Алматы энергетика және байланыс институты Физика кафедрасы


 Электростатикалық өріс және оның сипаттамалары



бет27/49
Дата07.02.2022
өлшемі427,65 Kb.
#87686
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49
Байланысты:
Алматы энергетика және байланыс институты

9.1 Электростатикалық өріс және оның сипаттамалары
Бөлшектердің электр заряды электромагниттік әсерлесудің қарқындылығын анықтайтын негізгі сипаттамалардың бірі болып табылады. Оның негізгі қасиеттері:
 электр зарядының екі түрі болады: оң және теріс. Атомдарда электрондардың заряды теріс, ал ядросының заряды оң болады;
 электр заряды релятивистік–инвариантты: ол заряд тасымалдаушылардың қозғалысы кезінде өзгермейді, яғни оның шамасы санақ жүйесіне тәуелсіз;
 электр заряды аддитивті: кез келген жүйенің заряды әрқашанда жүйені құрайтын бөлшектердің зарядтарының алгебралық қосындысына тең;
 электр заряды дискретті, яғни кез келген заряд е – элементар зарядтардан тұрады: q=±Ne, мұндағы е=1,61019 Кл. Бұл қасиет электр зарядының кванттылығы деп аталады.;
 оқшауланған электрлік жүйенің заряды өзгермейді. Бұл қасиет электр зарядының сақталу заңы деп аталады.
Келтірілген қасиеттер фундаменталды заңдар, олар басқа заңдардан қорытылып шығарылмайды және осы қасиеттерді теріске шығаратын құбылыстар кездескен жоқ.
Нүктелік электр заряды –берілген есепте өлшемі және пішіні ескерілмейтін зарядталған дене.
Электр зарядтарының сызықтық тығыздығы
,
мұндағы  -ұзындығы зарядталған сызықтың элементар бөлігінің заряды.
Электр зарядтарының беттік тығыздығы
,
мұндағы  - зарядталған беттің  элементар бөлігінің заряды.
Электр зарядтарының көлемдік тығыздығы
,
мұндағы  - зарядталған дененің элементар көлемінің заряды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет