Байланысты: Білім берудің ізгілендіру технологиясының негізін қалаушы Ш.А. Амонашвили.
Мұғалімнің басқарушылық қағидалары: Бала тұлғасын құрметтеу қағидасы; Баланың қалыптасуында - ұстамды, сабырлы болуы. Мұғалімнің өсиеттері: Бала қабілетінің шексіздігіне деген сенім; Өзінің педагогикалық қабілеттеріне деген сенім; Балаға деген ізгілік қадамның күшіне сенім. «Ондаған, жүздеген жолдардың, оқушы мен оқытушы арасындағы руханилықтың байланыстырушысы бұл-жүрекке деген адами жолдың, ең маңыздылары ол мұғалім мен оқушы арасындағы серіктестік. Біз мұғалім мен оқушыны рухани тұтастықтың қалыптастырылуына тырысамыз» - дейді Ш.А. Амонашвили өз еңбектерінде. Ізгілікті–адамгершілік үрдісіндегі мұғалімнің негізгі ұстанымдары: Мұғалімнің заңдары: Баланы сүю; Баланы түсіну;
Ізгілік педагогикасының үш постулаты: Баланың бойындағы жоғарғы рухани бастауы оның жарқын тағдырына, шексіз кемелдену мүмкіндігіне деген сенім. Өз бойындағы жоғарғы рухани бастауға, оның жарқын болашақ тағдырына шексіз кемелдену мүмкіндігіне деген сенім. Тек ізгі әдістердің күшіне деген сенім - Ізгілікті тұлға педагогикасы- Ізгі Адам тәрбиелеуді өзінің басты мақсаты етіп қояды. - Ізгіліктік педагогика- педагогиканың рухани аспектілерін анықтай отырып, оның жаңа Ізгіліктік қырын ашады. - Рухани-ізгіліктік педагогика- Руханилық және Ізгілік ұғымдары тығыз байланысты, ол екеуі ізгілік педагогикасының негізін құрайды. Ізгілік педагогикасының идеясы: - Педагогикалық үдерісте баланың шынайы адами құндылықтарды танып білуі және оны меңгеруі; - Педагогикалық үдерісте баланы әлеуметке қарсы бағыттайтын тәсілдердің қолдануына жол берілмеуі; - Педагогикалық үдерістерге адами сипат беру; - Мектеп ұжымы өмірінің заттық-материалистік және рухани ортасын, моральдық- психологиялық ортасын ізгілендіру.