау қажет.

3.  Басқа  мәсіх  ету:  басының  төрттен  бірін  су 

қолымен немесе басқа жерде қолданбаған таза ылғалмен 

бір рет мәсіх ету – парыз. Муғира ибн Шуғбә былай 

дейді: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) дәрет алып басының алдын, 



сәлдесінің үстін және мәсілерін мәсіх етті».

4.  Аяқтарын  жуу:  аяқтарын  екі  тобығымен  бір 

рет жуу–парыз. Тобықтарды бірге жуу өте маңызды. 

Пайғамбарымыз: «Отта жанған сол тобықтардың халі 



неткен жаман», – деп қатты ескерткен

69

.

Дәреттің сүннеттері

1.  Ниет  ету.  Дәретке  іштей  ниет  ету  –  сүннет. 

Жүрекпен қоса тілмен ниет ету – мұстахап.

2.  Дәретке  бастаған  кезде  алдымен  қолдарын 

білектеріне дейін жуу – сүннет. Бірақ таза болмаған 

қолдарын  жуу  –  басқа  мүшелерді  кірлетпеу  үшін 

парыз.


3.  Дәретті «Ә’узу» және «Бисмиллаһпен» бастау. 

Пайғамбарымыз  (с.а.у.):  «Кімде-кім  дәрет  алғанда 



«Бисмиллаһ» деп бастаса, барлық денесін тазалайды. 

69

  Бухари, Илм, 30.



73

Тазалық

Кімде-кім дәрет аларда Аллаһтың атын еске алмаса, 

тек қана дәрет мүшелерін тазалайды»

70

.



4.  Мадмада мен истиншақ. Қолдарын жуғаннан 

кейін алдымен үш рет аузына су алып шайқап төгуді – 

мадмада, үш рет мұрнына су алып төгуді – истиншақ деп 

атайды. Бұл жайлы Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім 

дәрет алуға әзірленіп, алдымен мадмада, истиншақ, ис-

тиншар жасаса, сөз жоқ, сумен бірге аузы мен мұрнының 

күнәлары төгіледі»

71

.



5.  Мадмада мен истиншақта тереңдік: Су мадмада-

да тамаққа дейін, истиншақта кеңсірікке дейін барады. 

Бірақ аузы берік жандарға мұны жасауға болмайды. 

Сонымен қатар, аузы мен мұрнына суды рет-ретімен 

алу, суды жаңалау, оң қолымен алу, шалқалау және 

аузы берік адамдар мұрнының тек жұмсағына дейін су 

жіберу–мүәккад сүнеттерге жатады.

6.  Мисуак  қолдану.  Мисуак  –  араб  түбегінде 

өсетін, тісті тазалауға таптырмайтын ағаш. Ол жайында 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) көп өсиет еткен. Пайғамбарымыз 

(с.а.у.): «Мисуак – ауыздың тазалығы, Раббыңның да 

разылығы», – дейді

72

. Басқа бір хадисінде: «Үмбетіме 



ауыр келмегенде әр намаздың алдында мисуак қолдануды 

әмір етер едім», тағы бір хадисінде «Әр дәретпен бірге 

мисуак қолдануды әмір етер едім»

73

, – дейді.

«Мисуак қолдану – маңызды сүннет. Бұрынғылар осы 

хақында том-том кітаптар жазған. Бүгінгі зерттеушілер 

70

  әш-Шәукәни, Мухаммәд ибн Али. Нәйлу’л-Әутәр фи Шәрхи 



Мултәқәл’-Ахбар. Египет.т. 1. 135,

71

  Муслим, Мусафирун, 294.



72

  Бухари, Саум, 27.

73

  Муслим, Имарә, 103; Ханбәл, 1, 80.



74

Ислам ғылымхалы

мисуактың жаңаша ғылыми анализін жасап, жан-жақты 

терең зерттеу үстінде.

Сиуәктау – «тіс тазалау» деген сөз. Сондықтан, ми-

суакпен ғана шектеулі емес, саусақтармен, тұзбен, паста-

мен, т.б. нәрселермен де жасай алады. Бірақ мисуактың 

орны ерекше.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) күніне он бес рет мисуак 

қолданып, сүннет етуді әмір етіп, қазіргі тіс тазалығы 

мен  тіс  ауруына  деген  сақтықтан  әлдеқайда  басым 

түскен. Халықты былай қойғанда, тіс дәрігерлерінің 

өзі күніне бес-он рет тістерін тазалайды деп ойламай-

мын. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) кем дегенде күнделікті 

тіс тазалауының өзі осыған жететін. Пайғамбарымыз 

(с.а.у.) түнде бірнеше рет намазға тұрғанда сөзсіз мисуак 

қолданатын еді.

74

 Таң намазында, күн шығыс және сәске 



намаздарында, бесін, намаздыгер, намазшам және құптан 

намаздарында мисуак қолданатыны секілді, тамақтан 

кейін  де  тістерін  мисуакпен  тазалайтын.  Санайтын 

болсақ, Аллаһ Елшісінің алдыңғы айтқан сандардан 

әлдеқайда көп мисуак қолданғанына куә боламыз»

75

.



7.  Рет-ретімен  жасау.  Дәретте  мүшелерін  аятта 

берілген ретпен орындау. Яғни, алдымен қолды, бет-

жүзді, содан-соң екі білекті шынтағымен жуу, басты 

мәсіх ету, аяқтарды жуу.

8.  Дәретті оң жағынан бастау. Алдымен оң қол 

және оң аяқ жуылады. Хазреті Айша Пайғамбарымыздың 

(с.а.у.) барлық істі оңнан бастағанды жақсы көретінін 

айтады


76

.

74



  Бухари, Уду’ 73; Муслим, Таһарат 46,47,

75

  М. Фатхуллаһ, Мұхаммед пайғамбар − ғаламның рақым нұры. 



Дәуір баспасы, Алматы, 2004 ж. (ауд: Ахмет Әшен)

76

  Бухари, Салат, 47.



75

Тазалық

9.  Дәрет мүшелерін үш реттен жуу. Барлық дәрет 

мүшелерін үш реттен жуу – сүннет. Сондықтан не артық, 

не кем жуу сүннетке қайшы. Бірақ, әлбетте күмәнданып, 

қайта жуудың жөні басқа. Мәсіх бір рет қана істеледі.

10. Дәретте қолдарын, аяқтарын жуған кезде саусақ 

ұштарынан бастау.

11. Саусақтарды  салалау.  Дәрет  алғанда  қол 

мен  аяқ  саусақтарының  арасын  салалап  жуу  керек. 

Пайғамбарымыз  (с.а.у.):  «Саусақтардың  арасын 



салалаңдар. Олардың арасына жаһаннам оты кіріп, 

оларды салаламасын»

77

, – деді.

12. Сақалдарды салалау. Дәрет алған кезде тығыз 

сақалы  болғандар  қолдарын  сақалдарының  арасы-

на  кіргізіп,  жоғары  қарай  тартып  салалау  керек. 

Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  осылай  салалап:  «Раббым 



маған осылайша әмір етті», – дейді

78

. Қысқа не сирек 



сақалдардың араларына су кіру оңай болғандықтан жуу 

жеткілікті.

13. Қаптама  мәсіх  –  басына  толық  мәсіх  жасау. 

Шынашақпен (кіші саусақ) бірге үш саусақ ұшма-ұш 

келтіріліп, маңдайынан желкеге дейін осы үш саусақпен 

мәсіх етіп, желкеден соң алақанымен құлақ үстіндегі 

бастың екі жағы, сұқ саусақтарымен құлақтың ішін, 

бас бармақпен құлағының арты, саусақтар сыртымен 

мойынға мәсіх ету – сүннет. Тамақты мәсіх ету сүннетке 

жатпайды.

14. Дәрет мүшелеріне су құйып ысқылау.

15. Дәрет мүшелерінің бәрін бір уақытта жуу. Яғни, 

бірі құрғамай жатып, екінші мүшені жуу.

77

  Әбу Дәәуд, Таһарат, 56.



78

  Нәйлу’л-Әутәр, 1,148.



76

Ислам ғылымхалы

 Ысырап

Хатими Әсам атты ғұлама ысырапқа қатты көңіл 

бөлген. Бір ғалымның күнделікті өмірінде көп ысырап 

жасайтынын естіп, арнайы іздеп барады.

Үйіне келіп: «Мен дінді жаңа үйреніп жүр едім, маған 

ұстаз бол», – деп қолқа салады. Әлгі ғалым: «Алдымен 

не үйренгің келеді?», – деп сұрайды. Хатими Әсам: «Ал-

дымен маған дәрет алуды үйрет», – дейді. Бұны мақұл 

көрген ғалым баппен дәрет алып, әр мүшесін үш реттен 

жуып шығады. Бәрін бақылап отырған Хатими Әсам 

оған «Енді мен сенің көзіңше дәрет алайын, қателерім 

болса, түзетерсің» деп, дәрет алуға кіріседі. Алайда, 

шынтақтарына келгенде үш рет емес, төрт реттен жуады. 

Бұны байқап қалған ғалым:

–  Суды ысырап еттің, – деп ескертеді.

–  Мен қай жерде ысырап еттім? – деп қарсы сұрақ 

қояды сонда Хатими Әсам.

–  Қолдарыңды  шынтақтарыңмен  бірге  үш  рет 

жуудың орнына сен төрт рет жудың, – дейді ғалым.

Сонда Хатими Әсам оған қарап: «Мен бір ұрттам 

суды ғана ысырап еттім. Ал, сен күніге қаншама жақсы 

нәрсеге ысырап жасайды екенсің», – деген екен. 

Ғалым кісі Хатими Әсамның дін үйрену үшін емес, 

өзіне ысырап жөнінде сабақ беру үшін келгенін түсініп, 

үйіне кіріп, қырық күн тәубеге бас қойған екен.

* * *


77

Тазалық

Дәрет әдебі

1.  Дәрет алған кезде құбылаға қарау.

2.  Уақыт кірмей тұрып, дәрет алып, намазға әзір 

тұру.


3.  Дәрет алған кезде су шашырамас үшін жоғарылау 

жерде болу.

4.  Дәрет  алған  кезде  біреуден  себепсіз  жәрдем 

сұрамау. Бірақ біреу қатты қалап, құрмет етсе, әдепке 

қайшы емес. Муғира ибн Шуғбә сапарда Пайғамбарымыз 

(с.а.у.) дәрет алған кезде су құйған

79

.

5.  Дәрет алған кезде кең жүзіктерін қимылдату. 



Егер жүзік тар болса, қимылдатып, су кіргізу парыз.

6.  Дәретте ауыз бен мұрынға суды оң қолымен 

алып, сол қолымен шығару.

7.  Мойнын мәсіх ету. Кейбір кітаптарда мойынға 

мәсіх ету – мұстахап, мәндүп, әдеп деп айтылған.

8.  Мүшелерді  жууға  жетерліктей  ғана  су  алу. 

Теңізде болса да суды ысырап етуден сақ болу. Себебі, 

суды ысырап ету – мәкрүһ.

9.  Дәрет алғанан кейін шаһадат сөзін айту және 

дұға оқу. 

10. Дәрет кезінде зәру бір жағдай болмаса, сөйлеспеу. 

Өйткені, бөгдемен сөйлескенде дұға оқи алмайды.

11. Дәреттен  артылған  судан  түрегеп  тұрып, 

құбылаға қарап аздап су ішіп, «Я, Аллаһ Тағалам, мені 



әр күнә жасаған кезде тәубе етіп, күнәлардан бойын 

аулақ ұстап тазарған салиқалы құлдарыңнан ет» – деп 

дұға оқу. 

79

  Нәйлул-Әутәр, 1, 175.



78

Ислам ғылымхалы

12. Дәреттен кейін екі немесе үш рет Қадір сүресін 

оқу.

13. Дәреттен кейін мәкрүһ уақыт болмаса, екі рәкат 



нәпіл намазын оқу.

Дәрет мәкрүһтері

1.  Дәрет алған кезде өлшемнен тыс артық су пайда-

лану. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) дәрет алып жатып 

суды ысырап еткен адамға «өзеннің жағасында алсаң да, 

суды ысырап етпе» деп ескерткен.

2.  Суды бетке немесе басқа мүшелерге шашыратып 

жуу. Бұл әдепсіздікке жатады.

3.  Дәрет алу кезінде орынсыз сөйлеу.

4.  Лас жерде дәрет алу.

5.  Мұқтаж болмаса да басқалардан жәрдем сұрап, 

дәрет алуға су құйдыру.

6.  Аузы берік адамның мадмада мен истиншақта 

әсірелік жасауы. Мұнда тамаққа су кету қаупі бар.

Дәреттің дұғалары

Негізінде  дәрет  алған  кезде  айтылатын  дұғалар 

хадисте жоқ. Сәләфи ғалымдарынан бізге жеткен бұл 

дұғалардың оқылуын Ханафи мен Мәликилер мұстахап 

санаған.

1.  Дәрет алған кезде «Ә’узу» мен «Бисмиллаһ» 

деп мына дұға оқылады: 

ٌاروُهَط َءاَمْلا  َلَع َج ىِذَّلا ِ َّ ِل ُدْم َحْلأَ{ 

}اًروُن  َمَلا ْس ْلا   َلَع َج  َو

  Оқылуы:  «Әл-хамду  лил-ләһил-



ләзи жә’алал-маә тәһурән уә жа’әләл-исламә нура»

Мағынасы: «Суды тазартушы, Исламды нұр еткен 



Аллаһ Тағалаға шүкір».

79

Тазалық

2.  Ауызға су алғанда: 

ا ًسْاَك  َكِّيِبَن  ِضْو َح  ْنِم ىِنِق ْسا َّمُهللأ{ 

}اًدَبأ ُهَدْعَب ُأَم ْظأ َلا



 Оқылуы: «Аллаһуммас-қини мин хауди 

нәбиикә кә’сән ләә әдмәу бә’дәһу әбәдә». Мағынасы: 

«Аллаһым! Маған пайғамбарыңның хауызынан бір кесе 

су ішкіз. Сөйтіп мәңгі бақи шөлдемейтін болайын».

3. Мұрынға су тартқанда: 

َكِميِعَن َََََة َحِئاَر ىِنْمِر ْحَت َلا َمُهللأ{ 

} َكِتاَّن َج َو



 Оқылуы: «Аллаһумма ләә тахримни раайх -

та найймика уә жәннәтик». Мағынасы: «Аллаһым! 

Мені нығметтерің мен жәннаттарыңның хош исінен 

мақұрым етпе».

4. Жүзін жуғанда: 

ٌهو ُجُو  ُّضَيْبَت َمْوَي  َكِروُنِب ىِه ْجَو  ْضِّيَب َّمُهللأ{ 

 }ٌهو ُج ُوُّدَو ْسَت َو

 Оқылуы: «Аллаһумма бәййд уәжһи би-

нурикә иаумә тәбиәдду ужуһун уә тәсуәдду ужуһ»

Мағынасы: «Аллаһым! Кейбір жүздердің ағарып, кейбір 



жүздердің де қараятын күні менің жүзімді жарқын 

ет!».

5. Оң қолын жуғанда: 

يِنْبِسا َح َو يِنيِمَيِب يِباَتِك يِنِطْعَا َّمُهللأ{ 

}اًريِسَي ًاباَس ِح

 Оқылуы: «Аллаһумма а’тини китәби би-

иәмини  уә  хасибни  хисабан  иәсирә».  Мағынасы: 

«Аллаһым! Маған кітабымды оң жағымнан бер және 

беретін есебімді жеңілдет!».

6. Сол қолын жуғанда: 

ْنِم َلا َو يِلاَم ِشِب يِباَتِك  ِطْعُت َلا َّمُهللأ{ 

}اًديِد َش ًابا َس ِح يِنْبِسا َحُت َلا َو يِرْهَظ ِءاَرَو



 Оқылуы: «Аллаһумма 

ләә ту’ти китаби бишимәәли уә ләә мин уәрәәи заһри уә 

ләә тухаасибни хисәбән шәдидә». Мағынасы: «Аллаһым! 

Маған кітабымды солымнан да, арқа жағымнан да 

берме. Мені ауыр есепке тартпа».

7. Басқа мәсіх еткенде: 

ْنِم  َّيَلَع  ْلِزْنَا َو  َكِتَم ْحَرِب يِن ِّشَغ َّمُهللا{ 

} َكِتاَكَرَب

 Оқылуы: «Аллаһумма ғашшини бирахмәтикә уә 


80

Ислам ғылымхалы

анзил а’лаййа мин бәрәкатик». Мағынасы: «Аллаһым! 

Мені рақымыңа бөлеп, берекетіңді жаудыр».

8. Құлақты мәсіх еткенде: 

َنوُعِمَت ْسَي َنيذَّلا َنِم يِنْلَع ْجا َّمُهللأ{ 

}ُهَن َس ْحا َنوُعِبَّتَيَف َلْوَقْلا



 Оқылуы: «Аллаһуммаж’ални минәл-

ләзинә иәстами’унәл-қаулә фә иәттәби’унә әхсәнә»

Мағынасы:  «Аллаһым!  Мені  хақ  сөзді  естіп,  ең  ізгі 



жолмен жүрушілерден ет!»

9.  Мойнын мәсіх еткенде: 

}ِراَّنلا  َنِم ىِتَبَقَر  ْقِتْعا َّمُهللأ{

 

Оқылуы: «Аллаһумма а’тиқ рақабәти минән-нәр»

Мағынасы: «Аллаһым! Денемді жаһаннам отынан азат 

ет!».

10.  Аяқты жуғанда: 

ِهيف  ُّلِزَت َمْوَي  ِطاَر ِصلا ىَلَع َّيَمَدَق  ْتِّبَث َّمَهللأ{ 

}ماَدْقَلاا

 Оқылуы: «Аллаһумма сәббит қадамайиә ‘алас-

сирати  иаумә  тәзиллу  фиһил-ақдам».  Мағынасы: 

«Аллаһым! Аяқтардың таятын күні екі аяғымды тура 

жолда мығым ет!».

Дәретті бұзатын нәрселер

1.   Үлкен-кіші дәрет, қан, мәни, мәзи, уәди секілді 

нәжісаттың немесе қандай бір сұйық, не қою нәрсенің 

шығуы.


2.   Мұрыннан немесе дененің кез-келген жерінен 

қан, ірің секілді нәрселердің шығуы. Ауыздан келген 

қан егер түкіріктің көлеміндей немесе түкіріктен көп 

болса, дәретті бұзады. Аз болса бұзылмайды. Дененің 

басқа жерінен шыққан қан айналасына жайылса, дәретті 

бұзады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Әрбір аққан қан үшін 



дәрет алу керек», – дейді. Егер ине ұшындай бір қан 

шығып, қатып қалса дәретке зияндығы жоқ. Тіпті оны 

қолмен сүртіп не үгітіп тастау да дәретті бұзбайды. Сол 

секілді жарадан аққан ірің мен сары су да қан секілді.



81

Тазалық

3.   Жел шығуы. Хадисте желдің шығып-шықпағаны 

жайлы  күмәнданған  адамға  желдің  дыбысы  яки  исі 

сезілмейінше, дәреттің бұзылмайтыны жайлы айтыла-

ды

80



4.   Аузы толып құсу. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Құсу 

– дәретті бұзады», – дейді

81

.  Ауыз тола су, тамақ, қан, 



запыран  секілді  құсықтар  дәретті  бұзады.  Қақырық 

түкірік секілді болғандықтан дәретті бұзбайды.

5.   Намазда дауыстап күлу. Бұл – жанындағы адамға 

естілетіндей күлуі. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім 



намазда дауыстап күлсе, дәретін жаңалап, намазын 

қайта оқысын» дейді

82

.



6.  Ақыл-есінен  айыратын  жағдайлар  дәретті 

бұзады.  Ұйықтау,  ақылына  нұқсан  келу,  талу,  мас 

болу секілді жағдайлар. Бірақ ұйықтау мәселесі басқа. 

Егер адам бір нәрсеге сүйеніп немесе жантайып жатса, 

я  болмаса  аяқтарын  созып  отырып  ұйықтаса,  дәрет 

бұзылады. Өйткені, мұндай еркін ұйықтаған жағдайда 

жел шығу ықтималы бар. Бірақ адам жерге жақсылап 

отырып, ешбір жерге сүйенбесе немесе намазда қиямда, 

рүкүғта, сәждеде ұйықтаса, тіпті намаздан тыс осылайша 

ұйықтаса, дәреті бұзылмайды.

7.  Жыныстық қатынаста болу.

8.  Ерлі-зайыптылардың жыныс мүшелерінің киімсіз 

бір-біріне тиюлері.

9.  Мәсілерге  мәсіх  етілгеннен  кейін  жергілікті 

тұрғынға бір күн, бір түннің, ал жолаушыға үш күннің 

80

  Бухари, Уду’, 34.



81

  Тирмизи, Таһарат, 64.

82

  Зәйлаи, Хафз Абдуллаһ ибн Юсуп. Насбур-Раиә ли Ахадиси 



Һидаиә. 1973. 1, 47-54.

82

Ислам ғылымхалы

өтуі немесе мәсіх етілгеннен кейін сол уақыт ішінде 

мәсінің біреуін болсын шешуі.

10. Үзірлі адамның алған дәретінің уақыты шығуы. 

Белгілі бір себебі бар, мысалы, тісі қанай беретін адам 

әр намаз уақытының ішінде сол уақыт үшін дәрет алу 

керек. Жаңа азан оқылғанда сол уақытқа арналып алған 

дәреті бұзылады да, оған жаңа уақыт үшін қайта дәрет 

алуы қажет.

11. Тәйәммүм жасаған адамның суға қолы жетуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет