51
3 ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Әлеуметтік лингвистика пәнін белгілі ғалым
Н.Б.Мечковская
«
Социальная лингвистика» атты оқу құрылында негізгі үш
мағынада түсіндіруге болады деп қарастырыды:
Біріншіден,
бұл «Тіл және қоғам», яғни тіл мен қоғам арасындағы өзара
қатынастың барлық түрлерін (тіл және мәдениет, тіл және тарих,
тіл және этнос, тіл және дін, тіл және мекте, тіл және саясат, тіл
және бұқаалық қарым-қатынас т.б.) қамтитын тіл білімінің саласы.
Екіншіден
, әлеуметтік лингвистика пәнін кейде сөйлеушілердің
тіл таңдау жағдаятынан көруге болады. Тілдік қатынаста үнемі
қандай да бір тілді не оның вариантын таңдау мүмкіндігі тұрады.
Айталық, қостілділік жағдайында сөйлеуші белгілі бір тілді
таңдайды, оны таңдап алған соң енді сол тілдің әдеби түрінде ме,
диалектісінде сөйлеу ме, әлде кітаби, әлде ауызша түрі ме, ресми
терминді қолдана ма, не оның қарапайым синонимін пайдалана ма
деген таңдаудың алдында тұрады.
Үшіншіден,
әлеуметтік лингвистиканы кейде сөйлеушілердің
түрлі әлеуметтік және жас ерекшелігіне қарай топтарындағы тілдің
қолданылу жағдайын зерттейтін пән ретінде түсініледі. Шын
мәнінде бұл лингвистикалық социологияның нысаны, яғни мұнда
қоғамның әлеуметтік құрылымын бұрыннан белгілі әлеуметтік
белгілермен қарастыра отырып (әлеуметтік жағдайы, білімі, кірісі,
қызығушылық мінездемесі, саяси ұстанымы т.б.) тілді қолдануы
бойынша бөлектеп көрсетеді: орта білімді адамдар көбінесе былай
сөйлейді, жоғары білімділер осылай сөйлейді, ал гуманитарлық
бағыттағы жоғары оқу орнын бітірмегендер олай сөйлемейді т.б.
[19, 207.].
Біздің қарастыруымызда әлеуметтік лингвистика пәні кең
мағынада (бірінші көрсетілген мәнде) түсініледі.
Достарыңызбен бөлісу: