АЛОЭ ӨСІМДІГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім 2.1. Алоэ өсімдігінің сипаттамасы 2.2. Алоэ өсімігін практика жүзінде қолдана отырып, емдік қасиеттерін анықтау.
ІІІ. Қорытынды
ІУ. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе «Алоэ өсімдігінің емдік шипасы» деген қағиданы ұстана отырып алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерін зерттеуге бел будық. Біздің бүгінгі таңда қорғағалы тұрған тақырыбымыз «Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері». Бізді жалпы өсімдік атауының адам өміріне, олардың денсаулығына тигізетін пайдасы, қасиеттері қызықтыра бастады. Қоршаған ортаның адамдарға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Соның ішінде дәрілік өсімдіктердің адам өміріне тигізетін маңызы зор екеніне ешкім күмән келтіре алмас. Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген.
Көп ізденіп зерттеу барысында өсімдіктердің емдік қасиеттері туралы деректер жинала бастады. Атап айтсам, бөлме өсімдіктерінен емдік мақсатта алой (алоэ), орыс халқы оны «столетник» (жүзжылдық) деп те атайды, герань, фикус, кактус т. б. өсіремін. Қазіргі технология қарқындаған заманда ауаның түрлі себептермен ластануына байланысты адамдарда көптеген ауру түрлері көбейіп отырған жайы бар. Сол ауруларды өсімдіктермен емдеу жолдарын білген әрбір адамға тиімді болар еді. Өкінішке орай аяғымыздың астында өсіп тұрған емдік қасиеті жоғары өсімдікті тани бермейміз. Егер әрбір саналы, сауатты Қазақстан азаматы, азаматшасы өз елінің табиғат сыйлаған сыйын танып, қолдана білсе, салауатты өмір кепілі болмас па еді. Олай дейтінім ерінбей бар затты пайдалану керек. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демей ме атам қазақ.
Сондықтан табиғаттың сыйға тартқан дәрілік өсімдіктерін тану, оларды зерттей білу, қасиеттерін ашу мен үшін алға қойған басты мақсат деп білемін.
Қоғам бар жерде адам бар. Адам бар жерде түрлі аурулар бар. Бірақ,сол мәселені шешу жолдарын іздестіру қазіргі таңда әр адамның саналы қорғанысында.